Иманғали Тасмағамбетов

Тасмағамбетов Абайдың шығармасынан үзінді оқу эстафетасына қатысты - видео

3130
(Жаңартылды 09:19 13.07.2019)
Иманғали Тасмағамбетов ұлы ақын Абайдың 175 жылдығына орай шығармаларынан үзінді оқу эстафетасына қатысты

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде — Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов Абай Құнанбаевтың "Қара сөздерінен" үзінді оқып берді.

Иманғали Тасмағамбетов 6-шы қара сөзді таңдаған екен. Онда бірліктің күші, оған қалай қол жеткізу керек және бұл жолда қандай кедергілер кездесетіні туралы айтылады.

"Мен поэзия эстафетасын досым Игорь мен Маралтай інімнен қабылдап, ұлы Абайдың алтыншы қара сөзіне тоқталсам", - деп елші ақынның қара сөзін ерекше ықыласпен жеткізді.

Тасмағамбетов эстафетаны өзінің жан досы, көрнекті мәдениет қайраткері Досхан Жолжақсыновқа жолдады.

Еске сала кетсек, танымал ресейлік продюсер Игорь Крутойға Абайдың өлеңдерінен үзінді оқу эстафетасын әлемге әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген жолдаған еді.

Тағы оқыңыз: Игорь Крутой Абайдың өлеңін оқыды - видео

View this post on Instagram

A post shared by Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) on

Ұлы ақынның 175 жылдығына арналған эстафета желіде кең танымалдыққа ие болды. 

Челленджге Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысқан.

3130
Кілт сөздер:
Абай Құнанбайұлы, Иманғали Тасмағамбетов
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (63)
Тақырып бойынша
Абайдың қара сөздері (1-15)
Абайдың қара сөздері (16-30)
Абайдың қара сөздері (31-45)
Абай жазған заң: Ғалымдар "Қарамола жарғысының" түпнұсқасын тапты
Тоқаев 9 жасар қыздан эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды – видео
Министр Абаев эстафета қабылдап, Абайдың өлеңін оқыды - видео

Қытайда пандемияға қатысты жасырын ақпарат белгілі болды

241
(Жаңартылды 16:28 27.01.2021)
Сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.

Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.

"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.

Дегенмен, танымал қытайлық вирусологтар инфекцияның өз жерінде шыққанымен келіспейді. Олардың ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшылары ондай қорытынды жасау әлі ерте екенін айтып отыр. Себебі зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ. Алайда кейбір ғалымдар жаңа вирустың Қытайдан шыққанына сенімді.

"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.

Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.

241
Кілт сөздер:
коронавирус, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берілді
"Бұл біздің уәдеміз": Қытай елшісі COVID-19-ға қарсы вакцина туралы айтты
Қытай азаматтары COVID таратты деген ақпарат жарияланды – министрлік не дейді   
Қытай мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ сотталды – видео
Twitter ұйғырлар туралы жазбадан кейін Қытай елшілігі парақшасын бұғаттады
Вакцина, коронавирус

COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды маман кеңесі

498
(Жаңартылды 15:53 27.01.2021)
АҚШ-тың Джордж Мэйсон университетінің жүйелі биология мектебі арнайы зерттеу жүргізген. Мамандар қорытындысын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус оң тесті, постковидтік жағдай, IgM антиденелері бар болғанда және ауыр сырқат кезінде вакцина салдыртуға болмайды. АҚШ-тың Джордж Мэйсон университеті жүйелі биология мектебінің мамандары осы бес жағдайда вакцина алуға болмайды деп отыр. 

"Мәселен, біз антиденеге қан тапсырып, М иммуноглобулиндері табылса, ағза вирусқа иммундық жауап беруді жалғастырып жатыр деген сөз. Демек, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, ағза вируспен байланыста. Вирус жасырын болуы мүмкін. Бұл жағдай персистенция деп аталады", - деді биологтар.

Ал постковидтік жағдай деген ағзада IgG, без IgM антиденелерінің болуы. Олар болса, вакцинациядан өтудің қажеттілігі жоқ, деп жазады Lenta.ru7

"Иммуносупрессия немесе склероз сырқаты барлар екпе салдырмас бұрын дәрігерге қаралуы тиіс. Бірақ дәрігерлер де мұндай жауапкершілік алғысы келмейді. Сондықтан ауыр сырқатқа шалдыққандарға вакцина салдырмаған жөн", - дейді мамандар.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

498
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Алматылық дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын хабарлады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салына ма – министрлік жауабы  
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?
Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
"Шешім қабылдаған жоқпын": министрлер мен депутаттар қандай вакцина салдыратынын айтты