Олег Кипиченков

"Бәрі басқаша болар еді": жасанды жүрекпен жүрген алматылық өкінішін айтты

2071
(Жаңартылды 18:45 22.07.2019)
Жасанды жүрекпен жүретін адамдар өзімен бірге арнайы сөмке ұстауы керек. Оның ішінде бірнеше батарея бар. Ал сымдар жүректе тұрған аппаратқа жалғанады

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik, Арман Асқар. Олег Кипиченков жүрек ауруына қалай шалдыққанын өзі де білмей қалған. Алты жыл бұрын тұмауы асқынып, жүрекке әсер еткен. Содан микроинфаркт болыпты. Олег оны сезбеген. Енді, жасанды жүрек құрылғысымен жүруге мәжбүр. Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген ол арманы мен өмірге деген көзқарасының қалай өзгергенін айтып берді.

Ауру айтып келмейді

"Шыны керек, осы ауруға тап боламын деп ойлаған жоқпын. Жүрегім бұған дейін бірде-бір рет ауырған емес. Бірақ осылай болды, енді. Осыдан алты жыл бұрын жұмыстан келе жатқанда демікпенің пайда болғаны әлі есімде. Әлі есімде, Сөйтсем, тұмау асқынып, жүрек дертіне ұласып кеткен", - дейді Кипиченков.

Сол жылы қыста Олег тұмаумен ауырған. Бірақ емханаға көрінген жоқ. Үйде дәрі-дәрмек ішумен ғана шектелді. Ал үш айдан кейін демікпе пайда болды. Тек осыдан кейін емханаға бару керек деп шешкен. Дәрігерлер оны қарап шыққаннан кейін бірден кардиология бөліміне жеткізді.

Тағы оқыңыз: ВИЧ жұқтырған астаналық әйелдің ашық әңгімесі

"Менің "эпопеям" осы кезден басталды. Кардиологияда "жүрегіңіз үлкейіп кетті" деді. Сөйтсе, бұған дейін бірнеше рет инфаркт болған екен. Бірақ мен өзім оған мән бермеппін. Ондайды "микроинфаркт" деп атайды. Мені бірден ауруханаға жатқызды. Ол кезде "стентирование" мен "шунтирование" жасайтын. Маған біріншісін жасап, үйге жіберді. Бірақ бір аптадан кейін қайтадан демікпе басталды", - деді Кипиченков.

"Жүрегім 11 рет тоқтап қалған"

Алматыдағы кардиология институты да Олегтің диагнозын растады. Ал толыққанды зерттеуден кейін "жүректің қан тамырлары зақымдағаны сонша, жүрек тұсына шағын дефибриллятор орнатудан басқа амал жоқ екені анықталыпты. Кеуденің сыртында тұратын құрылғы жүректің жұмысын қадағалайды.

"Бір жарым жылдың ішінде ол дефибриллятор 11 рет сигнал беріп, тоқтап қалған жүректі қайта іске қосты. Бес рет өте ауыр жағдай болды. Жүрек тоқтап қалғанда дефибриллятор тоқ жібереді де, оны қайтадан іске қосады. Ондайда үйдегілердің бәрі дүрлігіп кететін. Әйелім, бала-шағам жылап, жедел жәрдем шақыратын еді. Бірақ дәрігерлер келгенше мен түк болмағандай айығып кететінмін", - деп еске алады Кипиченков.

"Басқа амалым болмады"

Ал 2015 жылы Олегті астанадағы ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығына ауыстырды. Сол жерде оған жүректің жасанды оң жақ қарыншасын қойып беруге ұсыныс жасалды. Ондайда жүректің оң жақ қарыншасының орнына арнайы аппаратты орнатылады. Бұл құрылғыда қан айдайтын сорғы-түтік бар. Ол қан айналымын күшейтуге көмектеседі. Аппараттың сымдары қарын арқылы шығарылып, арнайы сөмкеде жүретін батареяға қосылады.

"Дәрігерлер қалай да жүрек трансплантациясын жасау керек деді. Ал донор табылғанша осы аппараттың көмегімен қазіргі жүректің жұмысын ұзартуға болады екен. Енді, менде басқа амал болған жоқ. Біз ота жасатуға келістік", - деді Олег.

Оның айтуынша, жүректің жасанды қарыншасын салғанға дейін демікпе жиі болып тұрған. Далада аз уақыт жүргеннен кейін бірден ұстап қалатын. Тіпті, телефонмен ұзақ уақыт сөйлесуге хал болмады. Ал отадан кейін жағдай жақсарды. Содан бері кардиостимулятор бірде-бір рет сигнал берген жоқ. Демікпе де басылды.

Бір батареямен 21 сағат жүруге болады

Олег шағын сөмкесін иығына салып алып, үнемі өзімен бірге ұстап жүреді. Оның ішінде аккумулятор батареялары және арнайы контроллер бар. Бас кезінде аппаратқа үйрену қиын. Себебі оны ұстап жүрудің шарты бар.

"Мысалы, ұйықтағанда тек шалқадан жату керек. Оң жақ, я болмаса, сол жаққа бұрылып ұйықтауға болмайды. Соған үйрену қиын болды. Сосын моншаға түсуге болмайды. Өйткені сымдар шығатын жерге инфекция кіріп кетуі мүмкін. Душ болуы керек. Ауыр затты көтеруге рұқсат етілмейді. Дәріні уақытында ішуі керек. Негізі, бұл аппарат тек донорды күтуге ғана арналған ғой...", - дейді Олег.

Батареяның қуаты азайғанда аппарат шиқылдай бастайды. Оны бірден тоққа қосу керек, я болмаса, қосымша батареяны қолдану қажет.

"Мысалы, менің бір батареям 21 сағатқа жетеді. Бірақ мен аппараттың шиқылдағанын күтпеймін. Қуаттың 20 проценті қалғанда екіншісін қосамын. Ал біріншісін зарядтаймын. Аппаратта "түнгі режим" де бар. Ондайда мен батареяның бәрін алып тастаймын да, бес метрлік кабельге қосылып, ұйықтай беремін. Ал таңертең қайтадан батареяны қоямын. Енді, алыс жолға шыққанда үш батарея аламын екі жарым тәулікке жетеді. Әрине, зарядтайтын құрылғыны ешқашан ұмытпау қажет", - деді Кипиченков.

Ал аппараттың қарыннан шығып тұрған жерін үнемі таңып отыру қажет. Оны Олегтің жұбайы күнара жасап отырады.

Өмірге деген көзқарас түбегейлі өзгерді

Бүгінде Олег Кипиченков жүрек трансплантациясының кезегінде тұр. Бірақ ондай операциялар кезекпен жасалмайды. Донор мен пациент бір-біріне сәйкес келуі керек. Екі адамның бойы, салмағы және басқа да медициналық көрсеткіштер сай болса ғана жүрек трансплантациясы жасалады. Осылайша, жасанды жүрек аппаратымен жүрген науқас өз сәтін күтіп жүреді.

Жасанды жүрекпен жүрген адам
© Sputnik / Арман Асқар
Олег донор табылса екен деп армандап, кейде дені сау болса, жер кезуді қиялдайтынын айтады

"Бір жолы жас жігіт жол-көлік апатында қайтыс болды. Сонда оның туыстары өкпе, бауыр мен жүрегін алуға рұқсат берген. Осылайша, бір адам үш адамның өмірін сақтап қалды. Шынымды айтсам, бұрын мен ондайды түсінбейтінмін. Қазір көзқарасым түбегейлі өзгерді...Мен де донор табылса екен деп армандаймын. Кей кезде отырып, анда-мында барамын деп, қиялға беріліп кетемін. Бірақ амал қанша, күту керек, күту керек... Енді, көбісі күткеніне жете алмай жатады. Бізді қойшы, үстіңгі қабатта жатқан балаларды айтсаңызшы", - дейді Олег.

Дәрігерге дер кезінде барғанда бәрі басқаша болар ма еді...

Олегті бір рет шұғыл елордаға шақырған екен. Донор шығып қалыпты. Бірақ екеуі сәйкес келмей қалды. Осыны естігенде көңілі су сепкендей басылды. Енді, қайтадан күту керек. Себебі жасанды жүректің құрылғысы тек өмірді ұзартуға ғана арналған.

"Соңғы кездері жағдайым нашарлай бастады. Қан айналымы баяулады. Басым айналып тұрады. Сол себепті дәрігерлерге жиі көрініп жүрмін", - деді Кипиченков.

Олег дәрігерге уақытында көрінуге кеңес беріп отыр. Жылына бір рет болса да, дәрігерге барған жөн.

"Біз жас кезімізде денсаулыққа дұрыс қарамаймыз. Дәрігерге көрінбейміз де. Бір жылда бір рет болса да, денсаулықты тексеріп отырған дұрыс екен. Мысалы, көлікке дұрыс қарасаң, ұзақ уақыт мінуге болады. Денсаулық та солай. Дәрігерлер жүрегімді уақытында тексерткенде бәрі басқаша болар еді деп айтады", - дейді Олег.

Бұл материалды Sputnik Қазақстанның орысша нұсқасынан да оқи аласыздар. 

2071
Кілт сөздер:
өмір, адам, жасанды жүрек
Тақырып бойынша
Тараз тұрғыны жүрегінің жарты бөлігін механикалық құрылғыға алмастырды
"Жылап жібере жаздадым" Досқалиев жанына қатты батқан қайғылы оқиға туралы айтты
Шымкентте ұлан жауынгерлері жүкті әйелді аман алып қалды
Қазақстан дәрігерлері әлемде бұрын-соңды болмаған отаны жасады
Тегін дәрі-дәрмек: қайдан және қалай алуға болады
коронавирус, медбике

Ғалым коронавирус инфекциясын неге барлық адам жұқтырмайтынын түсіндірді

730
"Қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтыны анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Коронавирустан қорғануға тек антиденелер ғана көмектеспейді, деп мәлімдеді микробиолог Сергей Иванов "МК" газетіне берген сұхбатында.

Ғалымның айтуынша, кейбір адамдар коронавируспен ауырғандармен жақын қарым-қатынаста болса да, инфекция жұқтырмайды.

"Осындай жағдайлар болды. Олардың ағзасы бұл коронавирусты қабылдамайды", - деді Иванов.

Пастер атындағы эпидемиология және микробиология институтының ғалымдары осындай қорытындыға келген.

"Ғалымдар "қызыл аймақта" бірнеше ай бойы жұмыс істеп жүрген кейбір дәрігерлердің вирус жұқтырмайтынын байқаған", - дейді маман.

Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемді қыспағына алды. 60 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, оның 1,4 миллионнан астамы қайтыс болды. Коронавируспен ауырғандар саны бойынша АҚШ, Үндістан және Бразилия көш бастап тұр.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар организмдегі коронавирусты 5 минуттың ішінде өлтіретін өнімді атады

Қазақстанда соңғы мәліметтер бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті. Коронавирустық пневмониямен ауырғандар саны – 42 104. Қайтыс болғандар – 2 470.

730
Кілт сөздер:
ғалым, коронавирус
аурухана, коронавирус

Денсаулық министрлігі өткен тәулікте қанша адамның қайтыс болғанын жариялады

1784
(Жаңартылды 11:36 29.11.2020)
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде 214 адамның жағдайы нашар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирустық пневмониядан үш адам көз жұмған.

"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 12 651 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр.  9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде", - деп хабарлады министрлік.

Науқастардың арасында 214 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 32 адам жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте 826 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны расталды.

Жалпы, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 130 865 адамға жетті.

Оның ішінде:

  • Шығыс Қазақстан облысында - 16191 (+135),
  • Алматы қаласында - 16033(+73),
  • Нұр-Сұлтан қаласында -15989(+83),
  • Атырау облысында - 11616(+18),
  • Қарағанды облысында - 11077(+25),
  • Батыс Қазақстан облысында - 7994(+39),
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 6291(+105),
  • Павлодар облысында - 6254(+120),
  • Алматы облысында - 5682(+33),
  • Шымкент қаласында -5361(+6),
  • Қостанай облысында - 5212(+85),
  • Ақмола облысында - 5072(+86),
  • Жамбыл облысында - 4411(+14),
  • Ақтөбе облысында -3481(+1),
  • Түркістан облысында - 3477(+2),
  • Маңғыстау облысында - 3434(+0),
  • Қызылорда облысында -3290(+1).
1784
 Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс

Майк Тайсон мен Рой Джонс шаршы алаңда кездесті жекпе-жектің толық видеосы

1012
(Жаңартылды 12:52 29.11.2020)
Аты аңызға айналған боксшылардың жекпе-жегі бүгін қазақстандық уақыт бойынша таңертең АҚШ-та өтті

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Атақты америкалық боксшылар Майк Тайсон мен кіші Рой Джонс Лос-Анджелесте Staples Center аренасында жекпе-жек өткізді.

Бұл жекпе-жек "Аңыздар шайқасы" кешінің басты оқиғасы болды. Көптен күткен кездесу ерекше регламент бойынша өтті - әрбірі екі минутқа созылған сегіз раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша екі боксшы тең түсті. Бірақ бұл нәтиже спортшылардың көңілінен шықпады. Майк Тайсон наразылық білдіріп, рингтен кетіп қалды. 

Айта кетсек, Майк Тайсон соңғы рет 2005 жылы жұдырықтасқан болатын. Ол кезде Кевин Макбрайдтан жеңіліп қалған еді. Рой Джонс шаршы алаңға 2018 жылы шығып, Скотт Сигмонды жеңді.

1012
Кілт сөздер:
видео, жекпе-жек