Қоғам

Депутаттар кімге 1 миллион теңгеден берілетінін анықтады

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтан қаласында тұрғын үй сертификатын алатын азаматтардың санаты айқындалған

НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз — Sputnik. Бүгін Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кезектен тыс 54-ші сессиясында бірқатар маңызды мәселе қаралды. Оның ішінде тұрғын үй сертификаты берілетін  азаматтардың санатын анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Сәуле Нұрғожинаның айтуынша, бұрын тұрғын үй сертификаттары заңда болмаған. Соңғы өзгерістер аясында осы куәліктердің анықтамасы енгізілді. Осыған байланысты тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оны алушылардың санаттарын айқындау қажет.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтан тұрғыны 140 мың жалақымен 2%-тік ипотеканы қалай алғанын айтып берді

"Енді 1 миллион теңге көлеміндегі тұрғын үй сертификаттарын азаматтардың мына санаттарына беру ұсыналады: Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін білім беру ұйымдарындағы педагогтарға, денсаулық сақтау ұйымдарындағы медицина қызметкерлеріне, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге қатысатын әлеуметтік қамтамасыз ету ұйымдарындағы қызметкерлерге, мәдениет және спорт ұйымдарының бейіндік қызметкерлеріне, ішкі істер министрлігі Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне", - деді Нұрғожина.

Бұдан бөлек, бүгінгі сессияда халықтың әлеуметтік осал топтары - мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, "Алтын алқа" мен "Күміс алқа" иегерлері, бұрын "Батыр ана", сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталған көпбалалы аналар мен толық емес отбасыларға тұрғын үй сертификаттарын беру ұсынылды.

Тағы оқыңыз: Тоқаев жаңа тұрғын үй бағдарламасына қатысты тапсырма берді

Мәслихат депутаттары тұрғын үй сертификаттарын алушылардың тізімін анықтау мәселесін қолдап, бірауыздан дауыс берді.

Жаңалықтар
0