Қоғам

ҰҚК заңсыз қару-жарақ сатқан қылмыстық топты ұстады

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLАрхив
Архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құзырлы орган мамандары қылмыс топтан 3 гранатаатқыш, 2 "Калашников" автоматы, 5 пистолет, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік патрон тәркілеген

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан құралған қылмыстық топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі.

2019 жылдың 5 маусымында ҰҚК "А" арнаулы мақсаттағы тобы ауқымды арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде қылмыстық топтың 6 қатысушысы ұсталған.

"Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті. Олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан. Тінту жүргізу барысында 3 гранатаатқыш, 2 "Калашников" автоматы, 5 тапанша, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш", сондай-ақ әртүрлі калибрдегі 1400 бірлік патрон табылып алынды", - делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, күдіктілердің бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана анықталған.

Тағы оқыңыз: ҰҚК Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топтың алты мүшесін ұстады

"Сондай-ақ бұл жерден көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және  басқалары) алынды", - делінген хабарламада.

Тіркелген факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оның аясында тергеу тобы құрықталған қылмыстық топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамды, әрі криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды.

Жаңалықтар
0