Қоғам

Асқар Мамин президент сайлауында дауыс берді

© Photo : пресс-служба премьер-министра Республики КазахстанАсқар Мамин
Асқар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Премьер дауыс берген сайлау учаскесінде 2 999 сайлаушы тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана" концерт залында ашылған №138 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды үкімет басшысының баспасөз қызметі.

Мамин алғашқылардың бірі болып өзінің азаматтық парызын орындауға келді.

Тағы оқыңыз: Алғаш болып дауыс берген қазақстандық кім?

Айта кетсек, № 138 сайлау учаскесінде 2 999 сайлаушы тіркелген.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды, дауыс беру жергілікті уақытпен 20:00-ге дейін жалғасады. Республика бойынша 10 мыңға жуық сайлау учаскесі жұмысын бастады.

© Sputnik / Тимур Батыршин10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,8%-і өз таңдауын жасап үлгерді
Асқар Мамин президент сайлауында дауыс берді - Sputnik Қазақстан
10.00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 12,8%-і өз таңдауын жасап үлгерді

Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де ашылды.

10.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8%-і президент сайлауында өз таңдауын жасап үлгерген.

Жаңалықтар
0