Қоғам

Жеңілмеген қазақ боксшысы KeshYou тобының бұрынғы әншісі Ақботаға үйленді – видео

© Photo : prosports.kzСадриддин Ахмедов
Садриддин Ахмедов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жастар биінің видеосын Instagram желісіне Садриддиннің өзі жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз — Sputnik. Бірінші орта салмақтағы WBC "жастар" чемпионы Садриддин Ахмедов KeshYou тобының бұрынғы әншісі Ақбота Құрманғалиге үйленді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Үйлену тойы Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Жеңілмеген қазақ боксшысының таңдауы өткен жылы KeshYou тобына 17 жасында қабылданып, көп ұзамай шығып кеткен Ақбота Құрманғалиге түсіпті.

Тағы оқыңыз: Садриддин Ахмедов ұлтына қатысты сұрақтың нүктесін қойды

Жастар биінің видеосын Instagram желісіне Садриддиннің өзі жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SOLDIER OF QAZAQ(S.O.Q) (@sadriddin_____soq)

Садриддин Ахмедов (9-0, 8 КО) кәсіпқой боксқа 2018 жылдың сәуірінде келді. Тоғыз жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетті. Кәсіпқой бокста бірінші орта салмақтағы WBC "жастар" чемпионы және WBC Asia белбеулерін алып үлгерді. Ахмедов 26 қыркүйекте рингке оралып, Монреалдағы бокс кешіне қатысады. Келесі қарсыласының аты-жөні әзірге белгісіз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🍇 🎀 Zami 🎀 🍇 (@zamiraukibaeva)

Жаңалықтар
0