Пойыз, архивтегі сурет

Пойызда темекі шегуге тыйым салынады: тәртіп бұзушы қалай жазаланады?

847
(Жаңартылды 16:53 21.08.2019)
Биыл 28 тамыздан бастап жолаушыларды тасымалдау ережелеріне қатысты өзгерістер күшіне енетін болады

НҰР-СҰЛТАН, 20 тамыз — Sputnik. "Жолаушылар тасымалы" компаниясы пойыздарда темекі шегуге тыйым салу шарасын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Компанияның атқарушы директоры Едіге Мыхановтың айтуынша, 28 тамызда жолаушыларды тасымалдау ережелеріне қатысты өзгерістер күшіне енетін болады.

"Бүгінде қоғамдық жерлерде темекі шегуге тыйым салу туралы заң бар. Бәрі соған қарай ыңғайланып жатыр. Мысалы, бұрын дәмханада еркін отырып, темекі шексек, қазір олай емес, арнайы жерлер бар. Бізде де арнайы жерлер болады. Ол - перрондар. Жолаушылар әрбір аялдамада перронға шығып, темекі шеге алады", - деді Мыханов арнайы баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жолсеріктер пойыздың ішінде ақша алып, темекі шегуге жағдай жасаса, тиісті шаралар қолданылатын болады. Осы орайда компания басшылығы әрбір жолаушының ондай әрекеттерге немқұрайлы қарамай, арыз-шағым түсіретініне сеніп отыр.

Тағы оқыңыз: Пойызда зорланған әйел басынан өткен сұмдықты жылап тұрып айтып берді - видео

Ал заңгерлік департаментінің маманы Әйгерім Малғаждарова пойызда темекі шеккені үшін төленетін айыппұлдың көлемін жариялады.

"28 тамыздан бастап жолаушылар пойыздарында темекі шегуге тыйым салынады. Ондай адам ұсталса, жолсеріктер бірден желілік полицияны шақыртады. Сол жерде хаттама рәсімделеді. Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 571-бабына сәйкес, жолаушылар тасымалы туралы ережені бұзғаны, яғни темекі шеккені үшін 5 айлық есептік көрсеткіш (12 625 теңге - Sputnik) көлемінде айыппұл салынады", - деп атап өтті Малғаждарова.

847
Кілт сөздер:
тыйым, пойыз
Бетперде таққан адамдар

Денсаулық министрі Тоқаевқа карантинді күшейту туралы айтты

226
(Жаңартылды 17:29 22.01.2021)
Президент эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар жөнінде есеп берілді.

Министр мемлекет басшысына өңірлердегі эпидемиялық жағдай туралы, соның ішінде, карантин шараларының күшейтілуі және ұлттық  денсаулық сақтау жүйесінің қолда бар ресурстары жайында мәлімет берді. Цой жұқпалы аурулар стационарларындағы дертке шалдыққан адамдар жататын орындардың 33 процентке, жансақтау бөлімдерінде бұл көрсеткіш 21 процентке толғанын айтты.  

Денсаулық министрі COVID-19 жұқтырғандар санының көбеюіне қарамастан, еліміздегі ахуалдың бақылауда тұрғанын және медициналық қызметтің азаматтарға қажетті көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.  

Ол елімізде адамдардың коронавирустан қайтыс болу деңгейі былтырғы шілде айымен салыстырғанда 4 есе төмендегенін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алексей Цойға эпидемиялық ахуалды қатаң бақылауда ұстауды, халықты уақытылы әрі толық құлақтандыру жұмыстарын сапалы ұйымдастыруды тапсырды. Сондай-ақ, жаппай вакцина егуге дайындықты тиісті дәрежеде қамтамасыз етуді жүктеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сәйкес, 1 миллион адамға шаққандағы індетке шалдыққандардың саны бойынша Қазақстан 221 мемлекеттің ішінде 109-орында тұр. Ал өткізілген тест сынамаларының саны бойынша 67-ші, өлім-жітім бойынша 94-ші, COVID-19 індетінен жазылып шыққандар саны бойынша 48-ші, дерттің ауыр тиюі тұрғысынан 50-орында.

226
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Ақша, теңге

Өткен жылы Қазақстанда жемқорлық жасағаны үшін қанша адам сотталды

2
(Жаңартылды 17:14 22.01.2021)
Агенттік бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін екенін ескертіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 2020 жылы жемқорлық үшін сотталған лауазымды тұлғалардың статистикасын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 2020 жылы мыңнан астам адам сотталған. 

Соның ішінде 334 - пара алғаны үшін, 256 - пара бергені үшін, 146 - алаяқтық үшін, 98 - ұрлық үшін, 120 - лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін, 26 - парақорлыққа делдал болғаны үшін және тағы басқа. 

"299 адам бас бостандығынан айырылды, 142 адамның бас бостандығы шектелді, 575 адамға бірнеше еселік айыппұл салынса, қалғандары шартты мерзімге немесе кейінге қалдыру жазасына кесілді", - деді ол брифингте.

Сондай-ақ, 1 268 адамға қатысты қосымша жазалау шаралары қолданылған. 

  • 963 адам белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырылды;
  • 279 адам - арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айырылды; 
  • 26 адам мүлкі тәркіленіп сотталды.

Агенттік бір адамға қатысты бірнеше қосымша жазалау шаралары қолданылуы мүмкін екенін ескертті.

 

2
Кілт сөздер:
жемқорлық, Қазақстан
Тақырып бойынша
Кешірім сұрады: мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан жемқор басшылар кімдер?
Қазақстандық шенеунік қызметке тағайындау үшін 2 млн теңге пара алды
Шенеуніктерді жемқор деп айыптаған кәсіпкердің өз қылмысы әшкере болды
Пара бергендер төлейтін айыппұл мөлшері артты
Қазақстанда генерал-майор 200 мың теңге пара үшін бес жылға сотталды
Сот отырысы, архивтегі сурет

Жарамсыз әуе айлағын 240 миллион теңгеге сатып алған экс-әкімге сот үкімі шықты

0
2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов үш жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен брифингте айтылды.

"2021 жылы 18 қаңтарда Баянауыл аудандық сотының үкімімен ауданның бұрынғы әкімі Қайыргелдинов 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуге сотталды", – деді агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Қайыргелдинов лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланды деп айыпталды.

Экс-әкім Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне кәсіпкерден пайдалануға жарамсыз әуе айлағын заңсыз сатып алған.

Осылайша мемлекетке 240 миллион теңге сомасында шығын келтірді.

Оқи отырыңыз: Тоңазытқыштағы нәресте өлімі: сот залында шу шықты – видео

Еске салсақ, 2020 жылдың қарашасында Павлодар облысы Баянауыл ауданының бұрынғы әкімі Оразгелді Қайыргелдинов сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді.

Оған қатысты қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасы таңдалған еді.

Оразгелді Қайыргелдинов Баянауыл әкімі қызметін 2016 жылдан 2019 жылға дейін атқарды.

0
Кілт сөздер:
экс-әкім, сот үкімі
Тақырып бойынша
Екі судья мен полицейге қатысты тергеу басталғаны хабарланды
Риддердегі атышулы жол апаты: әкім орынбасары сот алдына келеді
Түркістан облысында әкім орынбасарын атып кеткендер сот залынан босатылды
Баянауыл туристерді қабылдай ма – бақылау тобының қорытындысы жарияланды
3 миллионға әжетхана салған экс-әкім ірі көлемде айыппұл төлейтін болды