Қоғам

Бүгін - Қазақстанда президент сайлауы

© Sputnik / Владислав Водневпрезидент сайлауы
президент сайлауы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дауыс беру таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Бүгін Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

2019 жылдың 19 наурызында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, отставкға кететінін мәлім етті. Конституция бойынша мемлекет басшысының міндеті сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтті. 2019 жылдың 9 сәуірінде Тоқаев халыққа үндеу жариялап, кезектен тыс президент сайлауын 2019 жылдың 9 маусымына белгіледі.

Президент болуға үмітті кандидаттар

Президенттікке кандидаттарды ұсыну 10 сәуірде басталды. Төрт партия мен бес қоғамдық бірлестік саяси додаға түсетін үміткерлерін ұсынды. Әрбір кандидат өзін қолдаған 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс еді. Кандидаттарды тіркеу кезеңі 11 мамырға дейін созылды.

Қазақстан құрылысшылары одағының атынан ұсынылған үміткер Талғат Ерғалиев 29 сәуірде ойынан айнып қалды. Ал 2 мамырда "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен сайлауға түспекші болған Жұматай Әлиев қазақ тілінен емтихан тапсыра алмай, сүрінді.

Сонымен, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

Кандидаттардың ұстанымдары

Сайлауалды үгіт-насихат кезінде барлық кандидаттар өздерінің негізгі ұстанымдарын жариялады. Мәселен, 58 жастағы Жамбыт Ахметбеков ұрланған капиталдарды халыққа қайтаруға мүдделі. Ал жалғыз кандидат әйел Дания Еспаева халықтың қалтасын жұқартатын тұрақты девальвация тәжірибесін тоқтатамын деп отыр.

© Sputnik / Владислав ВодневСайлау учаскесі
Бүгін - Қазақстанда президент сайлауы - Sputnik Қазақстан
Сайлау учаскесі

55 жастағы Әміржан Қосанов Қазақстанды шынайы демократиялық мемлекет ретінде қайта құрамын десе, кандидат Төлеутай Рақымбеков ауылдар мен қалалардың әлеуметтік теңдігін қамтамасыз етпек. Амангелді Таспихов болса, монополияға шектеу қойып, бәсекелестікті барынша дамытпақшы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біздің қоғамымызда биліктің ашықтығына, мемлекет пен қоғамның диалогына деген мұқтаждық бар. Ал мемлекет әділдікке қарай қадам жасауға дайын.

Кандидат Сәдібек Түгел Ұлы дала мәдениетін жаңғыртамын деп отыр. "Мұнай-газ және басқа да табиғи қазба байлықтарынан түскен пайда Норвегия мен Араб Әмірліктері сияқты әрбір қазақстандыққа бөлініп берілуі керек", - деп атап көрсетті Түгел.

© Sputnik / Абзал КалиевСайлауалды үгіт-насихат 8 маусымға дейін жалғасты
Бүгін - Қазақстанда президент сайлауы - Sputnik Қазақстан
Сайлауалды үгіт-насихат 8 маусымға дейін жалғасты

Сайлау нешеде басталады

Қазақстандықтар бүгін, 9 маусымда жергілікті уақытпен таңғы 07:00-ден бастап кешкі 20:00-ге дейін дауыс бере алады. Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 9 970 (48 учаске 06:00-де ашылады). Шетелдегі қазақстандықтар үшін 51 елде 65 учаске жұмыс істейді.

Президенті сайлауының қорытындысы

Сайлау учаскесiнде дауыстарды санау уақыты санау басталған кезден бастап он екi сағаттан аспауы тиiс. Сайлаудың алдын ала қорытындысы 10-11 маусымда шығарылады.

Сайлау қорытындылары туралы хабар сайлау өткізілген күннен бастап он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.

© Sputnik / Владислав ВодневСайлау учаскелері таңғы сағат жетіде ашылады
Бүгін - Қазақстанда президент сайлауы - Sputnik Қазақстан
Сайлау учаскелері таңғы сағат жетіде ашылады

Айта кетсек, Қазақстанда жалпыхалықтық президент сайлауы бес рет – 1991, 1999, 2005, 2011 және 2015 жылдары өткізілді.

Головкиннің жекпе-жегі тұспа-тұс келді

Қазақстандықтар осы жексенбіде жаңа президентті сайлау үшін ғана емес, Геннадий Головкиннің жекпе-жегін көру үшін де ерте оянады. GGG кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісінен кейін канадалық Стив Роллспен жұдырықтасады. Нұр-Сұлтандағы барлық сайлау учаскесі жекпе-жекті трансляциялауды жоспарлап отыр.

Жаңалықтар
0