Қоғам

Қорықшының өлімі: Тоқаев тапсырма берді

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда, архивтегі фото
Ақорда, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекет басшысы қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылатынын айта келе, киіктерді атқандарға жазаны күшейтуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде— Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаза болған қорықшының отбасына көңіл айтты.

Ақмола облысында браконьерлер қорықшыны атып өлтірді 

Ол қанды қылмысты жасағандар жазаланатынын мәлімдеді.

"Браконьерлермен арпалыста ерлікпен қаза болған қорықшы Қаныш Нұртазиновтың жақындарына шынайы көңіл айтамын. Қаскөйлер ұсталып, сотқа тартылады. Киіктерді атқаны үшін жазаны күшейту қажет. Қаза тапқан Қ.Нұртазинов марапатталатын болады. Егерь С.Оспановтың сауығып кетуін тілеймін", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.

Браконьерлер қорықшыларға шабуылдады

Сейсенбіде Ақмола облысында "Охотзоопромның" төрт қызметкері Бірсуат ауылында екі жол талғамайтын көлікпен киіктерді күзету шарасын өткізген. Рейд кезінде ақбөкеннің ауланғаны анықталып, қорықшылар браконьерлердің соңына түседі. Нива" көлігінен оқ атылып, салдарынан екі инспектор жарақат алған. Инспекторлардың бірі кеудесінен оқ жарақатын алып, дәрігерлер келгенше жан тапсырды. 1975 жылы туған екінші инспектор кеудесі мен иығынан жарақат алған.

Ақмола облысының полициясы күдіктілерді іздеп жатыр.

Қарағанды облысындағы қорықшы өлімі

Дәл осындай оқиға биыл қаңтар айында Қарағанды облысында болған еді. Браконьерлер "Охотзоопром" инспекторларына оқ жаудырған.

Оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қорықшылардың бірі Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.

Жаңалықтар
0