ҚР мәжіліс депутаттары

"Зейнет жасын төмендету керек": депутаттар тың ұсыныс жасады

48474
Депутаттар мүгедек бала асырап отырған ата-ананың біреуін жұмыстан ерте босату керек деп санайды

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынды. Осыған орай, олар үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ата-анаға қажетті жеңілдіктер

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, осы санаттағы отбасыларға арнайы мәртебе беру керек. Сөйтіп, зейнет жасын төмендетіп, жұмыс істейтін ата-аналарға тағы бірқатар жеңілдік берген дұрыс.

Тағы оқыңыз: Вице-министр алты мүгедек баласы бар жалғызбасты ана туралы айтты

"Біз мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынамыз. Сондай-ақ, ата-ананың біреуін жұмыстан ерте жіберу мәселесін қарастырған жөн. Себебі мүгедек балаға тәулік бойы қарау қажет. Оған біраз күш-жігер кетеді. Психологиялық жүктеме де аз емес", - деді Магеррамов мәжілістің жалпы отырысында.

Мүгедек балаларға қандай көмек керек?

Фракция депутаттары қамқоршылықты рәсімдеу тәртібін де жеңілдету керек деп санайды. Өйткені қазіргі кезде бұл процедураларға 9 айға дейін кетеді. Осы уақыттың ішінде ешқандай қаржылай көмек берілмейді. Ондайда толық емес отбасылар қатты қиналады.

Тағы оқыңыз: Белгілі әртіс сал бала туғаны үшін әйелін тастап кетті

Бұдан бөлек, депутат Магеррамов арнайы ортопедиялық аяқ киімді тарату тәртібін қайта қарап, балабақшаларда мүгедек балалар үшін арнайы топтарды ашуды ұсынды.

"Сосын мүгедек балаларды стоматологиялық емдеу жағынан бірқатар қиындық бар. Мемлекеттік емханалардың барлығында толыққанды ем-дом жасамайды. Осы медициналық қызметтің сапасы да төмен. Ал жекеменшік стоматологияларда қызмет ақысы қымбат", - деп атап көрсетті Магеррамов.

Қазақстанда кімнің зейнет жасы ұлғаяды?

Қазақстанда әйелдердің зейнет жасын 2027 жылға дейін біртіндеп 63 жасқа дейін ұлғайту жоспарланған. Дегенмен, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.

Мәселен, бес және одан көп баласы бар әйелдер 53 жаста зейнетке шыға алады. Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.

Тағы оқыңыз: Мұғалімдер 48 жасында зейнетке шыға ала ма - министр жауап берді

48474
Кілт сөздер:
зейнет жасы, ата-ана, мүгедек, депутаттар
Тақырып бойынша
Мүгедек бала бағып отырған отбасыға қандай жәрдемақы төленеді
Талғарда мүгедек баланы азаптап өлтірген келіншекке үкім шықты
Назарбаева: мүгедек балаларды аяусыз ұрып-соққандар қатаң жазалануы тиіс
"Кептерханаға кіргізген" Павлодарда зейнеткер 15 жастағы мүгедек қызды зорлап тастады
Микроскоппен қараған кездегі коронавирус

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

224
Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді

АЛМАТЫ, 25 қазан — Sputnik. Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

224
Кілт сөздер:
видео, ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Волейболшы Сәбина Алтынбекова

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді

2476
(Жаңартылды 15:11 25.10.2020)
Бұған дейін Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова ММА файтері Қуат Хамитовтың өзін әйелі ретінде көргісі келетіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуат Хамитов қатысқан бағдарлама сілтемесін репост жасап, "Бұл қандай қойылым?" деп жазған. Кейіннен жазылушылар сұрағына жауап берген Алтынбекова былай деп пікір білдірді.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттық мақсаттарына қолжеткізетініне күмәнім жоқ", – деп жазды әйгілі волейболшы.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының қонағы болып, жеке өмірі жайлы жүргізушілер сұрақтарына жауап берген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

  "Мен әйелімнің ұзын бойлы, тәрбиелі, қарапайым және пәк болғанын қалаймын. Ол мені біледі және өзі де спортшы. Волейболмен айналысады. Оның аты-жөні – Сабина Алтынбекова. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін көп күш жұмсауым керек шығар. Достарым кейде: егер үйленсеңдер, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты боласыңдар деп әзілдеп жатады", – дейді Хамитов.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

2476
Кілт сөздер:
спортшылар, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты