Архивтегі сурет

Армян және қырғыз нөмірлерімен жүрген көліктерді тіркеу жүйесі өзгереді

8607
(Жаңартылды 21:12 04.07.2019)
Қазақстанға шетелдік нөмірлермен кіретін көліктерді онлайн тіркеуден өткізу жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде – Sputnik. Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полиция комитеті шетелдік нөмірлермен жүрген көліктерді тіркеудің жаңа әдісін енгізбекші, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әкімшілік практика басқармасының басшысы Нұрлан Тұяқбаевтың айтуынша, Армения, Ресей мен Қырғызстанның тіркеу нөмірлерімен жүретін көліктер ережені жиі бұзады. Себебі жазаға тартылмайтынын біледі. Тіпті, бір көлік ондаған заң бұзушылық жасап жүре береді. Ал оларды шетелдік нөмірлер бойынша бірден анықтау қиын. Өйткені құқық қорғаушылар көрші елдердің ақпараттық базаларына кіре алмайды.  

Тағы оқыңыз: 1 шілдеден бастап енгізілген өзгеріс – жүргізуші куәлігі неге берілмей жатыр

"Инспектор ондай көлікті ұстаса да, алдымен нөмірін және оны жүргізген адамның аты-жөнін жазып алады. Сосын көлікке қатысты мәліметтерді алдырту қажет. Рөлде отырған адамның кім екенін анықтайды. Оған біраз уақыт кетеді. Ал заң бойынша жол жүру ережесін бұзу фактісі болған күннен бастап екі ай өтсе, әкімшілік жауапкершілікке тартуға болмайды. Сөйтіп, ондай көлік иелері жауапкершіліктен құтылып кетеді", - деді Тұяқбаев үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінде шетелдік нөмірлермен жүрген көліктердің жол қозғалысы ережесін бұзу оқиғалары артып келеді. Мәселен, өткен жылы аталған көліктердің қатысуымен 42 000 тәртіп бұзушылық болды. Сонда тек 3 800 жүргізуші ғана жауапқа тартылды. Ал биыл бес айдың ішінде 41 000 заң бұзушылық тіркелді.  Ондай көліктер жылдамдық режимін сақтамайды, сосын қоғамдық көлікке арналған жолақтармен жиі жүреді.

"Бүгінде өзіміздің елдің тіркеу нөмірімен жүрген көліктер ережені бұзса, жол полициясы оларды ұстап, айыппұлды төлеу туралы ұйғарымды бірден иесінің мекенжайына жібере алады. Ал шет елдің тіркеу нөмірімен жүрген көлік бойынша ондай ұйғарымды бірден жіберу мүмкін емес. Себебі біз өзге елдің ақпараттық базасын көре алмаймыз", - деп атап көрсетті Тұяқбаев.

Осыған байланысты Қазақстанға шетелдік нөмірлермен кіретін көліктерді онлайн тіркеуден өткізу жоспарланып отыр. Алайда аталған бастама алдымен қоғам талқысына шығарылады.

"Шетелдік нөмірлермен жүрген көліктерге шектеу қойылмайды. Уақытша тіркеу сияқты болады. Уақытша тіркеу болғанда арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына барып, кезекте тұру емес, онлайн тіркеу жүйесі болады. Мәселен, Қазақстан азаматы шетелдік нөмірі бар көлікпен келсе, онлайн тіркеуден өтуі тиіс. Себебі бізге ондай көліктердің ақпараттық базасын жасау қажет. Сонда жол жүру ережесін бұзғаны туралы ұйғарымды бірден иесіне жібере аламыз", - деп атап көрсетті Тұяқбаев.

8607
Кілт сөздер:
тіркеу, Қырғызстан, Армения
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Birgemiz еріктілер фронт кеңсесінің ашылуында

Тоқаев қазақстандық еріктілерге алғыс айтты

6
Мемлекет басшысы 2020 жыл Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жарияланғанын еске салып, волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де еріктілерді Халықаралық волонтерлар күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы осы жылды Қазақстанда Волонтерлар жылы деп жариялағанын еске салды.

"Еріктілерімізді мақтан тұтамын және олардың орасан зор әрі пайдалы жұмыстарына, әсіресе, пандемия кезіндегі еңбектері үшін ризашылығымды білдіремін. Волонтерлік уақытша науқан емес, ол он мыңдаған азаматтарымыздың жан тебіренісі. Біз әрқашанда біргеміз!", - деп жазды президент.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді

Тоқаев еріктілер, шын мәнінде, қарапайым адамдардың мүдделері үшін қайырымдылықтың, шынайылықтың, имандылықтың символына айналғанын атап өтті.

Президент волонтерлік нағыз патриотизмнің көрінісі екенін айтты.

6
Кілт сөздер:
еріктілер, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Мемлекеттік қызметшілердің бойында уайымдау сезімі болуы керек – Тоқаев
Жәрдемақыны оңды-солды таратуды доғару қажет – Тоқаев
Сарымсақ, архивтегі сурет

Сарымсақ қандай жағдайда ағзаға қауіпті болады

944
(Жаңартылды 12:12 05.12.2020)
Дәрігер-диетолог түрлі дерттерден сақтану үшін сарымсақты қалай жеу керек екенін айтты. Тиісті мөлшерде ғана пайдалану панкреатит, асқазан жарасы сияқты аурулардан сақтануға мүмкіндік береді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Сарымсақ пайдалы, алайда оны көп мөлшерде жеуге болмайды. Асқазан жарасы, панкреатит, өттегі тас сынды ауруларға әкеліп соғуы мүмкін, деп жазады РИА Новости.

Дәрігер-диетолог Инна Заикина сарымсақты мөлшерден артық жеу салдарынан асқазан сөлі бөлінетінін айтты. Бұл өз кезегінде түрлі дерттердің белгілерін ушықтырады. 

Алайда бұл оны жемеу керек деген сөз емес. Бастысы, тиісті мөлшерден асып кетпеу қажет.

Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді.

Тағы оқыңыз: Сүзбенің ешкім күтпеген пайдасы анықталды

944
Кілт сөздер:
адам ағзасы
Тақырып бойынша
Таптырмас ем: құйрық майдың біз білмейтін қандай пайдасы бар?
Ғалым сарысудың адам денсаулығына қандай пайдасы бар екенін айтты
Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады
Автокөлік орындығын қыздыру неге қауіпті - видео
Малышева балалардың маска тағуы неге қауіпті екенін айтты
КамАЗ аударылды

Шымкентте КамАЗ 11 автокөлікті соқты видео

82
Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекті, алайда алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаторлық емге жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 5 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте Тәуке хан даңғылында ірі жол апаты болды. Алдын ала мәліметке сүйенсек, арматура тиелген жүк көлігінің тежегіші істен шыққан.

Жол-көлік оқиғасы 4 желтоқсан күні кешке болды. Арматура тиелген жүк көлігі 11 автокөлікті соқты. Оған тежегіштің істен шығуы себеп болған.

Апат салдарынан төрт адам зардап шекті, арасында жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Дәрігерлер олардың жағдайы қанағаттанарлық екенін айтты, ауруханаға жатқызылған жоқ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ОТЫРАР Новости Шымкент (@otyrarkz)

Құқыққорғау органдарының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адамның көз жұмғаны хабарланды. Бетон тиелген көлік жеңіл машина мен бензовозға құлаған.

Жол апаты салдарынан Lexus көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы қаза болды. Олардың денесін құтқарушылар алып шықты.

82
Кілт сөздер:
КамАЗ, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Щучинсктегі жол апаты: министр қаза тапқан полицейлердің отбасына көңіл айтты
Нұр-Сұлтанда жаппай жол апаты болып, бір адам жарақат алды – видео
Түйе көліктің ішіне кіріп кеткен: Маңғыстауда жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысында жол апаты болып, екі адам көз жұмды – видео