Абай атындағы мектептің ашылу салтанаты

Назарбаевтың кенже қызы Абай атындағы мектепке сый жасады фото

9527
(Жаңартылды 12:47 01.09.2019)
Әлия Назарбаева астаналық мектепке 15 миллион теңгенің кабинетін сыйға тартты

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин елордада Абай Құнанбаев атындағы № 87 мектеп-гимназиясын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Білім күнінде ашылған жаңа мектеп Амангелді Иманов пен Евгений Брусиловский көшелерінің қиылысында орналасқан. Білім ошағы 900 оқушыға шақталған.

"Сіздерді білім күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мектепке қазақ халқының ұлы тұлғасы, ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың есімі беріліп отыр", - деді үкімет басшысы жаңа мектептің ашылу салтанатында.

1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева
© Sputnik / Владислав Воднев
Абай атындағы мектептің ашылу салтанаты

Мамин келесі жылы Абайдың туғанына 175 жыл толатынын атап өтіп, білім ордасына ерекше сый жасады.

"Қазіргі заманда адам өмір бойы білім алуы керек. Сіздердің білім деңгейлеріңіз заман сұранысына сай және бәсекеге қабілетті болуы қажет. Біз сіздерге сенім артамыз. Сондықтан мектептің ашылуына орай арнайы сыйлық әзірленді."Қоғамдық маңызы бар бастамалар" қоры атынан заманауи компьютерлермен және 3D интерактивті технологиялармен жабдықталған қоршаған ортаны танып-білу кабинетін сыйға тартамыз", - деді премьер-министр.

Ол "СарыарқаАвтопром" зауыты оқушыларға әлемдік стандарттарға сай мектеп автобусын сыйға тартқанын жеткізді.

1 сентября в столичной школе имени Абая Кунанбаева
© Sputnik / Владислав Воднев
Үкімет басшысы Асқар Мамин

Елордадағы мектептің ашылу рәсіміне, сондай-ақ, экологиялық ұйымдар қауымдастығы президиумының төрайымы Әлия Назарбаева, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, қалалық білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин қатысты.

Олар Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай ашылған "Абайтану" кабинеті мен мектеп мұражайын аралады.

Әнуар Жанғозин жаңа мектеп 900 балаға шақталғанын атап өтіп, мұндағы оқушылар қаладағы үш ауысымды №16 және №5 білім ордаларынан ауысқанын айтты. Абай атындағы №87 мектеп қазақ тілінде білім береді.

Әлия Назарбаеваның қоры сыйға тартқан кабинет
Дәурен Ерболат
Әлия Назарбаеваның қоры сыйға тартқан кабинет

Ал STEM академиясының ғылыми зерттеулер бойынша директоры Мағжан Қыстаубаев Әлия Назарбаеваның қоры №87 мектепке қандай сыйлық жасағанын айтты. Қор мектепке 15 миллион теңгенің кабинетін сыйға тартқан.

"Бұл кабинетте оқушылар барлығын виртуалды түрде көреді. Мәселен, физика, химиядан эксперимент жасасаң, мұндағы компьютерлердің көмегімен барлығын анық көруге болады. Тіпті, адам ағзасын көруге мүмкіндік бар. Бұл кабинетті жөндеуге, мұндағы құрал-жабдықтарға 15 миллион теңге жұмсалды. Кабинетте 10 ноутбук, интерактивті панель бар. Ноутбуктар Америкадан әкелінді. Әрбіреуінің құны – 1,5 миллион теңге. Қаржыны Әлия Назарбаеваның қоры бөлді", - деді Қыстаубаев.

9527
Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (61)
COVID-19 анализі - иллюстративті фото

Қазақстанда індетке шалдыққан 400-ге тарта науқас анықталды  

264
(Жаңартылды 09:00 30.10.2020)
Бір тәулікте коронавирусты жұқтырғандардың саны 1,5 есе артты. Шығыс Қазақстан облысында 205 адам ауырып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 392 науқас анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бір күн бұрын инфекция 268 адамнан, ал алдыңғы күні 148 адамнан табылған болатын.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстан облысында блок бекеттер қойылады 

Науқастардың басым бөлігі Шығыс Қазақстан облысында тіркелді – мұнда 205 адам ауырып қалған. Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігері карантинді күшейту туралы қаулы шығарды.

Өңірлер бойынша мәлімет:

  • Нұр-Сұлтан қаласы – 27,
  • Алматы қаласы – 18,
  • Шымкент қаласы – 1,
  • Ақмола облысы – 20,
  • Ақтөбе облысы – 12,
  • Алматы облысы – 19,
  • Атырау облысы – 12,
  • Шығыс Қазақстан облысы – 205,
  • Жамбыл облысы – 3,
  • Батыс Қазақстан облысы – 8,
  • Қарағанды облысы – 10,
  • Қостанай облысы – 8,
  • Қызылорда облысы – 3,
  • Маңғыстау облысы – 1,
  • Павлодар облысы – 23,
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 17,
  • Түркістан облысы – 5.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 111 492.

264
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Семейде зертхананың әрбір екінші COVID анализі қате болып шықты
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді
Депутаттар вирус жұқтырған дәрігерлерге өтемақы төлеуді жалғастыруды талап етті
Францияда жалпыұлттық карантин қайта енгізілетін болды
Евстафий Пехлеваниди

Президент "Қайраттың" аты аңызға айналған шабуылшысын марапаттады

33
(Жаңартылды 09:44 30.10.2020)
Қазақстандық футболшы киевтік "Динамоның" қақпасына КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соққан

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Евстафий Пехлеваниди "Достық" орденімен марапатталғанын хабарлады.

"60 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан алматылық "Қайрат" футбол командасының аты аңызға айналған шабуылшысы  Евстафий Пехлеваниди қазақ футболын және Қазақстан мен Грекия арасындағы достықты дамытып, дәріптеуге орасан зор үлес қосқан үшін 2-дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды", - деп жазды президент Twitter-де.

Оқи отырыңыз: Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат футболшы кім 

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы қазақстандық футболдың аңызын 60 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын.

"Біздің клубтың бұл ардагері жайлы көп нәрсе айтуға болады. Жанкүйерлер "Пеха" деп атап кеткен Евстафий Пехлеванидидің маңызды ойындарда соққан голы аз емес, ал киевтік "Динамоның" қақпасына КСРО чемпионаты тарихындағы ең жылдам голды соқты!", - делінген футбол клубының хабарламасында.

33
Кілт сөздер:
Достық ордені, футболшылар
Тақырып бойынша
Қарсыласының әрекетіне көңілі толмаған Қуат алаңда төбелес шығара жаздады - видео
Қазақстандық футболшы отбасымен апатқа ұшырады: куәгерлер табылды – видео   
Белгілі қазақстандық футболшы әрі бапкер қайтыс болды
Үздік бестік: Қазақстандағы ең қымбат футболшылар
Әлемге әйгілі футболшы қамауға алынды
Дәрігерлер, архивтегі фото

Алматыда коронавирус жұқтырған үш жігіттің шәуеті тартылып қалған

0
(Жаңартылды 09:37 30.10.2020)
Коронавирус еркектің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырғандар үш айға дейін бала туғыза алмайды, дейді мамандар

НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан – Sputnik. Пандемия кезінде елімізде демографиялық өсім азаюы мүмкін. Себебі коронавирус инфекциясы ерлердің бала туғызу қабілетін төмендетеді. COVID-19-бен ауырған жігіттердің басым көпшілігінде ұрық болмайды, дейді дәрігерлер.

Мәселен, Алматыдағы репродукциялық орталыққа келіп ем қабылдап жүрген үш жігіттің шәуеті тартылып қалған. Өйткені үшеуі де бұған дейін коронавируспен ауырыпты. Алайда мамандар ерлердің ұрығы 75 күн сайын жаңарып отырады дейді. Сондықтан COVID-19-бен ауырғандар  үш айға дейін бала туғыза алмайды деген болжам бар.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда індетке шалдыққан 400-ге тарта науқас анықталды 

Ал коронавирусқа шалдыққан жүкті әйелдер арасында түсік тастау мен ерте босану жиілеген, деп хабарлады КТК.

Әлемдік статистикаға сүйенсек, инфекция жұқтырған жас аналардың 20 пайызы уақытынан бұрын босанған. Сондықтан осындай қиын кезеңде дәрігерлер бала сүюді жоспарламай қоя тұру керек дейді.

"Жас отбасы бала сүюді келесі жылға шегере тұрғаны абзал. Себебі, аяқ астынан коронавируспен ауырып қалса, қауіпті індет ұрпағына қалай әсер ететіні белгісіз. Ал 35-40-қа келіп қалғандарға жүктілікті шегерудің қажеті жоқ. Онсыз да жасы ұлғайып барады. Бірақ жеке бастың тазалығын сақтап, көшеге шықпай, қоғамдық орындарға бармай, сәби өмірге келгенше сақтанып жүру керек", - дейді Репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин. 

0
Кілт сөздер:
бедеулік, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
2 миллион теңге берілмейді: дәрігерлердің өтемақысын неге тоқтатты?
ПТР тестке қатысты талап өзгерді: ұшақпен қатынайтын жолаушылар нені білуі тиіс
Анықтама қажет: Қазақстанда жиналысқа қатысатындар үшін жаңа ереже күшіне енді
Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған еріктілер вирус жұқтырды
Қазақстанның бір облысында блок бекеттер қойылады