Чемодан, архивтегі сурет

Жазда қай елдерге баруға болмайды бас санитарлық дәрігердің кеңесі

630
Жандарбек Бекшин қай мемлекеттерде дертке шалдығу қаупі бар екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы және қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин жазғы демалыста қай елдерге бару қауіпті екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен азаматтарға баруға кеңес бермейтін елдің қатарына бірінші Мадагаскарды жатқызар едім. Онда жыл сайын бір мың адам өкпе обасын жұқтырады. Бразилияға да бармаған жөн. Онда дэнге, эбола, сары ауру сынды жұқпалы дерттер бар. Сондай-ақ Конго Демократиялық Республикасы мен Африканың батысындағы елдерге баруға болмайды. Бұл мемлекеттерде ауру жұқтыру қауіпі жоғары", - дейді Жандарбек Бекшин орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтар визасыз бара алатын елдер

Ол Бразилияға баратындарға міндетті түрде сары ауруға қарсы екпе салғызу қажеттігін ескертті.

"Ал енді Бразилияға баратын болсаңыз, сары ауруға қарсы екпе салғызу керек. Сонда бұл елге баруға болады", - деп елдің бас санитары сөзін түйіндеді.

630
Кілт сөздер:
жаз, санитарлық авиация
Тақырып бойынша
"Ет жасыл түсті болған". Бекшин Қарағандыда ауызашарда уланғандар жайлы айтты
Бірнеше инфекция жұқтырған: Бекшин БАӘ-де уланғандар туралы айтты
Бекшин оқулықтардың салмағы қанша болуы керек екенін айтты
Бекшин Қарағандыда менингит жұқтырған оқушы туралы мәлімет берді
Астана әуежайын аяғынан тік тұрғызған "тырысқақ": Бекшин мән-жайды айтып берді
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

0
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

0
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

17
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

17
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол