Қоғам

Кішкентай ит арыстандармен айқасты, оқиғаның соңын ешкім күтпеді – видео  

© Sputnik / Виталий Аньков / Медиабанкке өтуАрыстанның күшігі, архивтегі фото
Арыстанның күшігі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арыстандар иттің жемтігін тартып алмақ болады, алайда джек-рассел-терьер табанды қарсылық көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде — Sputnik. Джек-рассел-терьер тұқымды кішкентай иттің алдында ірі арыстандар дәрменсіз болып шықты. Сенбесеңіз, видеоны көріңіз.

Мына кішкентай ит үлкен және қауіпті арыстандардан қорыққан жоқ. Олар оның жемтігін тартып алмақ болады, алайда джек-рассел-терьер табанды қарсылық көрсетеді.  

Видеодан бұл шайқаста "аң патшалары" жеңіліс тауып, аулақ кетіп қалғанын көруге болады.

Тағы оқыңыз: Баласына араша түскен борсық леопардқа жан ұшыра тап берді - видео 

Жалпы иттің джек-рассел-терьер тұқымы агрессивті емес: олар ойнағанды, жүгіріп, айналадағыларға қуаныш сыйлағанды жақсы көреді. Дегенмен тамағын тартып алып жатса қарап тұрмайды.      

Жаңалықтар
0