Қоғам

Полицияға көмектескен қазақстандық бір күнде миллионер болып шыға келді

© Photo : GoumbikАқша, архивтегі сурет
Ақша, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банктің бұрынғы қызметкері туралы ақпарат берген тұрғынға 26 мың доллар төленді

НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде — Sputnik. Банктің бұрынғы қызметкері туралы ақпарат берген қазақстандыққа 10 миллион теңге (26 мың долларға жуық) табысталды. Қауіпсіздік мақсатында миллионердің аты-жөні жарияланған жоқ.

Kaspi bank-тің бұрынғы қызметкері 21 шілде, жексенбі күні ұсталды. Алаяқты банктің қауіпсіздік қызметі мен Павлодар облысының полиция департаменті бірлесе қолға түсірді.

"Күдіктінің мекен-жайын анықтауға көмек көрсеткен тұрғынға Kaspi 10 миллион теңге көлеміндегі сыйақы берді. Қауіпсіздікті сақтау үшін миллионердің аты-жөні жарияланбайды", - деп хабарлады қаржы мекемесінің баспасөз қызметі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaspi.kz (@kaspi.kz)

11-12 шілдеде Павлодардағы полиция басқармасының орталық бөліміне алаяқтық фактісі бойынша 28 адам өтініш білдірген.

Алдын ала мәліметке сәйкес, банктің бұрынғы қызметкері кепілде тұрған мүлікті арзанға сатып алуға көмектесемін деп, зардап шегушілерді өз шотына қаржы аударуға көндірген. Кейін ізін суытты.

Kaspi bank банкпен барлық қаржы операциясы келісімшартпен бекітілетінін атап өтті. Мекеме еш уақытта ақшаны жеке адамның шотына аударуды талап етпейді.

Жаңалықтар
0