Бекболат Тілеухан, ҚР ұлттық спорт федерациясының президенті

Бекболат Тілеухан "халықты тізерлеткісі келген" әріптесінің сөзіне пікір білдірді

16840
Мәжіліс төрағасы орынбасарының әлеуметтік көмекті көбейтуге қатысты сөзі қызу талқыланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божконың атышулы сөзіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жуырда Владимир Божко "халық әлеуметтік көмекті көбейткені үшін мемлекет алдында тізерлеп тұрып алғыс айтуы керек" деген болатын. Мәжіліс вице-спикерінің бұл сөзі желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың ашуын туғызды.

"Халықты тізерлету деген адамның ақылына сыятын нәрсе емес", - деп қысқа қайырды Тілеухан ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысынан кейін.

Ал үкімет басшысының орынбасары Бердібек Сапарбаевтың ойынша, Божко бұл сөзді "байқамай айтып қалған".

Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев та "Открытый диалог" бағдарламасында бұған түсініктеме берген еді.

Тағы оқыңыз: Дәурен Абаев: Владимир Божко – қазақ жерінің нағыз патриоты

Министрдің пікірінше, Владимир Божко эмоцияға беріліп, ойын дұрыс жеткізе алмаған. Абаев оны қазақ жерінің нағыз патриоты деп атады.

16840
Кілт сөздер:
пікір, халық, Бекболат Тілеухан
Тақырып бойынша
"Бізді надан деп ойлайсыздар ма?": Абаев Жаңаөзендегі митинг туралы пікір білдірді
"Айтпаса да, түсінікті ғой": Абаев Назарбаев айтқан "екі сиырға" араша түсті
Божко вице-министрге: "супер керемет" жолдарда "супер" байланыс қашан болады?
Тоқаев қазақтың мемлекеттілігі бәріне бірдей ұнамайтынын айтты
Айдос Сарым елдегі саяси реформаларға қатысты ұсыныс жасады
кеспе

Министрлік корей кеспесі қандай жағдайда қайта сатыла бастайтынын айтты

2
Сырттан әкелінген тауар кеден одағының талаптарына сәйкестендірілген кезде Қазақстанда қайтадан Корей кеспесін сатуға рұқсат беріледі

АЛМАТЫ, 26 қазан – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті корей кеспесі Қазақстан нарығын қандай жағдайда қайтарылатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан аумағына әкелінетін өнім кеден одағының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс. Сонымен қатар генетикалық түрлендірілген организмдердің (ГМО) болуы туралы таңбалау талаптары бұзылмауы керек.

"Корея Республикасының уәкілетті органдарын санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу туралы хабардар ету және өнім өндірушіге қатысты бақылауды күшейту, сондай-ақ өнімнің Кеден одағының техникалық регламентіне сәйкестігін бақылау зерттеулерінің нәтижелері корей кеспесін әкелуге және өткізуге тыйым салуды жоюға негіз болады", - деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар комитет қазір республика бойынша сауда желісінде талапқа сәйкес келмейтін өнімді сатудан алып тастау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тыйымды бұзып, корей кеспесін сатуды жалғастыратын кәсіпкерлерге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы ("халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша айыппұл салынады.

Айта кетейік, 14 қазаннан бастап Қазақстанда генетикалық түрлендірілген сояның көп болуына байланысты "Оттоги Рамен" компаниясының оңтүстік кореялық тез дайындалатын кеспесін әкелуге және сатуға тыйым салынды.

Сонымен қатар санитар дәрігерлер Қытайда шығарылған Better Cokies Danish Pride печеньесіне де тыйым салды.

2
Қандастар, архивтегі сурет

Биыл 11 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

8
(Жаңартылды 12:44 26.10.2020)
1991 жылдан бері елге 1 миллионнан астам этникалық қазақ оралды. Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті

НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан – Sputnik. 2020 жылы 11 мыңға жуық этникалық қазақ тарихи отанына оралды. Оларға қандас мәртебесі берілді (бұған дейін оралман - Sputnik). Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

1 қазандағы жағдай бойынша 10,9 мың адам Қазақстанға оралды. Жалпы 1991 жылдан бері елге 1 миллион 68,3 мың этникалық қазақ оралды.

"Осы жылы Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі Қытайдан, 27,7%-і – Өзбекстаннан, 9,1% – Түрікменстаннан, 3,4% – Моңғолиядан және 2,9% басқа елдерден", - делінген хабарламада.

Келген этникалық қазақтар, негізінен, Алматы және Маңғыстау облыстарына, сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларына қоныстанды.

Қандастардың жартысынан көбі еңбекке қабілетті. 10,3%-і - зейнеткерлер.

Еске сала кетсек, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. Сондай-ақ, "оралман" сөзінің орнына қандас термині қолданылады.

8
Кілт сөздер:
этникалық қазақ
Тақырып бойынша
АҚШ Қытайда қысым көрген этникалық қазақтарға қатысты мәлімдеме жасады
Оралман емес, қандас: сенат этникалық қазақтарға қатысты заң қабылдады 
Назарбаева Қытай елшісімен кездесуінде этникалық қазақтар проблемасын көтерді
Қазақстан бүкіл әлемдегі этникалық қазақтарға арнайы куәліктер береді
Оралман ба, әлде қандас па - министр өзіне қай сөз жақын екенін айтты