Қоғам

Орталық сайлау комиссиясы: қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді

© Sputnik / Стефановс АлексейсСайлау 2019
Сайлау 2019 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтар республика бойынша ашылған он мыңға жуық сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Елорда уақытымен сағат 18:00-дағы жағдай бойынша тізімге енген сайлаушылардың 72,9%-і дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша – 81,0%
  • Ақтөбе облысы – 84,1 %
  • Алматы облысы – 86,3 %
  • Атырау облысы – 71,1 %
  • Шығыс Қазақстан облысы – 77,2%
  • Жамбыл облысы бойынша – 73,8%
  • Батыс Қазақстан облысы – 66,2%
  • Қарағанды облысы – 72,8%
  • Қызылорда облысы – 69,1%
  • Қостанай облысы – 81,1%
  • Маңғыстау облысы – 65,7%
  • Павлодар облысы – 73,1%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 75,7%
  • Түркістан облысы – 78,8%
  • Нұр-Сұлтан қаласы – 63,7%
  • Алматы қаласы – 49,2%
  • Шымкент қаласы – 63,6%.

Тағы оқыңыз: Самал Еслямова дауыс беру үшін Қазақстанға арнайы келді

Айта кетсек, сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда сайлаушылардың 12,8 % дауыс беруге келген. Ал 12:00-ге қарай қазақстандықтардың 35,1%-і өз таңдауын жасады. 14:00-дегі мәлімет бойынша тізімге енгізілген сайлаушылардың 51,8%-і сайлау бюллетенін алды. 16:00-ге қарай өз таңдауын жасаған қазақстандықтар саны 65,9 процентке жетті.

2015 жылы 26 сәуірде өткен президент сайлауында сағат 18:00 кезіндегі жағдай бойынша сайлаушылардың 89,69%-і дауыс берген.

Сайлау - 2019

Сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы 07:00-де жұмысын бастады. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады. Қазақстан бойынша он мыңға жуық сайлау учаскесі ашылды.Уақыт белдеуіне байланысты Қазақстанның бес өңірінде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында сайлау учаскелері елорда уақытымен 08:00-де жұмысын бастады.

© Sputnik / Меруерт АлимоваДауыс беруге келген Көкшетау қаласының тұрғындары
Орталық сайлау комиссиясы: қазақстандықтардың 72,9%-і дауыс берді - Sputnik Қазақстан
Дауыс беруге келген Көкшетау қаласының тұрғындары

Аталған учаскелерде тізімге енгізілген сайлаушылар саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құрап отыр.

Президенттікке үміткерлер

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;

"Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;

"Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;

"Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;

Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;

Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;

"Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 

Жаңалықтар
0