Дәурен Абаев

Министр Абаев эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды - видео

734
(Жаңартылды 10:26 12.07.2019)
Дәурен Абаев президент Ерлан Қарин мен айтыскер Айнұр Тұрсынбаеваға эстафета жолдады

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған эстафетаға қатысты.

"Құрметті ағайын! Ләйлім есімді кішкентай қызымыз Абайдың мерейтойына орай ақын өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын маған да жолдаған екен. Абай шығармалары әлі күнге өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Сол себепті ұлы ойшылымызды әлем мойындайды. Сондықтан бұл бастаманы мен де үлкен қуанышпен қабыл алдым", - деп министр ақынның "Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат" өлеңін оқып берді.

Дәурен Абаев эстафетаны президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин мен айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваға жолдады.

Эстафетаға қатысқандар

Президент Тоқаев Абайдың 175 жылдығын атап өтудің маңызы туралы айтып, ақын шығармашылығына арналған эстафетаға қатысқан еді.

Тоқаев эстафетаны әнші Димаш Құдайбергенге жолдап, ол бүкіл тыңдармандарын осы челленджге қатысуға шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

Ресейлік композитор әрі продюсер Игорь Крутой да Абай өлеңдерінен үзінді оқыды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash)

734
Кілт сөздер:
видео, Дәурен Абаев
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (63)
Тақырып бойынша
Білім министрі Тоқаев жолдаған эстафетаны қабылдады – видео
Димаш Тоқаевтан эстафета қабылдады - видео
Игорь Крутой Димаштан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды 
бетперде киген адамдар

Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады Бекшин

0
Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 35%-і - 20-39 жастағы азаматтар, 27-28%-і - 40-59 жас аралығындағы тұрғындар

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өсті. Бұл туралы Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматыда коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдай соңғы төрт күнде күрт нашарлады. Күніне 125, 140 адамға дейін инфекция жұқтырды. Соған байланысты 25 қаңтардан бастап Алматы коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймақтан "қызыл" аймаққа өтті. Біз қазір арнайы іс-шара әзірлеп, енгізуге дайынбыз", - деді қаланың бас санитар дәрігері.

Індет басталғалы Алматыда 21 547 адам инфекция жұқтырды, 1 662 коронавирустық пневмония тіркелді. Қаңтарда қалада 3 026 адам коронавирус жұқтырған, 237 адам пневмонияға шалдықты.

Бекшиннің айтуынша, Алматыда COVID-19 індетінің алғашқы толқыны наурыз–сәуір айларында басталды. Шілде айында 6 мыңнан астам жағдай тіркеліп, инфекция таралуының шыңына жетті. Қыркүйекте індет жұқтырғандар саны төмендеді. Қазанда инфекцияның таралу қарқыны өсті, қазіргі уақытта пандемияның екінші толқыны жалғасуда.

"Алматы қаласы 8 желтоқсаннан бастап "сары" аймақта болды. Екі рет қысқа мерзімге "жасыл" аймаққа өттік. Алайда 31 желтоқсаннан бастап инфекция жұқтырғандар күрт көбейді, бұл күні 110 адамнан коронавирус табылды", - деді Бекшин.

Науқастардың 40%-і қоғамдық орында, 20%-і қоғамдық көлікте, отбасы ішінде 28%-і жұқтырды.

Айтуынша, кейінгі үш аптада отбасылық іс-шара, сондай-ақ, кинотеатрлар мен театрға барып инфекция жұқтырғандар анықталды. Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 35%-і 20-39 жастағылар, 27-28%-і 40-59 жас аралығындағы тұрғындар. Қаланың бас санитар дәрігерінің айтуынша, олар сауда орындарында, базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында жұқтырған.

0
Кілт сөздер:
Алматы, Жандарбек Бекшин

Қытайда пандемияға қатысты жасырын ақпарат белгілі болды

451
(Жаңартылды 16:28 27.01.2021)
Сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.

Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.

"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.

Дегенмен, танымал қытайлық вирусологтар инфекцияның өз жерінде шыққанымен келіспейді. Олардың ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшылары ондай қорытынды жасау әлі ерте екенін айтып отыр. Себебі зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ. Алайда кейбір ғалымдар жаңа вирустың Қытайдан шыққанына сенімді.

"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.

Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.

451
Кілт сөздер:
коронавирус, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берілді
"Бұл біздің уәдеміз": Қытай елшісі COVID-19-ға қарсы вакцина туралы айтты
Қытай азаматтары COVID таратты деген ақпарат жарияланды – министрлік не дейді   
Қытай мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ сотталды – видео
Twitter ұйғырлар туралы жазбадан кейін Қытай елшілігі парақшасын бұғаттады