Бақыт Сұлтанов

Бақыт Сұлтанов әкім болған 9 айдың ішінде не істеп үлгерді

510
(Жаңартылды 17:18 14.06.2019)
Сұлтанов баспана беру жүйесін өзгертіп, проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау бойынша жол картасын әзірледі

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik, Арман Асқар. Бақыт Сұлтанов елорданың әкімі болып тура 9 ай жұмыс істеді. Бұл – антирекорд. Оған дейін бірде-бірде әкім осыншама аз уақыт отырмаған. Дегенмен, оның тұсында көпбалалы аналардың баспана мәселесі шешіле бастады. Әрине, оған Көктал-1 кентіндегі трагедия да әсер етпей қоймады. Sputnik Қазақстан тілшісі Сұлтановтың 9 айда атқарған жұмысын сараптап шықты.

Сұлтановтың жұмысы қалай басталды?

Бақыт Сұлтановтың әкім қызметіндегі жұмысы қарқынды басталған еді. Күз уақыты болғаннан кейін қысқа дайындық шаралары жүріп жатты. Жәрмеңке өткізу уақыты да келді. Журналистерге берген бір сұхбатында экс-әкім жаңа жұмысының артықшылығын айтып берді.

Аким Астаны Бахыт Султанов ведет прием граждан
© Sputnik / Ксения Воронина
Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындарын қабылдады

"Әкім жұмысының басты артықшылығы таза ауада жиі жүресің. Себебі барлық нысанды аралап, жұмысты өз көзіңмен көруің керек. Ал күндіз үкіметке және басқа да отырыстарға келгенде таксиге мінемін. Өйткені әкімдіктің бұрынғы прогрессивті идеяларын тоқтатуға болмайды", - деді Сұлтанов.

Осылайша, таксимен шапқылап жүргенде қыс та түсті. Экс-әкім сол екі арада көмір сататын орындарды аралады. Содан қар, боран, аяз, көше тазалау, көлік кептелісі сияқты мәселелер басталды. Бәрі ойдағыдай болып жатқанда Көктал-1 кентінен суық хабар келді. "Времянкадан" шыққан өртте бес бірдей бүлдіршін қаза болды. Ең кішісі 9 айлық еді.

Көпбалалы отбасылар мәселесі ушықты

Көкталдағы трагедиядан кейін Қазақстанда көпбалалы отбасылар мәселесі жиі көтеріле бастады. Мемлекет деңгейінде атаулы әлеуметтік көмекті арттыру, арендалық және арзан несиемен баспана беру шаралары қолға алынды. Әрине, бұның барлығын алдымен заңды түрде бекіту керек. Бақыт Сұлтанов осыны жеткіземін деп, көпбалалы аналармен талай рет кездесті. Үкіметтің алдында өткен шағын митинг кезінде аналармен бір келісімге келіп, автобуспен әкімдікке де баруға тура келді. Сол жерде тағы бір кездесу өтті.

Бердибек Сапарбаев, Куляш Шамшидинова, Бахыт Султанов встретились с многодетными матерями и матерями, воспитывающими детей-инвалидов
© Photo : сайт акимата Астаны
Бақыт Сұлтанов, Бердібек Сапарбаев және Күләш Шәмшидинова көп балалы аналармен кездесті

Содан ертесінде елорда әкімдігі "Берекелі баспана" бағдарламсын қолға алатынын мәлімдеді. Соның аясында көпбалалы отбасыларға арендалық пәтер беріледі.

Баспана беру жүйесі қалай өзгерді?

Елорданың бұрынғы әкімі Әсет Исекешевтің кезінде әлеуметтік сала қызметкерлеріне 1 миллион теңгенің сертификаттарын беру бастамасы жарияланған болатын. Бірақ Исекешевтің өзі басқа қызметке ауысуына байланысты аталған шараны бастай алмады. Содан алғашқы сертификаттарды тапсыру Бақыт Сұлтановқа бұйырды. Экс-әкім 100 адамға 1 миллион теңгенің куәлігін тапсырды. Олардың ішінде дәрігерлер, мұғалімдер, құқыққорғаушылар сияқты бюджет қызметкерлері бар. Аталған ақшаны тек алғашқы жарна ретінде ғана пайдалануға болады.

Биыл елорда әкімдігі 2 миллиард теңгенің сертификатын беруді жоспарлады. Бұл дегеніміз, екі мың адам бір миллион теңгенің алғашқы жарнасын пайдалана алады. Дегенмен, көпбалалы отбасылар мәселесіне байланысты аталған жүйені біршама өзгертуге тура келді.

Нурсултану Назарбаеву представили план застройки Астаны
© Photo : Акорда
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Нұр-Сұлтанның құрылыс жоспары таныстырылды

"Берекелі баспана" бағдарламасы аясында осы жылдың аяғына дейін көпбалалы отбасыларға 928 арендалық пәтер беріледі. Маусымның басында әкімдік осы санаттағы 150 пәтердің таратылатынын мәлімдеді.

"Қазіргі кезде тұрғын үй қорының мамандары кезектің басында тұрған 150 отбасының телефондарын алып, олардың барлығын шақыртып жатыр. Құжаттарды қабылдау басталды. Мен 17 маусымға дейін құжаттарды қабылдау рәсімі аяқталады деп ойлаймын. Сосын оларға арнайы куәлік беріледі. Ол құжатпен 15 шілде мен 1 тамыз аралығында өз үйлеріне кіреді", - деді әкімнің орынбасары Ерлан Каналимов.

Ал келесі жылы 928 пәтердің үстіне тағы 400-ден астам арендалық баспана таратылады. Бірақ оны кезекте тұрған басқа азаматтардың арасында бөлу жоспарланып отыр. Осыған байланысты тұрғын үй сертификаттарының саны екі есе – 1 миллиард теңгеге қысқарып отыр. Демек, 1 миллион теңгені алғашқы жарна ретінде алатындар азаяды. Себебі біраз қаржыны арендалық баспанаға салуға тура келді.

LRТ желісінің құрылысы уақытша тоқтатылды

Үкіметтің бір отырысында Бақыт Сұлтанов LRТ желісінің құрылысы уақытша тоқтатылғанын мәлімдеді. Артынша әкімдіктің баспасөз қызметі осы мәселеге қатысты жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде LRT көлік жүйесі құрылысының алғашқы кезеңі аяқталды. Қазіргі кезде кезекті қаржылай траншты аудару бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып отыр.

"Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімге сәйкес, аталған жоба Қытайдың Мемлекеттік даму банкі есебінен қаржыландырылады. Бүгінде құрылыс жұмыстарының бір бөлігі аяқталды. Оған бөлінген қаржы да игерілді. Енді, қытайлық консорциум мен Қытайдың Мемлекеттік даму банкі арасында кезекті траншты бөлу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты жобаны қаржыландыру уақытша тоқтатылды. Бұдан бөлек, әкімдік үкіметпен бірлесе отырып, ішкі қаржы көздері есебінен жобаны ары қарай іске асыру жолдарын қарастыруда", - деді баспасөз қызметінің мамандары.

Үлескерлер мәселесі қалай шешіледі?

Экс-әкім үлескерлер мәселесін де жіті бақылауда ұстады. Өткен жылдың соңында проблемалық нысандардың құрылысын аяқтау бойынша жол картасы әзірленген болатын. Бұрын 62 "сақалды" тұрғын-үй болса, жылдың аяғында олардың саны 28-ге дейін азайды. Ал Бақыт Сұлтанов бірыңғай қаржы-экономикалық модельді әзірлеуді ұсынды. Соның арқасында үлескерлер мәселесін төрт жылдың ішінде шешуге болады. Осы санаттағы нысандарды аяқтау кестесі де жасалды. Бүгінде "Аспан" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді. Жақында тағы үш нысан тапсырылады деген жоспар бар.

Аким Нур-Султана Бахыт Султанов проголосовал на выборах президента Казахстана
© Photo : Пресс-служба акимата Нур-Султана
Бақыт Сұлтанов президент сайлауында дауыс берді

Айтпақшы, Бақыт Сұлтановтың тұсында Бүкіләлемдік сауда орталығы, алып мешіт пен шіркеудің тасы қаланды.

Жалпы, Бақыт Сұлтанов осы қызметте сан алуан шараларға қытысты. Португалияға дейін барып, Нұр-Сұлтанды қала мэрларының форумында таныстырды. Сондай-ақ, елорда атауының өзгеруіне куә болып, әкім ретінде Қазақстанның екінші президентін ұлықтау рәсімін тамашап үлгерді.

Тағы оқыңыз: Елорданың жаңа әкімі Алтай Көлгінов туралы не білеміз? 

Естеріңізге сала кетейік, кеше Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әкімге ұйымдастырушылық қабілеті мен біліктілігі жоғары жас маман деген баға берді. 

510
Кілт сөздер:
баспана, әкім, Нұр-Сұлтан, Бақыт Сұлтанов
Тақырып бойынша
Сұлтанов 417 отбасыға пәтер кілтін табыс етті
Нұр-Сұлтан қаласында жолдарды сусабынмен жуып жатыр – видео
Қайда қарап отырсыңдар – Бақыт Сұлтанов қаланы тазартуды тапсырды
Сұлтанов тікұшаққа отырды: Нұр-Сұлтанды су басуы мүмкін
Біз астаналық болып қала береміз – Сұлтанов елордалықтарға үндеу жасады
"Бақыт Сұлтанов ауырып қалды": астаналық түлектер әкімнің келуіне қалай дайындалды
Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев

Nur Otan мәжіліс депутаттығына 78 кандидатты бекітті

62
Саяси кеңесте сондай-ақ ұйымдастыру мәселелері қарастырылып, кезектен тыс ХХ съездің күн тәртібі талқыланды және  партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысы шығарылды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Nur Otan-ның орталық аппаратында партия саяси кеңесінің отырысы өтті.

Отырыстың қорытындысы бойынша үкіметтің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі есебі алдын ала мақұлданды, партияның жарғысы мен саяси доктринасына енгізілетін өзгерістер қаралды. Праймериздің 78 жеңімпазы енген мәжіліске арналған партиялық тізім, сондай-ақ жұмыс органдарының құрамы мен партияның кезектен тыс XX съезінің күн тәртібі бекітілді.

Сонымен қатар партияның соңғы 5 жылдағы қызметінің қорытындысы қаралды. Партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек партияның 234 қоғамдық қабылдау бөлмесі сайлауалды бағдарламаны бақылау мен "кері байланыстың" пәрменді тетігі болғанын атап өтті. 

"5 жыл ішінде партияға шамамен 1,2 миллион адам жүгінді, оның 30%-і өтініштерін онлайн жолдады. Өтініштердің 92%-і бойынша оң шешім қабылданып, тегін кеңес беріліп, құқықтық көмек көрсетілді", - деді Байбек саяси кеңестің отырысында.

Оның айтуынша, партия депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары 180 мыңға жуық қабылдау өткізіп, 340 мыңнан астам азаматты қабылдады. Өтініштердің 72%-і оң шешімін тапты, 28%-і бойынша түсіндірмелер мен қажетті кеңестер берілді. 

Оқи отырыңыз: "Ақ жол" партиясы мәжіліс депутаттығына кандидаттар тізімін жариялады 

Пандемияға қарамастан, қоғамдық қабылдаулардың жұмысы онлайн форматта жалғасып, электронды түрде 339 мың өтініш қабылданған.

"Соңғы 5 жыл ішінде партиялық басты органдар түрлі мемлекеттік және партиялық органдарға 800-ден астам ұсыным әзірледі. Мәселен, партиялық бақылау комитетінің араласуымен 9,3 мың медицина қызметкеріне өтемақы төленді", – деп атап өтті Бауыржан Байбек.

Жемқорлық жасағаны үшін 610 адам партиядан шығарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес "Jas Otan" жастар қанатымен бірлесіп жоғары оқу орындары мен колледждерді тексерді. Нәтижесінде 10 мыңнан астам студенттің жатақханалардағы өмір сүру жағдайы жақсарды. 

"Жастар – Отанға!" бағдарламасы аясында соңғы 5 жылда 13 мыңнан астам жас буын жұмысқа тұрды. Жастар бастамаларының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын қаржыландыру 2,5 есе өсті.

"Партия қатарын тазарту" аясында жарғы мен этика кодексін сақтамай, партиямен байланысты жоғалтқаны үшін 240 мыңнан астам адам, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін 610 адам партиядан шығарылды.

Nur Otan пандемияға қалай қарсы тұрды

Бауыржан Байбек "Nur Otan" партиясы қоғамдық-саяси ұйымдардың ішінен алғашқылардың бірі болып пандемияның әлеуметтік-экономикалық салдарына қарсы тұрғанын айтты.

Мысалы, "Birgemiz" қоғамдық қоры 2,2 милионнан астам адамға, Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласындағы 2 мыңнан астам медицина қызметкеріне материалдық көмек көрсетті.

Сондай-ақ халықтың неғұрлым аз қорғалған топтарына жататын 100 мың отбасына 5 миллион медициналық маска тегін таратылды. 1 миллионнан астам адам 4,4 миллиард теңгеге бірінші кезекте қажетті тауарлармен қамтамасыз етілді. Мақтааралда су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға арнап 32 үй салынып, 1 мың тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді.

Партияның кезектен тыс ХХ съезі 2020 жылдың 25 қарашасында өтеді.

62
Кілт сөздер:
сайлау, Мәжіліс
Тақырып:
Мәжіліс сайлауы
Тақырып бойынша
Біз ұйықтап жатқан жоқпыз – "Ауыл" партиясы
"Қорықпау керек": мәжіліс сайлау туралы заңға өзгерістер енгізді
Перуашев зейнетақы мен жәрдемақыны басқаша есептеуді талап етті
Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады
Портфель

Экс-мәдениет министрі Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы болды

2243
(Жаңартылды 19:56 23.11.2020)
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын бұған дейін Гүлнәр Сәрсенова басқарған болатын. Ол мамыр айында аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Есетжан Қосубаев Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады ведомствоның сайты.

"Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып Есетжан Қосубаев тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін бұл қызметті Гүлнәр Сәрсенова атқарды. Осы жылдың мамыр айында ол мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге көмектесіп, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді. Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы кеңселерде тексеріс жүргізілді, нәтижесінде тергеу органдары жұмыс құжаттамасының бір бөлігін тәркілеп алды.

Оқи отырыңыз: Танымал тележүргізуші Назарбаевтың орынбасары болып тағайындалды

Есетжан Қосубаевтың өмірбаяны

1955 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 1980 жылы С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін тәмамдаған.

Есетжан Мұратұлы Қосубаев мемлекеттік басқару органдарында қызмет еткен, Қазақстанның мәдениет, ақпарат және спорт министрлігін басқарған, медиакомпаниялар мен қоғамдық құрылымдарға басшылық етіп, мәдениет саласында түрлі жобаларды ұйымдастырған.

Әр жылдары "АРТ-Центр"продюсерлік орталығының бас директоры, "Алматы – моя первая любовь" ретро фестивалінің продюсері және жүргізушісі болған, "Азия дауысы" халықаралық музыкалық фестивалінің іргетасын қалағандардың бірі.

"Асыл мұра" қамқоршылық кеңесінің құрамында болған, соның арқасында көрнекті қазақ композиторларының шығармалары бар бір жарым мыңнан астам мұрағаттық жазбалар қалпына келтірілген.

Бірнеше жыл бойы мәдени-қоғамдық институттарды басқарған. Коммерциялық және қаржы құрылымдарын басқару тәжірибесі бар.

Қазақстанды мәдени, әлеуметтік және ғылыми-техникалық дамыту қорының бас директорының орынбасары,  "Бөбек" балалар қайырымдылық қорының вице-президенті,  "Kazenergy" қоғамдық қорының президенті лауазымдарында қызмет еткен.

"Алтын-Алма" АҚ басқарма төрағасы, "Атамекен" Одағы" Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасының басқарма мүшесі болған.

2002 жылы мемлекет басшысы әкімшілігінің баспасөз орталығының басшысы лауазымына тағайындалған.

2004 жылы — президент әкімшілігі ішкі саясат басқармасының БАҚ және қоғамдық байланыс бөлімінің жетекшісі. 

2004 жылдан 2006 жылға дейін – Қазақстан Республикасының мәдениет, ақпарат және спорт министрі.  

Есетжан Мұратұлы отандық медиақұрылымдардың, кино мен телевизияның аяққа тұруына және дамуына зор үлес қосқан. "Рауан Медиа Групп" компаниясының директорлар кеңесін басқарған.

1998 жылы Орталық Азиядағы ең ірі кинофорум – "Евразия" Бірінші халықаралық кинофестивалінің бас директоры болып тағайындалған. Еуразия телевизия академиясының мүшесі (Мәскеу қаласы).

2001 жылы Қазақстандағы алдыңғы қатарлы медиакорпорацияның – "Қазақстандық телевизия және радио" Республикалық корпорациясын»" ЖАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Қосубаевтың шығармашылық өмірбаянында жеке актерлік тәжірибесі бар, соның ішінде атақты кеңес режиссері Юрий Чулюкиннің  "И в шутку, и всерьёз..." фильмінде (1963 ж.) басты рөлді сомдаған.  

"Құрмет" және 2 дәрежелі "Достық", Ресейдің Чернобыль ардагерлер комитетінің "Долг и честь" ордендерімен, сонымен қатар, түрлі төсбелгілермен және медальдармен марапатталған, оның ішінде БЛКЖО ОК "Еңбек ерлігі" белгісі, "ЧАЭС апаттың салдарын жоюдың қатысушысы" құрмет белгісі, "Шапағат" медалі, "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалі, "Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл" медалі және Қазақстан президенті атынан бірқатар алғыс хат берілген. 

2243
Тақырып бойынша
Сәдуақас Байғабылов жаңа қызметке тағайындалды
Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігері ауысты
Әділ Ахметов басшылық қызметке тағайындалды
Тоқаевтың бұрынғы кеңесшісі экономика министрлігіне жұмысқа орналасты
Алматы, архивтегі фото

Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті

0
Тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қараша – Sputnik. Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді, деп хабарлады Polisia.kz.

Қазақстан аумағында осы жылдың 23 қарашасында басталған "Құқық тәртібі" жедел алдын алу іс-шарасы 30 қараша айына дейін жалғасады. Осыған байланысты Алматы полициясы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. 

Қалалық полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, аталған іс-шараға полиция қызметкерлерімен қоса Ұлттық ұлан сарбаздары да жұмылдырылады.

"Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті қадағалау үшін полицияның жеке құрамы күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді. Қала бойынша полиция жасақтары көбейтіліп, "Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік" қағидасы бойынша тәртіп сақшылары мен әскери қызметкерлер көшелер мен аулаларда, саябақтарда, саяжайларда және өзге де қоғамдық орындарда рейд жүргізеді", - дейді ол.

Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзатын келімсектерді анықтау үшін құрылыс алаңдары мен тамақтану орындары тексеріледі. Арнайы есепте тұратын адамдар мен азаматтық қару иелері де полицияның назарынан тыс қалмайды.

"Ал жедел басқарма қызметкерлері пәтер тонау, көлік ұрлығы сияқты қылмыстарды жасайтын қылмыстық топтар мен із-түзсіз жоғалған адамдарды және бұрын қылмыс жасап іздеу жарияланған адамдарды анықтауға бағытталған жұмыстарды атқарады", – деп түйіндеді Саттаров.

Алматыда 10 адамды өлтірген қылмыскерге сот үкімі шықты

Айта кетейік, кең көлемде ұйымдастырылып отырған аталған іс-шара қылмыстық ахуалды тұрақтандыруға, қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

0
Кілт сөздер:
полиция, Алматы
Тақырып бойынша
Жалған 900 мың долларды сатпақ болған Алматы тұрғыны ұсталды
Алматылық ағайындылар қылмысы әшкере болды
Дәретханада қыздарға порно көрсеткен ер адам 10 жылға сотталды
Нұр-Сұлтанда әйелдерге шабуыл жасаған шетелдік ұсталды