Қоғам

Білім министрлігі грант иегерлерінің аты-жөні бүгін жарияланатынын мәлімдеді  

© Sputnik / Абзал КалиевТалапкерлер, архивтегі фото
Талапкерлер, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, гранттарды үлестіру рәсімін  өткізу кезінде адам факторы толығымен жойылған

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз — Sputnik. Білім беру гранттарына ие болған талапкерлердің аты-жөні 1 тамызда белгілі болады, деп хабарлады Қазақстан білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

"Гранттарды үлестіру рәсімі толығымен автоматтандырылған және ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады, соның арқасында адам факторы толықтай жойылды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, жоғары оқу орындары қауымдастығы, ректорлар кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары, "Жас Отан" жастар қанаты, Студенттер альянсы, үкіметтік емес ұйымдар, "ADAL BILIM" жобалық кеңсесінің өкілдерінен құралған республикалық комиссия барлық процесті бақылағаны аталып өткен.

2019 жылдан бастап гранттар білім беру топтары бойынша тағайындалады. Яғни әр талапкер оқуға түсер кезде нақты білім беру бағдарламасын таңдайды.

Тағы оқыңыз: Оқуға түсе алмаған талапкерлерге қосымша 5 мың грант бөлінеді 

Сонымен қатар, үш жылдан бері "Алтын белгі" төсбелгісінің иегерлері, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалар жеңімпаздары, жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, республикалық және халықаралық спорттық жарыстардың жеңімпаздары тек ҰБТ балдары тең болған жағдайда ғана артықшылық құқыққа ие болады. Басқа жағдайда барлығымен тең дәрежеде гранттық конкурсқа түседі.

Жаңалықтар
0