Ұлттық экономика министрлігінің лауазымды шенеунігі сот залында босатылды

Ұлттық экономика министрлігінің лауазымды шенеунігі сот залында босатылды

803
(Жаңартылды 19:05 17.07.2019)
Департамент директоры Асланбек Жақыпов ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 шілде — Sputnik. Ұлттық экономика министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің басшысы Асланбек Жақыповқа қатысты шығарылған үкімнің күші жойылды. Қылмыстық іс бас прокурорға қайта жіберіліп, Жақыпов сот залында қамақтан босатылды, деп хабарлады елордалық соттың баспасөз қызметі.

Жақыпов ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

2019 жылдың сәуірінде Асланбек Жақыповқа 500 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылды. Кейін 29 мамырда ол алаяқтық жасады деп танылып, үш жылға сотталды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан өмір бойына айырылды.

Тағы оқыңыз: Алматы облысында депутат пен ұлы сотталды

Жақыповтың аппеляциялық шағымын қылмыстық істер бойынша сот алқасы қараған.

"Қылмыстық-процессуалдық заңнаманың нормаларын бұзу деректерін жою үшін аппеляциялық алқаның шешімі бойынша қылмыстық іс бас прокурорға қайтарылды", - деп жазылған соттың сайтында.

Айта кетсек, Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов қоластындағы қызметкері кінәсін мойындаған жағдайда отставкаға кететінін мәлімдеген еді.

Ал президент Тоқаев мемлекеттік органдардың басшылары қарамағындағы қызметкерлері жемқорлықпен ұсталған жағдайда жауап беретінін айтқан болатын.

803
Кілт сөздер:
Ұлттық экономика министрлігі
Тақырып бойынша
Дүйім жұрттың жағасын ұстатқан жетісайлық келіншек сотталды
Үйлену тойына ақша жетпеген: Шымкентте бай ерлі-зайыптыны өлтірген жігіт сотталды
Түркістан облысында жемқор басшылар сотталды
Сириядан құтқарылған 19 жастағы жігіт сегіз жылға сотталды
Тоқаевтың ұсынуымен Жоғары соттың бес судьясы қызметінен босатылды
Қазақстанда бірнеше полицей сотталды
Ат мінемін деп басы дауға қалған Аян Дүйсенбаев қызметінен босатылды
Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

Тоқаев бас прокурорға тапсырма берді

96
(Жаңартылды 21:50 19.10.2020)
Мемлекет басшысына бизнесті қорғау және бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтірудің жолын кесу жұмыстары туралы баяндалды

НҰР-СҰЛТАН, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар қорытындылары туралы есеп берілді.

Ғизат Нұрдәулетов президенттің қылмыспен күресті күшейту, құқық қорғау және өзге де органдардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін үйлестіру жөнінде жүктеген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен кезеңде елімізде қылмыс көлемі үш есеге жуық азайған. Ұрлық, қарақшылық шабуылдар, тонау және бұзақылық қылмыстары екі есе аз тіркелген.

Бас прокурор заңдылықты сақтауды қадағалау барысында прокурорлар сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша 63 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалаудың тоқтатқанын айтты. Сондай-ақ, тергеу мерзімін тоқтату және кейінге шегеру жөніндегі 17 мың заңсыз қаулының күшін жойғанын жеткізді.

Мемлекет басшысына бизнесті қорғау және бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтірудің жолын кесу жұмыстары туралы баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жекелеген саладағы қызметін реттейтін  заңнаманы сақтау жөніндегі тексерулердің нәтижелері бойынша прокурорлардың қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.

96
Кілт сөздер:
прокурор, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Назарбаев Тоқаев неге президент болғанын айтып берді
Қазақстан бұрын-соңды болмаған дағдарысты бастан өткеруде – президент
Тоқаев кадрлық ауыс-түйіс жасады
Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты Маминге тапсырма берді
Тоқаев құтқарушыларды кәсіби мерекемен құттықтады
Сот отырысы

Алматы блок бекетіндегі апат: прокурор экс-полицейді 10 жылға соттауды сұрады

101
Прокурор екі полицейдің қазасына кінәлі Азат Азаматовты өмір бойына жүргізуші куәлігінен айырып, он жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

АЛМАТЫ, 19 қазан – Sputnik. Алматы қаласындағы блок бекеттегі апатқа қатысты қылмыстық іс бойынша талқылау жалғасып жатыр. Істі Алматы облысының Қарасай аудандық сотында судья Мәди Көшікбаев жүргізуде, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұрынғы полиция қызметкері Азат Азаматовқа Қылмыстық кодекстің 345-бабы ("көлiкті басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша айып тағылып отыр. Прокурор соттан Азаматовты 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Оны кінәлі деп танып, он жылға бас бостандығынан айыруды сұраймын. Сондай-ақ, Азаматовты өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру туралы сот шешімі қажет деп санаймын", - деді прокурор.

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Бұған дейінгі кезекті отырыста сотталушы өз кінәсін толық мойындады

Бұған дейінгі кезекті отырыста сотталушы өз кінәсін толық мойындаған еді.

"Құрметті сот, мен жасаған ісімнің кінәсін мойындаймын және өкінемін", - деді Азат Азаматов.

Айыпталушы апат болған кезде ұйықтап жатқанын және басқа ештеңе есінде жоқ екенін айтты. 24 мамырда Көксай ауылына кездесуге барғанын, көлікте сыра ішкенін мәлімдеді.

В Карасайском районном суде проходит заседание по ДТП со смертельным исходом на блокпосте
© Sputnik / Тимур Батыршин
Сот отырысы

"Жол полициясында жұмыс істеген үш әріптесіммен бірге іштім. Олар менің бұрынғы әріптестерім. Басқа ештеңе есімде жоқ, ауруханада ояндым. Олар менің апатқа ұшырағынамды айтты. Қалай болғаны есімде жоқ", - деді Азаматов.

Алматы блок бекетіндегі жол апаты

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы №4 блок бекетте BMW көлігін тізгіндеген жүргізуші бетон қоршауына соғылған болатын.

BMW патрульдік көлікке қарай ұшып түскен, оның ішінде екі полиция қызметкері отырған.

42 жастағы тәртіп сақшысы Жарас Жанғазиев жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аса ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады.

Алматы полициясының тағы бір қызметкері – есірткімен күрес жөніндегі бөлім маманы Ербұлан Сейдазым ауыр жағдайда жансақтау бөліміне жеткізілді.

101
Кілт сөздер:
сот, полицейлер, апат, Алматы
Тақырып бойынша
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
Блок бекетте шын мәнінде не болғаны жұртқа жария етіледі – полиция бастығы
Блок бекетте 2 адамды өлтірді деген күдікке ілінген экс-полицей: Есімде ештеңе жоқ  
Бір жыл бұрын апат болған Шамалған стансасында жаяу жүргіншілер көпірі ашылды
Тоғыз адам көз жұмды: Атырау облысында жантүршігерлік апат болды
Күзгі астана

Қазақстанда 20 қазанда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 20-29 қазан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

20 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

09:00 – Үкімет отырысы. Күн тәртібінде ветеринарлық, фитосанитарлық қауіпсіздік, дәрі-дәрмекпен қамту мәселелері талқыланады. Отырыс PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарда көрсетіледі. Байланыс: 8 (7172) 75 00 10, press.kpm@mail.ru.

11.00 – Бернард Шоудың "Пигмалион" пьесасын онлайн оқу. Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы оқиды (трансляция театрдың Instagram парақшасында жасалады).

12.30 - Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында диктант жазудан халықаралық акцияға арналған Спикерлер: ғарышкер Айдын Айымбетов (диктант оқитын адам), жоба үлестірушісі Лаура Ілиясова, Нұр-Сұлтандағы Ресейдің ғылым және мәдениет орталығының директоры Алексей Коропченко. Байланыс үшін: +7 (747) 2207401 (WhatsApp). Трансляция Sputnik Қазақстан сайты мен YouTube-каналда жасалады.

21 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

14.00 – Мәскеу - Ереван - Минск - Нұр-Сұлтан бейнекөпірі. Іс-шара Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары Тигран Саркисянның қатысуымен Еуразиялық кеңістіктегі COVID-19 пандемиясының таралуына және жағымсыз салдарларын жеңуге және еңсеруге арналған үздік цифрлық шешімдерге арналған Еуразиялық даму банкінің (ЕДБ) цифрлық бастамалар қоры конкурсының қорытындылары аясында өтеді. Бейнекөпірдің трансляциясы Sputnik.kz сайтында және біздің Facebook парақшасында қолжетімді. Спикерге қойылатын сұрақтарды a.nurgazinova@sputniknews.com мекен-жайына жіберуге болады.

23 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  

19.00 – "Женитьба" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан, Желтоқсан көшесі 11-13).

26 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР  
Алматы

17.00 – "Счастливые поют" музыкалық қойылымы – қос сахна саңлағы – Фрэнк Синатра мен Эдит Пиафқа арналған қойылым (Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры).

28 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Мадам Баттерфляй" операсының премьерасы, "Астана Опера" театры (Қонаев көшесі, 1. Байланыс телефоны: +7 (7172) 70 95 94).

29 ҚАЗАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Дикарь. Третье слово" қойылымы, Максим Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры (Нұр-Сұлтан қаласы, Желтоқсан көшесі 11-13).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0