Қоғам

Шетелдегі 8 мыңнан аса қазақстандық сайлауда өз таңдауын жасады

© Sputnik / Алексейс СтефановсШетелдегі қазақстандықтар
Шетелдегі қазақстандықтар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматтарының кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 64 сайлау учаскесі құрылған

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. 19:00-дегі жағдай бойынша шетелдегі сайлау учаскелерінде 8322 қазақстандық дауыс берді. Бұл туралы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Роман Василенко мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

© Sputnik / Стефановс АлексейсЕлшілікте дауыс беруге келген қазақстандықтар
Шетелдегі 8 мыңнан аса қазақстандық сайлауда өз таңдауын жасады - Sputnik Қазақстан
Елшілікте дауыс беруге келген қазақстандықтар

Ол Қазақстан азаматтарының кезектен тыс президент сайлауында дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін 64 сайлау учаскесі құрылғанын атап өтті. Шетелде сайлауды ұйымдастыру үшін Қазақстанның сыртқы істер министрлігінде бұл күндері тәулік бойы жұмыс істеген тиісті штаб құрылды.

"9 маусымдағы жағдай бойынша шетелдегі сайлаушылар тізіміне Қазақстаның 15 349 азаматы енгізілді. Шетелде дауыс беру процесі тыныш өтіп жатыр. 12 учаскеде Қазақстанның коммерциялық емес ұйымдарынан, қоғамдық бірлестіктер мен ТМД миссиясынан 35 бақылаушы бар. Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-дегі жағдай бойынша шетелде 8 322 қазақстандық дауыс берді. Бұл тізімге енген сайлаушылардың 54,2 процентін құрайды", - деді Василенко брифингте.

Айтуынша, шетелдегі сайлау учаскелері жергілікті уақытпен таңғы жетіден кешкі сегізге дейін жұмыс істейді. Уақыт айырмашылығына байланысты Азияда орналасқан сайлау учаскелері жұмысын аяқтап, дауыс санауға кіріскен. Ал Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де ең соңғы болып Вашингтон, Нью-Йорк және Оттавадағы сайлау учаскелері ашылды.

Президенттікке үміткерлер

Қазақстан президенттігіне жеті адам үміткер:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел. 
Жаңалықтар
0