Қоғам

"Сарыарқа" газ құбыры Жезқазғанға жақындады

© Sputnik / Стрингер / Медиабанкке өтуГаз құбыры, архивтегі сурет
Газ құбыры, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде магистральдың 35 проценті тартылған

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі кезде Жезқазған қаласына жақын жерде дәнеркерлеу жұмыстары атқарылып жатыр. Осы уақытқа дейін құбырдың 420 шақырымы тартылды. Бұл барлық жұмыстардың - 35 проценті. Орташа есеппен бір күннің ішінде магистральдің 7-8 шақырымы жасалады. Артынан құбырды оқшаулау және траншеяны жабу шаралары жүргізіледі", - деді Бозымбаев есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы қараша айына дейін аяқталады.

"Қазіргі кезде магистраль құрылысында 2 200 адам жұмыс істеп жатыр. 700-ге жуық арнайы техника бар. "Сарыарқа" газ құбырының алғашқы кезеңі аясында Нұр-Сұлтаннан бөлек 171 елдімекенге газ тартылады. Соның ішінде Қарағанды, Теміртау, Сәтпаев, Саран, Шахтинск пен Жезқазған қалалары бар", - деп атап өтті Бозымбаев.

© Photo"Сарыарқа" газ құбырының схемасы
Сарыарқа газ құбыры Жезқазғанға жақындады  - Sputnik Қазақстан
"Сарыарқа" газ құбырының схемасы

Айта кетейік, "Сарыарқа" газ құбырының құрылысы бірнеше кезеңнен тұрады. Магистраль алдымен Нұр-Сұлтанға, одан кейін Көкшетауға, ары қарай Петропавлға тартылады.

Нұр-Сұлтанда газды алдымен жылу электр стансаларына тарту жоспарланған. Себебі бүгінде аталған нысандар экологияға үлкен зиян келтіріп отыр. Мәселен, ЖЭС-1 әбден тозған.

Тағы оқыңыз: Газ құбыры туралы жемқорлық іске қазақстандық шенеуніктің қатысы бар

Өйткені сонау 60-шы жылдары салынды. Сол жерде мазут жағатын қазандықтарды өзгертіп, табиғи газды жағу жоспарланып отыр. Одан кейін Көктал-1 мен Көктал-2-ге тартылады. Содан соң оңтүстік-шығыс ауданның сол жақ және оң жағы, ары қарай Мичурино, Петропавл, өндіріс және тағы басқа елдімекені газбен қамтылады. Бұдан бөлек, газ тарату Қорғалжынға қарай Ильинка мен Үркер жаққа кетеді.

Жаңалықтар
0