ҚТЖ

Тальго жолсеріктері пойызда әйел зорлады: ҚТЖ мәлімдеме жасады

863
Ұлттық компания жолаушыдан ресми түрде кешірім сұрап, компания беделіне нұқсан келгенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 31 шілде – Sputnik. "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы зорланған жолаушыдан кешірім сұрады. Бұл туралы "ҚТЖ" ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Компания өкілінің айтуынша, Тальго жолсеріктерінің әрекетінен жолаушы әйел зардап шегіп қана қоймай, "ҚТЖ" беделіне нұқсан келген.

"Мұндай жағдайдың болғаны өте өкінішті. Сондықтан компания және өзімнің атынан кешірім сұраймын. Мен жолсеріктер мұндай әрекетке бармау керек еді деп санаймын. Олар жолаушының қауіпсіздігіне жауап берудің орнына, қылмыс жасады. Салдарынан жолаушы ғана зардап шегіп қоймай, біздің жолсеріктердің, қызметкерлердің беделіне нұқсан келді. Біздің ойымызша, олар сотталуы тиіс", - деді Қанат Әлмағамбетов баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар басқарма төрағасының бірінші орынбасары қоғам назарына іліккен оқиғадан соң, "Нұр-Сұлтан-Ақтөбе" пойызына қатысы бар қызметкерлер түгел жұмыстан шығарылғанын атап өтті.

Тағы оқыңыз: Әйел зорлаған жолсеріктерге қатысты бас көлік прокуроры мәлімдеме жасады

Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға

2018 жылдың қараша айында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылыққа қарсы қоғамдық қозғалыс" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) жантүршігерлік оқиға туралы жазды.

Оның айтуынша, елордадағы ғылыми конференциядан Ақтөбеге қайтып бара жатқан әйелді "Тұлпар-Тальго" пойызында екі жолсерік бірінен соң бірі зорлаған.

Тағы оқыңыз: Жолаушы әйелді зорлаған жолсеріктерге қандай үкім шықты?

Судья бұл оқиғаны жабылып зорлау деудің орнына "әдеттегі әйел зорлау" деп бағалады.

Кейін 29 шілде бас көлік прокуроры Ернат Сыбанқұлов, жолсеріктерге шығарылған сот үкімі қайта қаралатынын мәлімдеді.

863
Кілт сөздер:
зорлау, жолсеріктер, жолаушы әйел, ҚТЖ
Коронавирус, аурухана

Коронавируспен ауырғандарда қандай дерт пайда болуы мүмкін

7
(Жаңартылды 14:20 08.03.2021)
Бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды

АЛМАТЫ, 8 наурыз – Sputnik. Covid-19 инфекциясын жұқтырып, сауығып шыққан адам қалпына келуі үшін біршама уақыт қажет. Алайда көп жағдайда аурудан кейін денсаулық нашарлауы мүмкін.

Оксфордтың Брукс университетінің мамандары науқастардың көпшілігінде қысқа мерзімді жүйке-психика бұзылуы байқалатынын анықтады, деп хабарлады РИА Новости.

Мысалы, адамдардың 95%-інде аурудан кейінгі стресс, 45%-інде көңіл бөлудің бұзылуы, 13-28%-інде есте сақтау қабілетінің нашарлауы анықталған.

Сонымен қатар Сovid-19 инфекциясын жұқтырғанға дейін бұл науқастарда мұндай ауытқулар болмаған.
Ал 17-42% адамда аурудан кейін депрессия пайда болған. Науқастардың арасында есте сақтау (38-50%) қабілетінің нашарлауына шағымданғандар да бар.

Айта кетейік, бұған дейін дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 пандемиясының аяқталу уақытына қатысты болжам жасады. Мамандардың айтуынша, ол 2022 жылдың басында тоқтайды.

7
Кілт сөздер:
дерт, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Әлем халқының небәрі 10 процентінде коронавирусқа қарсы антидене бар – ДДҰ
Астанада коронавирусқа кімдер жиі шалдығатыны анықталды
Ғалымдар коронавирустың "британдық" штаммын анықтайтын алғашқы тест әзірледі
Ғалымдар коронавирустың түсін анықтады
Еуропада коронавирустың үшінші толқыны басталды – видео
Ит жеті қазынаның бірі: қазақы тазының тұқымын қалай сақтаймыз – видео

Тоқаев иттермен серуенге шықты фото

444
(Жаңартылды 13:59 08.03.2021)
Қазақстан президенті демалыс күнін таңғы серуенмен бастады. Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы суретін бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 8 наурыз — Sputnik. Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Instagram парақшасында Қасым-Жомарт Тоқаев серуенінің суретін жариялады.

Фотода мемлекет басшысының итін көруге болады. Тағы біреуі артында тұр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

Суреттегі ит қазақы тазы тұқымынан болуы мүмкін.

"Тамаша күн. Таңғы серуен. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық әйелдер күнімен құттықтайды", - деп жазды Уәли.

Таңертең президент сайтында ресми құттықтау жарияланған болатын. Қазақстан әйелдерінің ақыл-парасаты, ерік-жігері мен жасампаздығы барлық қиындықты еңсеріп, сын-қатерлерге төтеп беруімізге септігін тигізеді деген еді президент.

444
Кілт сөздер:
ит, фото, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Қыз-келіншектер 8 наурызға қандай сыйлық алғысы келетінін айтты – видео 
Жеті қазынаның бірі: тазы тұқымын сақтап қалу үшін не істеу керек – видео
Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаевтың бейнеүндеуін жариялады
Тоқаев ауыл мұғаліміне хат жазды
"Ешкімге жалтақтамаймыз": Тоқаев реформаларды біреуге ұнау үшін жүргізбейтінін айтты