Алланияз Шадкам

Шетелдегі қазақ баласы: арманым Қазақстанға оралу

946
(Жаңартылды 12:41 11.07.2019)
Елордада алғаш рет шетелден келген қазақ балалары үшін "Ұлы дала ұрпағы" жазғы мектебі ашылды

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Шетелден келген қазақ балалары нені армандайтынын айтып, Қазақстаннан алған әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Назарбаев зияткерлік мектептері Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған "Ұлы дала ұрпағы" жазғы мектебін ашты. Ресей, Иран, Моңғолия, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген 150 бала қазақ тілі, Қазақстан тарихы бойынша білім алып, қазақ халқының салт-дәстүрімен танысады. Сондай-ақ, олар үшін жаратылыстану-математика, робототехника, дизайн, көшбасшылық пен шешендік өнер бойынша тренингтер ұйымдастырылады.

Жазғы мектепті "Отандастар" қоры мен дүниежүзі қазақтары қауымдастығы ұйымдастырып отыр.

Осы орайда шетелдегі қазақ балаларының нені армандайтынын сұрап көрдік.

16 жастағы Руслан Байдәулетов Түркіменстанның Дошагуз уәлаятынан келген. Түркімен мектебінде білім алса да, қазақшасы жақсы.

Руслан Байдәулетов
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Руслан Байдәулетов Түркіменстанның Дошагуз уәлаятынан келген. Түркімен мектебінде білім алса да, қазақша жақсы біледі.

"Дошагуз уәлаятындағы Отан деген ауылда тұрамын. Ол Түрікменстанның астанасы Ашхабадтан 500 шақырым жерде орналасқан. Түркімен мектебінде оқимын. Қазақстанға бірінші рет келдім. Тарихи отаным ұнап жатыр. Елорда әсем ғимараттарымен қайран қалдырды, таңғалдым. Түркіменстандағы отбасымның, ауыл халқының тұрмысы жақсы", - деді ол.

Сонымен қатар ол Қазақстанға көшкісі келетінін айтты. Қазақ тілін қалай үйренгенін еске түсірді. 

"Түркіменстандағы қазақтар түркімен және қазақ тілдерін біледі. Бұл елде қанша қазақ отбасы тұратын білмеймін. Қазақшаны туған-туыстарымның арасында жүріп үйрендім. Отбасында тек қазақша сөйлейміз", - дейді Руслан Байдәулетов.

Иранда дүниеге келген Алланияз Шадкам есімді қазақ баласы бұл елде 7 мың қазақ тұратынын айтты. Оның айтуынша, Иранда да этникалық қазақтар бір-бірімен тек қазақша сөйлеседі.

Алланияз Шадкам
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Алланияз Шадкамның атасы Қазақстаннан Иранға көшіп барған
"Жасым 15-те. Әкем мен анам Иранда дүниеге келді. Атам Қазақстаннан Иранға көшіп келген. Оның бұл елде тұрғанына 50 жыл болыпты. Қазақшаны әкем мен анам үйретті. Үйде тек қазақша сөйлейміз. Ондағы қазақтар қалада тұрады. Бір-бірімізбен араласып тұрамыз. Мен Гүлстан облысындағы Вандартуркеман қаласынанмын", - дейді ол.

Алланияз да бізбен өз арманымен бөлісті. 

"Биыл мен 9-сыныпты бітірдім. Арманым Қазақстанға оралу. Осында білім алғым келеді. Парсы, ағылшын, түркімен, қазақ тілін білемін", - дейді қазақ баласы.

Моңғолияның Баян-Өлгей қаласындағы Әйгерім Мандат моңғол мектебінде білім алса да, қазақ тілін ұмытпапты.

Әйгерім Мандат
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Әйгерім Мандат Қазақстанда оқығысы келетінін айтты

"Бастама" мектебінде монғолша білім аламын. Мектепте қазақша сөйлеуге болмайды. Кітаптар да моңғол тілінде. Үйде тек қазақша сөйлейміз. Сондай-ақ, спутник арқылы қазақша кино мен қазақстандық телеарналарды тамашалаймыз. Алайда сыртта тек моңғолша сөйлесеміз", - дейді жасөспірім.

Әйгерім Мандаттың айтуынша, ол биыл 10-сыныпты бітіріпті. Арманы жоғары оқу орнына түсу.

"Ата-анам мені Ұлан батыр қаласындағы университетте журналистика мамандығы бойынша оқытқысы келеді. Бірақ мен Қазақстанда оқығым келеді. Моңғол, қазақ тілдерін еркін меңгергенмін. Ағылшын тілінде де сөйлей аламын. Сондай-ақ француз, испан тілдерін үйренгім келеді", - дейді ол.

Адэма Гумарова болса, Ресейдің Алтай республикасындағы Қосағаш ауданынан келген. Нұр-Сұлтан қаласына бірінші рет жол түсіпті. 

Адэма Гумарова
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Адэма Гумарова Қазақстанның астанасына алғаш рет келді

"Осы ауданға қарасты ауылдардың бірінде тұрамын. Ауылымыз Барнауыл қаласынан шамамен 450 шақырым жерде. Ауылда орыс мектебі бар. Бірақ аптасына 3 рет қазақ тілі мән әдебиеті сабағы болады. Ауылымда барлығы қазақ тілінде сөйлейді. Отбасында тек қазақша сөйлесеміз. Осыған дейін Атырау қаласындағы қазақ тілі және әдебиетінің халықаралық олимпиадасында 2-орынды жеңіп алдым. Атамекенімді көргеніме өте қуаныштымын", - деп түйіндеді сөзін қазақ қызы.

Сондай-ақ, ол Қазақстаннан келетін қазақша кітаптарды міндетті түрде оқитынын атап өтті.

946
Кілт сөздер:
бала, қазақ, шетел, Қазақстан, арман
Тақырып бойынша
"Төмендету бар сияқты": атамекеніне алғаш рет келген Өзбекстан қазағының әңгімесі
Қазақстан шетелдегі қазақтарға қандай қолдау көрсетеді?
Шетелдегі қазақ балаларының арасында "Ұлы Дала Елі" байқауы өтті
Әлемнің әр елінен жиналған қазақтар шағын футболдан өзара сайысқа түсті
Өзбекстандағы шенді қазақ: құжатындағы "қазақты" өзгертпеген генерал Құдайбергенов кім?
Аурухана, архивтегі фото

Коронавирус пен пневмониядан тағы алты қазақстандық қайтыс болды

29
3200-ден астам адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 287 бала бар, 117 адамның жағдайы ауыр

АЛМАТЫ, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бүгінде коронавирус инфекциясынан 3 201 адам емделіп жатыр. Оның ішінде 287 бала бар.

"Стационарларда 2 289 науқас, амбулаториялық деңгейде 912 пациент емделіп жатыр. 117 адамның жағдайы ауыр, ал 13 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 15 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бір тәулікте коронавирустан бес адам, пневмониядан бір адам қайтыс болды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті 

Айта кетейік, өткен тәулікте республикада 268 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен қатар 174 адамға коронавирус белгісі бар пневмония диагнозы қойылды.

Пандемия басталғаннан бері Қазақстанда 111 100 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 1 840 адам қайтыс болды. 37 378 адам пневмониямен ауырып, 397 адам қайтыс болды.

29
Кілт сөздер:
коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды
Зертхана, архивтегі фото

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт өсті

512
(Жаңартылды 13:14 29.10.2020)
Антирейтинге Шығыс Қазақстан облысы көш бастады – мұнда бір тәулікте жүзден астам адамнан инфекция табылды  

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 268 адам коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлады коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл бір күн бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда екі еседей көп, 28 қазанда 148 науқас тіркелген болатын.

Оқи отырыңыз: Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды 

Науқастардың саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы көш бастап тұр, мұнда бірден 139 адамнан вирус анықталды.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 33,
  • Алматы қаласы – 12,
  • Шымкент қаласы – 2,
  • Ақмола облысы – 10,
  • Ақтөбе облысы – 2,
  • Алматы облысы – 5,
  • Атырау облысы – 4,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 139,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 9,
  • Қарағанды облысы – 10,
  • Қостанай облысы – 7,
  • Қызылорда облысы – 6,
  • Павлодар облысы – 12,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 13,
  • Түркістан облысы – 1.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны –111 100.

512
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Қарашадан бастап бес уақыт намазды мешітте оқуға болады
Бекшин коронавирус жұқтырғандардың қай елдерден көп келетінін айтты
Екінші тоқсанда 1,2 миллион оқушы мектепке барып оқиды
Әлемде бір аптада COVID-19 жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жетті
Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды
Қазақстанның ұлттық валютасы

Парламент бюджетке түзетулерді қабылдады: қосымша ақша қайда жұмсалады

12
Медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау үшін 238,7 миллиард теңге қосымша қаржы қарастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Сенат 2020 жылға арналған республикалық бюджетке түзетулерді қабылдап, мемлекет басшысының қол қоюына жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Республикалық бюджетті нақтылаудың негізгі міндеті – медициналық қызметкерлерге материалдық қолдау көрсету және коронавирустың екінші толқынына қарсы белсенді шаралар қабылдау. Осы мәселелерді шешу үшін 238,7 миллиард теңге қосымша шығыстар көзделді", - деді қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев сенаттың жалпы отырысында.

Ақша мынадай бағыттарға жұмсалады:

  • карантин шараларын жүргізуге тартылған медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 143,4 миллиард теңгеге қосымша ақы төлеу;
  • тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында COVID-19-дың таралуына жол бермеу мақсатында медициналық қызметтерге ақы төлеу – 83,2 миллиард теңге;
  • ішкі істер органдарының қызметкерлеріне эпидемияға қарсы іс-шараларға қатысқаны үшін сыйлықақы төлеу –  11,7 миллиард теңге;
  • әкімшілер ұсынған қаражатты қайта бөлуді ескере отырып, экономиканың нақты секторын дамытуға және күш құрылымдарын әлеуметтік қолдауға – 261,7 миллиард теңге.

"Осы қаражат есебінен өндірісті ынталандыруға бағытталған бірқатар шара мен жобаны іске асыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен табысын ұлғайту жоспарлануда", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк қазақстандықтардың кредиті көбейетінін болжап отыр 

Ол барлық мемлекеттік бағдарламаның іс-шараларын жеткілікті қаржымен қамтамасыз ету көзделгенін атап өтті. Бұдан бөлек, бюджетті нақтылау аясында президент жарлығына сәйкес мемлекеттік органдар құру және қайта ұйымдастыру бойынша қаражатты қайта бөлу жүзеге асырылды.

Нәтижесінде, республикалық бюджеттің параметрлері келесідей қалыптасты. Республикалық бюджет түсімдері 12 триллион теңге көлемінде анықталды. Тапшылық жалпы ішкі өнімге 3,5 процент деңгейінде сақталды. Республикалық бюджет шығыстарының көлемі 14,5 триллион теңгені құрайтын болады.

12
Кілт сөздер:
парламент, коронавирус, бюджет
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы