Портфель ұстап тұрған ер адам

"Таразда кездесейік деді": студент қызды алдап соққан декан ұсталды

6270
Алаяқтық жасады деп айыпталған ЖОО деканы ұшты-күйлі жоғалып кеткен болатын

НҰР-СҰЛТАН, 13 тамыз – Sputnik. Жамбыл облыстық полиция департаменті Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің бұрынғы деканы ұсталғанын растады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Екі күннің ішінде ұстап беріңдер"

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қашқын деканды ұстауға тапсырма берген болатын. 7 шілде күні өткен Nur Otan партиясындағы қоғамдық қабылдау кезінде астаналық Гүлзина Мұсаева арызданды. Ол министрдің алдына келгенде Тұрғымбаев қолындағы қағазға қарап отырып: "Ақтаев бойынша ма? Сонда мына ақшаны карточкамен төледіңіз бе?", - деп сұрады. "Иә, карточкаға, университетке емес, өз атына төлеп отырдық", - деді Мұсаева.

Осыдан кейін министр декан Ақтаевтың неге ұсталмай жатқанын сұрады. Жамбыл облыстық полиция департаменті басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Үдергеновтың айтуынша, қылмыстық іс қозғалған. Деканның мекенжайы бойынша тексергенде үйінде жоқ болып шығыпты. Ал ұялы телефоны Алматы облысында жүргенін көрсетіп тұр екен. Сол кезде Тұрғымбаев алаяқ деканды екі күн ішінде құрықтауды тапсырды.

"Екі күннің ішінде маған оны тауып беріңдер. Сіздерде барлық техникалық мүмкіндік бар. Ол құжатсыз жүрген киллер емес қой. Азаматтық тұлға, бұрын сотталмаған. Ресми жұмыс істейді. Ондай адамды табу қиын емес. Екі күн беремін. Табыңдар да, ақшаны кімге және қалай аударғанын анықтаңдар. Ол ақшаны иемденіп кетсе, алаяқтық бойынша іс қозғаңдар да, жазаға тартыңдар", - деді ол.

Декан қай университетте жұмыс істеді

Sputnik Қазақстан тілшісі зардап шеккен Гүлзина Мұсаеваның өзіне хабарласып, мәселенің мән-жайын білді. Оның айтуынша, декан Еркін Ақтаев мүгедек әке-шешесіне қарап жүрген студент қызға оқуды бітіруге көмектесемін деп уәде берген. Сол үшін ақша алған. Бірақ сөзінде тұрмады.

"Менің жолдасым алты жыл бойы төсек тартып жатты. Биыл наурыз айында қайтыс болды. Мен өзім II топтағы мүгедекпін. 2017 жылы Таразға бардым. Ол кезде Еркін Ақтаев Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде декан болып істеген. Мен қолымдағы құжаттарды көрсетіп, жағдайымды түсіндірдім. Сөйтіп, қызымның оқуын бітіруге көмектесуді сұрадым. Әкесіне де, маған да қарап жүргенін айттым", - дейді Мұсаева.

Декан көмектесуге сөз берді. Ол үшін өзінің банк карточкасына ақша аударып тұру қажеттігін айтқан екен.

"Біз екі жылдан бері 1 миллион 500 мың теңге салып бердік. Сөйтіп, диплом да, ақша да жоқ. Менде барлық түбіртектер бар. Өзіне звондасам, күнде ертең беремін деп, алдап отырады. Содан полицияға барып, арыз жаздым", - деді Мұсаева.

Тараз инновациялық гуманитарлық университетінің мәліметіне сәйкес, декан Еркін Ақтаев ол жерде жұмыс істемейді.

"Еркін Ақтаев өз еркімен басқа жұмыс орнына ауысуына байланысты 2018 жылдың 19 ақпанынан бастап жұмыстан шықты. Қазіргі кезде университетпен байланыста емес және тұрғылықты мекен-жайы белгісіз", - делінген университеттің жауабында.

Экс-декан қалай ұсталды

Жамбыл облыстық полиция департменті экс-декан Ақтаевтың алаяқтық әрекет жасағанын растады. Ресми мәліметке сәйкес, студент қыздың ата-анасы екі жылдың ішінде заң факультетінің деканына 640 000 теңге аударған. Ақтаев өз кезегінде студент қызды сабақтан босатуға уәде берді. Алайда оқу жылы аяқталғанда қыздың дипломы жоқ болып шықты. Сол кезде деканның алаяқтығы әшкереленді.

Департаменттің баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлованың айтуынша, алаяқ Ақтаев ұсталды. Ол өз кінәсін мойындап, ақшаны қайтарып беруге сөз берді.

"Шұғыл шаралар барысында полиция қызметкерлері алаяқты Алматы қаласында ұстады. Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Ақтаев өз кінәсін толығымен мойындады және ақшаны қайтаруға қолхат жазып берді", - деді Мұхтарқұлова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Ал Гүлзина Мұсаева экс-деканның хабарласқанын жеткізді.

"Иә, ол маған өзі звондады. Таразда кездесейік деді. Сол жерде ақшамды қайтарып бермекші", - дейді Мұсаева.

6270
Кілт сөздер:
Тараз, алаяқ
Тақырып бойынша
Жұртты 94 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ Қазақстанға жеткізілді
Алаяқ жігіт он тоғыз қыздың басын айналдырып, мұзға отырғызып кетті
Жұмысқа тұрмақ болған аула сыпырушы 2 миллиард қарыз болып қалды
"Халықпен кездескісі келмейді": министрліктер үйінде шу шықты – видео
Әлеуметтік желіде жұртты 6 миллион теңгеге алдап соққан алаяқ ұсталды
Коронавирус сынама

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды

7
(Жаңартылды 10:03 30.11.2020)
Өткен тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 131 659 адамда коронавирус расталды

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 905 бала бар. 
Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 222 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 131 659 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 034 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 42 147 адам пневмонияға шалдықты, 443 адам қайтыс болды.

 

7
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр
Пластикалық бөтелке

Судың ағза үшін қауіпті екенін қалай білуге болады

677
(Жаңартылды 09:12 30.11.2020)
Минералды немесе емдік сулардың кейбір түріне ЕЭО сертификаты қажет. Егер ол болса, тауардың сапасы әлдеқайда жоғары деген сөз

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша — Sputnik. Бөтелкедегі таза су ретінде сатылатын судың қалай жасалатынына қатысты сан түрлі пікір айтылып жатыр. Маман мұндай суды ішпес бұрын не нәрсеге мән беру керек екенін айтты. 

"Ең алдымен, түсі мен дәмін тексеру керек. Егер түсі суға тән емес және жағымсыз иіс болса судағы микроағзалар көрсеткіші нормадан көп. Салдарынан асқазан-ішек жолдарына зақым келуі мүмкін", - деп жазады "Прайм" сарапшы Елена Саратцеваға сілтеме жасап. 

Бөтелке дұрыс жабылмаған болса да, күмән туындайды. Ыдыстың материалы мен түсі де маңызды. Қаралау келген шыны бөтелке ең қауіпсіз. Полимерлік ыдыста су қызған кезде зиянды қоспалар пайда болуы мүмкін. Ал ашық түсті шыныға күн түссе зиянды болады.

Жалған немесе мүлдем пайдасыз су да болады. Осыған мән беріп, сертификатын тексеру керек. Минералды немесе емдік сулардың кейбір түріне Еуразиялық экономикалық одақ сертификаты қажет. Егер ол болса, тауардың сапасы әлдеқайда жоғары деген сөз.

677
Кілт сөздер:
қауіпті зат, адам ағзасы, су
Тақырып бойынша
Дәрігер күнделікті ішетін судың мөлшерін қалай есептеу керек екенін айтты
Тұзды су коронавирус инфекциясын жоя ала ма – инфекционист жауабы
"Қара су сеуіп жүр": Министрлік дезинфекцияға қатысты шулы видеоға түсініктеме берді
"Су қоймасында балық жаппай қырылып жатыр": желіде таралған ақпарат тексерілуде
Мемлекет басшысына су қауіпсіздігі туралы мәлімет берілді     
Теңге, ақша, тиын

БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне қатысты ақпарат жариялады

0
(Жаңартылды 10:12 30.11.2020)
Зейнет жасына толуына байланысты ай сайынғы орташа төлем 22 806 теңгені, ал ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңгені құрады

НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 1 қарашадағы жағдай бойынша азаматтарға 155,3 миллиард теңге төлем жасады.

Қордың баспасөз қызметінің ақпаратынша, 2020 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 320 335 адамға төлем төленді.

Тұтастай алғанда, 1,9 миллионнан астам зейнетақы төлемі мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар жасалды. Жалпы сома 155,3 миллиард теңгені құрайды.

Оның ішінде:

  • зейнет жасына толу бойынша төлемдер – 51,7 миллиард теңге;
  • сақтандыру ұйымдарына аударымдар – 39,5 миллиард теңге;
  • ТТЖ-ға кетуге байланысты төлемдер – 31,1 миллиард теңге;
  • мұрагерлік бойынша төлемдер – 28,2 миллиард теңге;
  • жерлеуге берілетін төлемдер – 3,5 миллиард теңге;
  • мүгедектік бойынша төлемдер – 1,3 миллиард теңге.

Бұл ретте ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуға байланысты) 22 806 теңге, ал ай сайынғы ең жоғарғы зейнетақы 506 980 теңге болды.

0
Кілт сөздер:
БЖЗҚ, зейнетақы
Тақырып бойынша
Зейнетақы төлеуге 7,3 триллион теңге бөлінеді: Тоқаев заңға қол қойды
ЕАЭО елдерінде жұмыс істеген азаматтарға зейнетақы қалай төленеді