Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігі

Лондон қазағы шетелдегі қандастарымыз туралы ащы шындықты айтты

5575
Отыз жылдан астам Ұлыбританияда тұрып жатқан қандасымыз шетелдегі қазақтардың тұрмысы жайлы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде – Sputnik, Дәурен Ерболат. Ұлыбританиядағы қазақ мәдениеті қоғамының бұрынғы төрағасы Ысмайыл Кесижи ағылшын елінде қазақтардың қалай тұрып жатқанын, шетелде қазақша білетін жастардың азайғанын, Еуропа қазақтарының тарихи отанына оралу жоспарын Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында айтып берді.

Тұманды Альбиондағы қазақтар

57 жастағы Ысмайыл Кесижи 1962 жылы Түркияда дүниеге келген. Нидэ қаласындағы Алтай деген қазақ ауылында 6 жасына дейін тұрған. Ал 1969 жылы Ыстамбұл қаласына көшеді. 1986 жылы 24 жасында Лондон қаласына қоныс аударып, кейін Ұлыбритания азаматтығын алыпты.

"Бұл қалада тұрғаныма 33 жыл болды. Отыз жасымда үйлендім, әйелім - қазақ. Он сегіз жастағы ұлым Лондондағы колледжде оқиды. 24 жастағы қызым шымкенттік жігітке тұрмысқа шықты. Ол Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс істейді. Балаларым қазақша сөйлейді. Түркия қазақтары алғаш рет Ұлыбританияға 1970 жылы қоныстанды. Он жылдан соң қазақтардың саны артып, 100 отбасы болды. Кейін жартысы Түркияға көшіп кетті. Сөйтіп, мұнда 50-60 қазақ отбасы қалды", - дейді ол.

© Photo : Ысмайыл Кесижидің жеке архивінен
Ұлыбританиядағы қазақ мәдениеті қоғамының бұрынғы төрағасы Ысмайыл Кесижи

Айтуынша, Ұлыбританияда Қытайдан, Моңғолиядан, Қазақстаннан көшіп келген қазақ отбасылары бар, бүгінде бұл мемлекетте шамамен 1000 қазақстандық студент білім алып жатыр.

"Шетелдегі қазақтар ешкімге тәуелді емес"

Ысмайыл Кесижидің айтуынша, Ұлыбританиядағы қазақтар әртүрлі салада еңбек етеді, ешкімге тәуелді емес. Англияға алғаш барған қазақтар жеңіл өнеркәсіпте тер төгіпті. Ал осында туып-өскен қандастарымыз бүгінде мемлекеттік қызметте, банк саласында еңбек етіп жүр.

"Біріншіден, мұнда өмір сүру сапасы Қазақстаннан жоғары. Екіншіден, әрбір қазақ ешкімге тәуелді емес. Олар жұмысын істеп, өмір сүріп жатыр. Ұлыбританияға алғаш барған түркиялық қазақтар еңбек мигранттары еді. Олар тоқыма өнеркәсібі, тері өңдеу саласында жұмыс істеді. Сол қазақтардың бір бөлігі бүгінде зейнет жасында. Ал кейбірі - такси жүргізушісі, тағы бірінің дүкені бар. Әркім әртүрлі қызмет атқарады", - дейді Ұлыбритания қазағы.

Әңгіме барысында ол бастапқыда тоқыма өнеркәсібінде жұмыс істеп, кейін кішігірім фабрика, жеке мейрамхана ашқанын айтып берді. Қазір Ысмайыл Кесижи сән саласында жұмыс істейді, түрлі эскиздер салады.

Ұлыбританияда табыс көлемі қанша?

Лондонда тұратын қандасымыз Ұлыбританияда жалақы жоғары екенін атап өтіп, айлықтың жылмен есептелетінін түсіндірді.

"Жалақы 40-80 мың фунт стерлинг аралығында (19 миллион 120 мың теңге – 38 миллион 240 мың теңге). Қара жұмысшылар 40 мың фунт стерлингтен төмен жалақы алады", - дейді ол.

Тағы оқыңыз: "Жаныңнан өте шығады": жас кәсіпкер Нью-Йорктегі қазақтардың араласпайтынына қынжылды

"Тіл - өзекті мәселе"

Ысмайыл Кесижи Ұлыбританиядағы қазақ мәдениеті қоғамын 17-18 жылдай басқарып, былтыр ғана қызметінен босатылған. Ол Қайрат Әбусейітов, Ержан Қазыханов, Ерлан Ыдырысов сынды елшілердің жақсы жұмыс істегенін айтты. Дегенмен, жұмысты ұйымдастыру барысында кемшіліктер де болыпты.

"Мұндағы қазақтарға ана тілін үйретуде Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі тиісті жұмыс атқарды. Аптасына екі рет қазақ тілі курсы ұйымдастырылды, кітаптар таратылды. Алайда осындағы кейбір ата-аналар балаларын бұл курсқа әкелуге ерінді. Ал қазақстандық тараптың ұйымдастыру шеберлігі жетіспеді. Екі жақтан да кемшіліктер болды. Сондықтан қазақ тілінің мәселесі әлі өзекті болып отыр", - дейді этникалық қазақ.

© Photo : Ысмайыл Кесижидің жеке архивінен
Ысмайыл Кесижидің балалары қазақша таза сөйлейді. Қызы Шымкент жігітіне тұрмысқа шығып, қазір Нұр-Сұлтанда тұрып жатыр

Ысмайыл Кесижидің айтуынша, Еуропадағы қазақтар көбіне түрікше сөйлейді. Өкінішке қарай, он-он бес жылдан соң Ұлыбританиядағы қазақ балалары ана тілін білмей қалу қаупі бар екен.

"Мұндағы қазақтар ақпараттың басым бөлігін түрікше алады. Түркияның әлемге хабар тарататын 250 телеарнасы бар. Ал Еуропадағы қазақ балалары түрікше үйреніп, сөйлеп жүр. Қазақша білетін жастарымыз азайып барады. Он-он бес жылдан кейін дүние жүзі қазақтарының құрылтайы болса, оған қазақша білмейтін, ағылшынша, французша, немісше сөйлейтін қазақтар келуі мүмкін", - дейді ол.

"Қазақтар тарихи отанына қайтпайды"

Сондай-ақ Ысмайыл Кесижи Ұлыбританиядағы қазақтар тарихи отанына қайтқысы келмейтінін айтты. Себебі бұл елде табыс жоғары әрі мұнда қандастарымыздың тұрақты жұмысы мен жеке кәсібі бар.

"Менің ойымша, Еуропадағы қазақтар Қазақстанға қайтпайды. Шындықты айту керек. Мұнда өмір сүру сапасы мен жалақы жоғары. Бірақ шетелдегі қазақтарға Қазақстан тарапынан рухани тұрғыда салт-дәстүрді, қазақ тілін сақтауға көмек қажет. Ол кәсіби түрде жасалу керек", - дейді Лондон тұрғыны.

Шетелдегі қазақтар қазы-қартаны қайдан алады?

Ұлыбритания халқы жылқыны қатты құрметтейтіндіктен, бұл жануардың етін жемейтін көрінеді. Кесижидің айтуынша, тарихи отанынан барып-қайтқан қазақтар қазы-қартасын ала келеді. Кейде Италиядан жылқы етін алдыртады екен.

"Англияда жылқы сойылмайды. Әйелім бір рет Италияға барып, дәмді жылқы етін алып келді. Францияда да жылқы етін жейді. Бірақ франциялық, италиялық қасапшылар жылқыны қазақтар сияқты соймайды. Лондонда өзім қозы немесе тоқтыны сатып алып, пәкістандық қасапшыларға сойғызамын. Үйге әкеп, кейде тұздаймын. Бұл ет бір-бір жарым айға жетеді, сондықтан ет табу бізге проблема емес", - дейді қандасымыз.

Тағы оқыңыз: Назарбаевқа айтар өтінішім бар - Омбы қазағы

Оның айтуынша, Лондонда бір келі қой етінің бағасы – 5-6 фунт стерлинг (2400-2800 теңге шамасында), ал жиырма келілік тоқтыны 120 фунтқа (57 теңге шамасында) сатып алуға болады.

Ысмайыл Кесижи Еуропа қазақтарының қаны бұзылмағанын, ондағы қандастарымыз ұлын қазақ қызына үйлендіретінін, қызын қазақ жігітіне тұрмысқа беретінін атап өтті. Шетелдік азаматтарға үйленген немесе тұрмысқа шыққан қазақтар бар болса да, саны өте аз дейді.

5575
Кілт сөздер:
қандастар, шетелдегі қазақтар, Лондон
Тақырып:
Шетел қазақтары (37)
Тақырып бойынша
"Кімді кінәлайтыныңды да білмейсің" Голливудта танылған қазақ жігітінің ашық әңгімесі
Түркиядағы қазақ: әке-шешем атажұрты туралы жылап отырып айтады
Канадада тұрып жатқан қазақ: Қазақстанды Назарбаевсыз елестете алмаймын
Өзбекстандағы шенді қазақ: құжатындағы "қазақты" өзгертпеген генерал Құдайбергенов кім?
Нұр-Сұлтанға алғаш рет келген Ресей қазағы: Қазақстанға көшуге асықпаймыз
Әуежай қызметкері

Қазақстанда 26 қазаннан бастап қандай халықаралық рейстер қысқарады

66
Халықаралық төрт бағыт бойынша бір аптада 17 рейс қысқартылады. Бұған дейін Air Astana күз-қыс кезеңінде халықаралық рейстерді кейбір өзгеріспен орындауды жалғастыратынын хабарлады

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің азаматтық авиация комитеті эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты халықаралық рейстер саны қалай қысқаратыны туралы айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Осылайша, комитет Біріккен Араб Әмірліктеріне және кері рейстерді аптасына 8 рейске қысқарту туралы шешім қабылдады.

Беларусь еліне ұшу және кері қайту бойынша бес рейс, Германияға екі рейс қысқарады.

"Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап, әуекомпания сайттарында жарияланаған кестеге сәйкес эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай жүзеге асатын болады", - деп хабарлады ведомство. 

Бұған дейін Air Astana әуекомпаниясының күзгі-қысқы навигация кезеңінде халықаралық рейстерді кейбір өзгеріспен орындауды жалғастыратыны хабарланды.

Әуекомпания президенті Питер Фостер вирустың таралуын болдырмауға бағытталған үкіметтің шешімін қолдайтынын айтты. Алайда саяхат, туризм және демалыс индустриясы жаһандық экономикалық белсенділік пен жұмыс орындарын ұлғайтудың қуатты генераторы болып табылатынын атап өтті.

"Бұл салалардың 2021 жылдың басында толығымен қайта іске қосылуы өте маңызды. Олай болмаған жағдайда қаржылық және әлеуметтік салдары ұлттық экономика үшін де, адамдар өмірі үшін де қиын болады", - деп атап өтті Фостер.

66
Кілт сөздер:
рейстер, әуе қатынасы, Қазақстан
Тақырып бойынша
"Жағамызды ұстадық" Қазақстандық стюардессаның ашық әңгімесі
Қазақстандықтар апаттан зардап шеккендердің туыстарына ұшақтағы орындарын берді
Желіде малайзиялық ұшақтың апатына қатысты іс бойынша жаңа құжаттар пайда болды
Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды
Есмағамбетова: Ұшақта ешкім науқас адамның жанында отырғысы келмейді

Қонаевтың жаңа ескерткіші төңірегінде дау туды видео 

170
(Жаңартылды 21:31 20.10.2020)
Алматы облысының Бақанас ауылында мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың монументі орнатылады

НҰР-СҰЛТАН, 20 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде Дінмұхамед Қонаев бейнеленген ескерткіштің суреті мен видеосы тарап жүр. Мүсіншілер мен желі қолданушылар жаңа монументті сынға алды. Себебі оны талғамсыз жасаған, тіпті, пропорциясы да сақталмапты. 

Танымал мүсінші Олжас Мұхамеди де өз нарызылығын білдіріп, әлеуметтік желіде жазба жариялады.

"Тендер мен параға арналған ескерткіш! Мен Қазақстандағы ескерткіштер мен мүсіндер мәселесін бұрыннан бері көтеріп келемін. Алайда бәріне қазіргі жағдай ұнайтын сияқты. Бәлкім, президент осы проблемаға назар аудар. Мен өзім 60 адамнан тұратын бір топ мүсіншілердің атынан ұсыныс беруге дайынмын", – деп жазды Мұхамеди Facebook парақшасында.

Әлеуметтік желі қолданушылары оны қолдап, жаңа ескерткішті сынға алды. Дінмұхамед Қонаевтың басы кішкентай, ал денесі тым жалпақ және ұзын болып шыққан. 

Sputnik Қазақстан тілшісі Алматы облыстық әкімдігіне хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметіне сәйкес, Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін орнатуға бюджеттен ақша бөлінбеген. Барлығы демеушілер қаржысына жасалып жатыр.

"2020 жылы 15 қазанда мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау жөніндегі облыстық комиссия Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевқа арналған ескерткіш орнату бойынша барлық құжатты мақұлдаған болатын. Одан кейін тиісті құжаттар Нұр-Сұлтанға мемлекеттік комиссияның қарауына жіберілді", - дейді мамандар. 

Олардың айтуынша, мүсінді орнату туралы шешім бүгін қаралып, шығарылуы тиіс. Қазіргі кезде жаңа монумент қойылатын жерде дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

170
Кілт сөздер:
видео, ескерткіш, Дінмұхамед Қонаев
Тақырып бойынша
Жұрттың ашуын тудырды: Семейде Мәншүк Мәметованың ескерткіші алынып тасталды
Назарбаевтың Нұр-Сұлтандағы ескерткіші: құрылыс жайлы не белгілі  
"Ол мені қорғап қалды" Дінмұхамед Қонаев туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтанда мектепке Қонаевтың есімін беру ұсынылды – әкім не дейді?
Дінмұхамед Қонаевтың қарындасы қайтыс болды
Көлік қозғалысы

Нұр-Сұлтанда жаңа біржақты көше пайда болады

0
Бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданған

АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 25 қазаннан бастап Family village ауданында Е652 көшесінде бір бағытты қозғалыс енгізу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл шешім тұрғындардың елорда әкімдігіне осы көшедегі қозғалысқа жасаған шағымынан кейін қабылданды. 

Елордалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы мен әкімшілік полиция басқармасы бірлесіп, осы учаскелердің жол-техникалық жағдайын тексерген.

"Қозғалыс сағат тіліне қарсы бағытта болады. Белгіленген учаскеде бір бағытты қозғалысты енгізу көлік легінің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз етуге, қарсы бағытпен қақтығыс жағдайын азайтуға, жол апатын болдырмауға мүмкіндік береді", - делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар бұл өзгеріс жол қозғалысын оңтайландыру үшін және көше-жол желісіне жүктемені азайту мақсатында енгізіліп отыр.

0
Кілт сөздер:
көлік қозғалысы, көше, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Көше сыпырып кеткен: Әблязовтің елге оралған сыбайластарының тағдыры белгілі болды
Нұр-Сұлтанда ерекше көше қиылысы пайда болды – видео
Америкалықты бір соққымен құлатқан қазақ па? Көше төбелесінің видеосы
Бұрынғы кәсіби футболшы көше сыпырып кетті – видео
Нұр-Сұлтанда бірнеше көше мен көпір жабылады