Сиыр, архивтегі фото

Қазақстанда 8 миллион гектарға жуық жер бос жатқан

113
Бүгінде 3,7 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Енді тағы 1,9 миллион гектарды қайтару шаралары атқарылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі бос жатқан біраз жерді мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр Сапархан Омаровтың айтуынша, өткен екі жылдың ішінде республика бойынша мақсатты түрде пайдаланылмай жатқан 7,6 миллион гектар ауыл шаруашылығы жері бар екені анықталған. Соның ішінде 2 миллион гектар егістік пен 5,5 миллион гектар жайылым  бар.

"Қабылданған шаралардың арқасында 2,0 миллион гектарды жер учаскелерінің бұрынғы иелері мен жер пайдаланушылары игере бастады. Ал 3,7 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Соның ішінде 3,0 миллион гектар ауыл шаруашылығы айналымына тартылды және 0,7 миллион гектарды бүгінгі күні ауыл шаруашылығына тарту жұмыстары жүргізілуде", - деді Омаров есеп беру кездесуі кезінде.

Министрдің сөзіне қарағанда, қалған 1,9 миллион гектар жер бойынша жергілікті атқарушы органдар белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне қайтару шараларын атқарып жатыр.

"Жерді пайдалануды бақылау шаралары түбегейлі өзгереді. Енді тексерістер жиі жүргізіледі. Әйтпесе, бұрын бес жылда бір рет қана тексеріс жасалды. Ондайда иелері үш жыл бойы жерді пайдаланбай жатады, соңғы екі жылда игеріп, жұмыс істегендей болады", - деп атап көрсетті Омаров.

Тағы оқыңыз: Сенат жер дауынан кейін әзірленген заңды қабылдады

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың сәуірінде парламент жер дауынан кейін әзірленген заңды қабылдаған болатын. Заңға сәйкес, ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға берудің жаңа әрі арнайы  тәртібі қарастырылып отыр. Жер учаскелері конкурсқа қойылатын жерлер тізбесіне сәйкес беріледі.  

Жерлерді тиімді пайдалану үшін талаптар күшейтілмек. Осы мақсатта заң жобасында тұрақты мониторинг жүргізу көзделген. Жалдау уақытының алғашқы 5 жылында – жыл сайын, одан кейінгі кезеңдерде суармалы егістікте – 3 жыл сайын, тәлімді жерлерде – 5 жыл сайын жүргізілетін болады. Жалдау шартындағы міндеттердің бірі орындалмағаны анықталған жағдайда  келісімшартты өкілетті орган бір жақты бұзуға құқылы.  


 

113
Кілт сөздер:
Қазақстан, жер
Тақырып бойынша
Жер тағдыры шешілетін күн: Мұхтар Тайжан заңға не енгізуді ұсынды?
Сәрсенбай: қазақтың бірталай жері Қытайға өтіп кетті
"Мемлекеттің ресурсы шектеулі": Әшімбаев халыққа бос отырмай, жұмыс істеуге кеңес берді
"Момын халық". Мұхтар Тайжан қытайлардан неге қорықпау керек екенін айтты
Микроскоппен қараған кездегі коронавирус

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

89
Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді

АЛМАТЫ, 25 қазан — Sputnik. Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

89
Кілт сөздер:
видео, ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Волейболшы Сәбина Алтынбекова

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді

2124
(Жаңартылды 15:11 25.10.2020)
Бұған дейін Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова ММА файтері Қуат Хамитовтың өзін әйелі ретінде көргісі келетіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуат Хамитов қатысқан бағдарлама сілтемесін репост жасап, "Бұл қандай қойылым?" деп жазған. Кейіннен жазылушылар сұрағына жауап берген Алтынбекова былай деп пікір білдірді.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттық мақсаттарына қолжеткізетініне күмәнім жоқ", – деп жазды әйгілі волейболшы.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының қонағы болып, жеке өмірі жайлы жүргізушілер сұрақтарына жауап берген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

  "Мен әйелімнің ұзын бойлы, тәрбиелі, қарапайым және пәк болғанын қалаймын. Ол мені біледі және өзі де спортшы. Волейболмен айналысады. Оның аты-жөні – Сабина Алтынбекова. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін көп күш жұмсауым керек шығар. Достарым кейде: егер үйленсеңдер, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты боласыңдар деп әзілдеп жатады", – дейді Хамитов.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

2124
Кілт сөздер:
спортшылар, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты