Қоғам

Құрбан айтта демалыс жоқ: тамызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

© AP Photo / Alexei FilippovҰлттық киім киген ер адам
Ұлттық киім киген ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Биыл мереке күнін қосқанда, тамыз айының он күні – демалыс

НҰР-СҰЛТАН, 16 шілде – Sputnik. Сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда қазақстандықтар тамыз айында он күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Мұсылман күнтізбесі бойынша аталып өтетін Құрбан айттың алғашқы күні демалыс болып саналады. Биыл діни мейрамның бірінші күні 11 тамыз, яғни жексенбіге түсіп тұр. Бірақ ұлттық немесе мемлекеттік мереке болмағандықтан, демалыс күні ауыстырылмайды.

Ал 30 тамыз – Конституция күні. Осы жылы мемлекеттік мереке жұмаға тұспа-тұс келіп отыр. Тиісінше қазақстандықтар бұл күні жұмыс істемейді. Әрі қарай демалыс күндері түсіп тұрғандықтан, Конституция күнінде Қазақстан халқы қатарынан үш күн демалады.

Тағы оқыңыз: Құрбан айт 2019: мереке жайлы не білуіміз керек?

Осылайша, сенбі-жексенбі және Конституция күнін қосқанда, тамыз айының он күні демалыс болып отыр.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, мереке күндері кезінде жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында үкімет демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы.

Жаңалықтар
0