Қоғам

Ресей мен Қазақстан кәсіби білім беруді WorldSkills стандартына сәйкес дамытып жатыр

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуМолодой специалист, архивное фото
Молодой специалист, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
WorldSkills жаһандық қозғалысына енгеннен бері қос мемлекет өзара ықпалдастықты арттырып келеді

ҚАЗАН, 24 тамыз — Sputnik. Ресей мен Қазақстандағы WorldSkills ұлттық операторлары кадрлық әлеуетті арттырудағы ынтымақтастықты тереңдете түсті, деп атап өтті WorldSkills International-дағы ресейлік делегат, "Молодые профессионалы" (Ворлдскиллс Россия) одағының халықаралық қызмет бойына директоры Алина Досканова.

"Әріптестерімізден (қазақстандық - Sputnik) WorldSkills-ті дамыту желісі бойынша түсіп жатқан сауалдар барған сайын күрделі әрі ауқымды болып келеді, яғни біз белгілі бір біліктілікті арттыру үшін бірге жаттығу немесе мастер-класс өткізуді ғана емес, жалпы кадрларды даярлау және экономика жүйесін бірге дамытудағы өзара ынтымақтастықты қарастырып жатырмыз"- деді Досканова WorldSkills аясында екі елдің ынтымақтастығы туралы Sputnik Қазақстан сұрағына жауап беріп.

WorldSkills жаһандық қозғалысына енгеннен кейін тараптар жарысқа қызу кірісіп, бір ғана мақсатты көздеді – алдыңғы қатарлы орынды иелену, сол себепті "жеңіске жету жолын" түсіну ұстанымын басшылыққа алған.  

Оның айтуынша, WorldSkills стандартын енгізе отырып, Ресей "экономикаға қандай қосымша үлес қоса аламыз?" деген бағытта Қазақстанмен өзара қатынас орната бастады.

"Қазақстан бәрін бақылап, түсініп отыр: серіктестікті кеңейту қажет, яғни мұнда білім беру мекемелері ғана емес, сондай-ақ кәсіпорындар да бар. Білім және ғылым министрлігімен ғана емес, еңбек министрлігімен ынтымақтасу керек", - деп атап өтті Алина Досканова.

Қазақстанда кадрлар даярлау жүйесін өзгерту және әлемдік стандарттарды ескере отырып мамандандырылған біліктілік орталықтарын дамыту туралы тапсырма берілген.

WorldSkills – құрамына 82 ел және өңір кіретін халықаралық қозғалыс, оның мақсаты – кәсіби білім сапасы мен жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру.

Жаңалықтар
0