Әйел адам, архивтегі сурет

"Алты жігіттің күші жетпеді": халық емшісі бойына жын кірген әйелді қалай емдегенін айтты

6250
(Жаңартылды 17:29 24.08.2019)
Халық емшісінің айтуынша, жын адамның бойына дуа арқылы да кіруі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik, Дәурен Ерболат. Дені дұрыс адам аяқ асты ақылға қонымсыз әрекет жасап, құран оқылған кезде мазасы қашса, өз-өзімен жиі сөйлессе, халық оны "жын кірді" деп атайды. Sputnik Қазақстан тілшісі "Жын адамға қалай кіреді? Одан қалай сақтану қажет? Адам бойынан жынды шығару үшін не істеу керек?" деген сұрақтарға жауап іздеп көрді.

Адамның бойына жын қалай кіреді?

55 жастағы халық емшісі Құралай Тезекбаева 2001 жылдан бері науқастарды емдеп келеді. Ол адам бойына жын әртүрлі себептермен кіретінін жеткізді. Оның айтуынша, жын еркек, не әйел деп жыныс таңдамайды.

"Жын кіру" деген өмірде бар. Ес-ақылынан айырылған, бойына жын кіріп, ұйқысы қашқан адамдар келеді. Сонымен қатар мұндай адамдар құран оқылған кезде мазасы қашып, бір орнында тұрақтай алмайды. Жын адамға дуа арқылы кіруі мүмкін. Бұл менің тәжірибемде кездесті", - дейді халық емшісі.

Оның айтуынша, дуа қызғаныштан, реніштен, қарғыстан және арам пиғылдан пайда болады. Егер адамның денсаулығы әлсіз болып, жаны күйзеліп жүрсе, қорғаны болмаса, дуаға ұшырауы ықтимал екен.

"Адамның күші жетпейді"

Құралай Тезекбаева жынның адамнан мықты екенін атап өтіп, сөзіне дәлел ретінде тәжірибесінде кездескен тылсым оқиға жайында айтып берді.

Халық емшісі Құралай Тезекбаева
© Sputnik / Дәурен Ерболат
Халық емшісі Құралай Тезекбаева

"2012 жылы маған тұрмыс құрған 20 жастағы әйел келді. Әңгіме барысында оның бойында жын бар екені белгілі болды. Кейін біз Семей өңірінде Сеңкібай қажы деген атаның басына түнеуге баратын болдық. Автобуспен жолға шықтық. Аяқ астынан жас әйел "мені жіберіңіздер" деп ашуға мінді. Осы сәтте автобус қатты қозғалып, жолдан шығып кете жаздады. Оның жанында күйеуі, ағасы және төрт жігіт бар еді. Жас әйелді тоқтатуға олардың күші де, шамасы да жетпеді. Осыдан-ақ, жынның адамнан мықты екенін байқауға болады", - дейді ол.

Бүгінде әлгі келіншек бойындағы жыннан арылыпты. Үш бала тәрбиелеп, бақытты өмір сүріп жатқан көрінеді. 

Адамның бойындағы жынды қалай шығарады?

Халық емшісінің айтуынша, адамның бойындағы жынды құран дұғаларымен шығарады. Бірақ бұл оңай емес.

"Жынды шығару оңай емес. Бір адамның бойынан жынды шығару 10-20 күнге созылуы мүмкін. Ал кейде өте ұзақ уақыт алуы ықтимал. Жын адамның ақыл-есін жаулап алса, 4-5 айға дейін бойынан шықпайды", - дейді Құралай Тезекбаева.

Тағы оқыңыз: Бес жасар қыз 4-5 жігітке бой бермеді - жын шығаратын ақсақалдың әңгімесі

Халық емшісі адамдарға таза жүріп, мешітке барса, дәретін уақытында алып тұрса, арақ ішу, темекі шегу сынды жаман әдеттерден аулақ болса, мұндай адамға жын жоламайтынын айтты.

Жын туралы исламда не айтылған?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Қажымұратұлы жындар туралы құранда не жазылғанын айтты.

Хамзат Қажымұратұлы
© Photo : Хамзат Қажымұратұлының жеке архивінен
Хамзат Қажымұратұлы

"Құранда 114 сүре болса, оның ішінде "жын" деген арнайы сүре бар. Яғни ислам көзқарасымен қарасақ, жындар да адам секілді жаратылыс. Ал Мұхаммед пайғамбар "адамзатқа ғана емес, бүкіл жын әлеміне келген пайғамбар" ретінде суреттеледі. Тіпті кейбір жындардың иман келтіргені жайында құранда нақты аяттар бар", - дейді ол.

Жын шығару үшін оқылатын дұғалар

ҚМДБ-ның маманы өмірінде жын кірген адамдарды кездестіргенін жеткізді.

"Осыдан 4-5 жыл бұрын Петропавл қаласындағы мешіттердің бірінде ұстаз болып қызмет атқардым. Сонда имамдарға бойына жын кірген бір жігіт көмек сұрап келді. Кейін оның әскери құрылымда жұмыс істегені белгілі болды. Ер адамның денсаулығы мықты еді. Одан кейінгі тағдырын білмедім. Сондай-ақ мешіттерде құран оқыған кезде кейбір адамдардың мазасы қашып, орнынан тұрып кетіп қалады. Бұл да жын кірудің белгісі", - дейді Хамзат Қажымұратұлы.

Тағы оқыңыз: Адамды есінен айыруы мүмкін: адыраспан туралы не білеміз?

Ол адам бойындағы жынды шығару үшін "Бақара", "Нас", "Ықылас" сүрелері және "Аят-әл-курси" аяты оқылатынын атап өтті. ҚМДБ-ның маманы үйде құран жиі оқылса әрі адам тілін кәлимаға келтіріп, жаман әдеттерден аулақ болса, жын жоламайды деген пікірде.

Жын кіру туралы психолог пікірі

"Психоанализ" институтының директоры, психолог Анна Құдиярованың "жын кіру" мәселесіне қатысты өз айтары бар. Ол күрделі мәселені ғылыми түрде түсіндіруге тырысты.

"Психоанализ теориясын алатын болсақ, әрбір адамды "жын ұру" қаупі бар. Бұл адамның психикасымен байланысты. Яғни адамның өмірінде келеңсіз, қиын жағдайлар болған кезде "жын ұруы" мүмкін. Мысалы, адамның соғысқа баруы, 5 баласының өртеніп кетуі немесе табиғат апаты. Бұл қиын жағдайды әр адамның санасы әртүрлі қабылдайды", - дейді психолог.

Оның айтуынша, адамның басына ауыр қайғы түсіп, ақыл-есінен айырылса, мұны ғылымда "психоз" деп атайды.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысы тұрғыны: әйелдің ішіндегі 1945 жастағы жынмен сөйлестім

"Адам ақыл-есін жоғалтқан кезде "бейсана" пайда болады. Мысалы, адам арақты көп ішкен кезде ол ақыл-есінен айырылады. Алкогольдің ықпалымен онда "бейсана" пайда болады. Салдарынан неше түрлі жаман сөздер айтып, жаман әрекеттер жасауы ықтимал. Еліміздегі статистика мәліметіне жүгінсек, қылмыскерлердің басым бөлігі қылмысты ішімдік ішкен кезде жасағанына көз жеткіземіз. Бұл кезде ол "бейсанада" болған", - дейді маман.

Сонымен қатар Анна Құдиярова адамның санасы өте әлсіз екенін, ол тәрбие, білім және мәдениеттің негізінде қалыптасатынын атап өтті.

"Австриялық психолог, психиатр және невролог Зигмунд Фрейдтің ашқан жаңалығы бар. Ол "адамда тек сана ғана емес, бейсана да бар" дейді. Ішіп алған адамда сана болмайды. Сондықтан ол мәдениеттен жұрдай болады. Бұл жағдайды дін "жын кірді" деп түсіндіреді. Діндегі түсінік бойынша, адамның "бейсанадағы" қалпының жиынтығы "жын" болуы мүмкін. Бұл – менің жеке пікірім", - деп түйіндеді сөзін психолог.

Тағы оқыңыз: Бастырылу деген не және одан қалай арылуға болады?

6250
Кілт сөздер:
психология, құран, жын
Тақырып бойынша
Әжетхананың жанынан балалы әйел бейнесі кетпей қойды – Ақтөбе тұрғыны
Шариғатта "бейуақта" ұйықтауға болмайтыны туралы не айтылған?
Алматы облысында жігіттің жынын қуамын деп өлтіріп қойған емші ұсталды
Жаңа туған баланы ата-анасы бақсының кеңесімен тірідей көміп тастады
"Жаны жай таппаған": астанада зират үстіндегі үйлерді елес кезіп жүргені рас па?
Мемлекет басшысы Ұлттық биотехнологиялар орталығына барды, архивтегі фото

Тоқаев заңнамаға вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізуді тапсырды

56
Қазақстан президенті ғылыми-зерттеу институтының басшысына отандық вакциналарды дайындау ісіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады, деп хабарлады Ақорда.

Тоқаевқа коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысы туралы ақпарат берілді.

Касым-Жомарт Токаев принял гендиректора НИИ проблем биологической безопасности Кунсулу Закарью
Тоқаев Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ бас директоры Күнсұлу Закарьяны қабылдады

Күнсұлу Закарьяның мәліметіне сәйкес бүгінгі таңда институттың базасындағы бес платформада коронавирусқа қарсы вакциналар дайындалуда. Институт әзірлеген белсенді емес вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында мақұлданып, клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтті және қазіргі уақытта Ұлттық ғылыми фтизиопульмонология орталығында зерттеудің екінші кезеңі жүргізіліп жатыр.

Коронавирус індетіне қарсы әзірленіп жатқан отандық екінші суббірлікті вакцина ДДСҰ тарапынан мақұлданып, клиникалық зерттеулерден сәтті өткен. Бұл вакцинаның материалдары Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығында қаралып жатыр.

"Президентке Қазақстанда бұрын-соңды болмаған иммундық препараттар шығаратын зауыт құрылысы туралы да мәлімет берілді", - делінген хабарламада.

Ғылыми-зерттеу институтында отандық вакциналар шығаратын зауыт құрылысы жүргізілуде. Зауыттың жобалық қуаты жылына 60 миллион мөлшерде вакцина шығаруға жетеді. Осы арқылы отандық нарықты ғана қамтып қоймай, оны экспорттауға да мүмкіндік туады. Аталған зауыт іске қосылған кезде еліміз импорттық тәуелділіктен арылады. 

Оқи отырыңыз: Елдегі жағдай тұрақталғанымен, босаңсуға болмайды – Тоқаев

Мемлекет басшысы ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысының қарқынын арттыру ұсынысын қолдады. Сонымен қатар кездесуде қызметкерлердің жалақысын көтеру, аталған салаға жас мамандарды көптеп тарту, нормативтік-құқықтық актілерге вакцинаны уақытша тіркеу түсінігін енгізу мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакциналарды дайындау ісіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

56
Кілт сөздер:
вакцина, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Атырауда "СК-Фармация" қоймасында дәрі-дәрмек қоры жоқ болып шықты
Министрлік маска мен тесті арзандату мәселесін қарастырады
Президент әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы қымбаттағанын айтты
Тоқаев елдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты Маминге тапсырма берді
Тоқаев карантин енгізген кезде кәсіпкерлердің мүддесін ескеруді тапсырды
Дәрігерлер, архивтегі фото

2 миллион теңге берілмейді: дәрігерлердің өтемақысын неге тоқтатты?

64
Енді өтемақы медициналық мекеме немесе кәсіподақ ұйымы тарапынан, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар есебінен төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Келесі айдан бастап коронавирус инфекциясы мен ковидтік пневмония жұқтырған медицина қызметкерлеріне 2-10 миллион теңге көлеміндегі өтемақы төленбейді. Үкімет бұл шешімнің себебін түсіндірген. Алайда депутаттар да, медицина қызметкерлері де төлемнің тоқтатылуына қарсы. Өйткені коронавирустың қаупі әлі сейілген жоқ. Sputnik Қазақстан тілшісі пандемия кезінде медицина қызметкерлеріне арналған өтемақыны тоқтатудың негізгі себептерін зерделеп көрді.

Үкіметтің уәжі қандай?

20 қазанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия инфекцияны жұқтырған және одан қайтыс болған медицина қызметкерлеріне төленетін бір реттік өтемақыны тоқтатуға шешім қабылдаған болатын. Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, осы уақытқа дейін медицина мамандары біраз тәжірибе жинаған. Бұрынғыдай қорғаныс құралдарының тапшылығы жоқ. Ондай жағдайда дәрігерлер арасында вирус жұқтыру оқиғалары болмауы тиіс. 

"Бұл өтемақы қатаң карантиндік шектеулер кезінде ғана беріледі деген жоспар болған. Себебі науқастар көп болды. Қазір қатаң карантин жоқ. Стационарларда науқастар көп емес. Дәрігерлер арасында вирус жұқтыру жағдайлары да жоқ деуге болады. Сосын медицина қызметкерлері біраз тәжірибе жинап алды. Сондықтан коронавирусты жұқтырғандарға берілетін өтемақыны тоқтатуға шешім қабылданды", - деді Шоранов арнайы брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, бұдан былай медицина қызметкерлері коронавирусты жұқтырса, ондай жағдайлар аурухана ішіндегі инфекция ретінде рәсімделеді, яғни, әдеттегідей жұмыс орнында вирусты жұқтыру оқиғасы болып саналады. Ал өтемақы медициналық мекеме немесе кәсіподақ ұйымы тарапынан, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар есебінен төленеді. Ондай жағдайда аурухана басшылары өз бюджетін ойлап, қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге және санитарлық ережелерді сақтауға тырысады деп жоспарланып отыр. Осылайша, үкімет әкімдерге де, бас дәрігерлерге де қосымша мотивация береміз дейді.

Кәсіподақтар вирус жұқтырған маманға 3 айлық еңбекақы ғана төлей алады

Бүгін бір топ депутат дәрігерлердің өтемақысын тоқтатуға қарсылық білдірді. Мәжілісмен Азат Перуашевтің айтуынша, қазір әлем бойынша коронавирус өршіп барады. Осы кезде медицина қызметкерлерінің өтемақысын тоқтатқан қисынсыз. Себебі науқастардың саны өз елімізде де көбейіп келеді. Дәл осы уақытта медицина қызметкерлері мемлекеттің қолдауын сезінуі керек.

"Шенеуніктер ақ халатты абзал жандарға ту сыртынан соққы жасап отыр. Енді дәрігерлердің көбісі мемлекетке өздерінің жанкештілігі, науқастарға деген мейірімділігі мен батылдығы қажет екеніне күдіктене бастайды. Ал вирусты жұқтырған жағдайда оларға кім мейірімділік танытады?", – дейді Перуашев.

Депутаттар кәсіподақ ұйымдары мен жергілікті бюджеттердің мүмкіндігін де зерделеп шығыпты. Сөйтсе, екеуі де 2-10 миллион теңгенің өтемақысын төлеуге қауқарсыз. Мәселен, кәсіподақтар инфекция жұқтырған маманға емделу үшін 3 айлық еңбекақыдан артық ақша төлей алмайды. Коронавирусты отбасының барлық мүшесі жұқтырса, ол ақша дәрі-дәрмекке де жетпей қалуы мүмкін.

"Ал жергілікті бюджетте мұндай шығын атымен жоқ, яғни төлем қарастырылмаған", – деп атап өтті Перуашев.

Осы орайда депутат тағы бір маңызды мәселеге назар аударды. Оның айтуынша, бүгінде "медицина қызметкерлерінің тәжірибесі мен қажетті қорғаныс құралдары арқасында олардың вирусты жұқтыру қаупі барынша төмендесе, үкімет өтемақыға кететін ақшаға алаңдамай отырса да болады" . Одан да мемлекеттің беделін ойлап, бәрін сол қалпында қалдырған дұрыс. Осыған байланысты депутаттар үкімет басшысына сауал жолдап, белгіленген мерзімнің ішінде жауап беруді талап етті.

Өтемақыға 20 миллиард теңге жұмсалды

Шыны керек, медицина қызметкерлерінің бір реттік өтемақысын төлеуге біраз шығын шықты. Мәселен, осы уақытқа дейін 13 мың медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 9 309 маманның инфекцияға жұмыста шалдыққаны расталды. Сөйтіп, барлығына 2 миллион теңге көлемінде бір реттік өтемақы берілді. Сосын коронавирустан қайтыс болған 182 медицина қызметкерінің отбасына 10 миллион теңгеден таратылды. Сонда барлығына, шамамен, 20 миллиард теңгедей кеткен. Дегенмен, ол ақша бюджеттен емес, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленді. Ал осы ұйымның есебіне сәйкес, биыл 9 айдың ішінде жұмыс істеп жүрген қазақстандықтар 196,8 миллиард теңгенің көлемінде әлеуметтік аударымдар жасаған. Демек, бір реттік өтемақыға кеткен шығын осы соманың тек 10 процентін ғана құрайды және жұмысшылардың есебінен төленді. Ал республикалық бюджеттен денсаулық сақтау саласына ақша триллиондап бөлінеді.  

Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті 

Ulagat Consulting Group компаниясының директоры, экономист Марат Қайырленовтың айтуынша, қазіргі кезде бюджет есебінен республика бойынша заманауи инфекциялық стационарлар салынып, сол жерде қымбат медициналық техника орнатылып жатыр. Коронавирустың екінші толқыны басталған жағдайда мыңдаған төсек орын жасақталады. Алайда кәсіби медицина мамандары болмаса, заманауи ғимараттар да, төсек орындар да, техника да көмектесе алмайды. Сондықтан алдымен медицина қызметкерлерін қолдау қажет.

"Биыл денсаулық саласына 1,5 триллион теңге бөлініп отыр. Осы қаржыны біршама үнемдесе де, ақша табуға болады. Мысалы, міндетті мемлекеттік сақтандыру қорының аппаратына кететін шығындарды азайтып, штатын қысқартса, біраз қаржы үнемделеді. Бұдан бөлек, "СК-Фармация" компаниясы бар. Оған да кететін қаражатты азайтуға болады. Ондай мекемелер көп. Дәрігерлердің өтемақысына тиіспей-ақ бәрін реттеуге мүмкіндік бар ғой", - деді Қайырленов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Үстемақы қала береді

Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша коронавирусты жұқтыру қаупі бар жерде жұмыс істеген медицина қызметкерлеріне төленетін үстемақы қала береді. Оны қауіптің деңгейіне қарай төлейді:

  • "Қауіптілігі аса жоғары" — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемеақы – 850 мың теңге;
  • "Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Оларға 425 мың теңге төленеді;
  • "Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және тағы басқа мамандар. Үстемеақы 212,5 мың теңге шамасында қарастырылған.
64
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрігерлер, өтемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Пневмония мен COVID-19 жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төленбейтін болды
Қазақстанда масканың шекті бағасы белгіленді
Коронавирустан қайтыс болған барлық медицина қызметкерінің туыстары өтемақы алды
Дәрігерлерге өтемақы төлеу тәртібі өзгерді – министрлік түсініктеме берді 
Иллюстративті фото

Brent мұнайының бағасы 40 доллардан төмендеді

0
Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы барреліне 39,97 долларға дейін төмендеді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан – Sputnik. Brent мұнайының бағасы едәуір төмендеді, оған сауда-саттық мәліметтері дәлел.

РИА Новостидің хабарлауынша, Brent маркалы мұнайдың бағасы 5 қазаннан бері алғаш рет барреліне 40 доллардан төмен түсті.  

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 17.38-дегі жағдай бойынша Brent маркалы солтүстік теңіз мұнай қоспасының қаңтардағы фьючерстерінің бағасы 3,92 процентке – барреліне 39,97 долларға дейін, WTI мұнайының желтоқсандағы фьючерстері 4,83 процентке, барреліне 37,66 долларға дейін төмендеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық банк теңгенің неге әлсіреп кеткенін түсіндірді 

Еске сала кетейік, мұнай бағасының арзандауына байланысты, сәрсенбіде Қазақстанның ұлттық валютасы долларға шаққанда 430,51 теңгеге дейін әлсіреді.

Қазақстан Ұлттық банкінің монетарлық операциялар департаментінің директоры Нұржан Тұрсынханов бұған дейін ұлттық валютаның айырбас бағамы туралы түсініктеме берген болатын.

0
Кілт сөздер:
мұнай бағасы
Тақырып бойынша
Назарбаев Абу-Дабидің тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті
Экономистер теңгенің болашағына болжам жасады
Мамин экономиканы қалпына келтіру жағынан артта қалған өңірлерді атады 
2021 жылы ЖОО оқытушыларының жалақысы қанша болады
"Инфляциядан төмен болады": депутаттар республикалық бюджеттің шикі тұстарын атады