Қазақстанның халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов

"Еш өкінбеймін": Нұрғали Нүсіпжановтың сұқбаты

26414
Халық әртісі саналы ғұмырын дүние жинауға емес, халқына қызмет істеуге арнап келеді

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрғали Нүсіпжановтың кезінде 1 миллион доллардан бас тартқанын біреу білсе, біреу білмес. Әнші бұған еш өкінген емес. Бұл туралы осыдан екі жыл бұрын "Астана" арнасындағы "Сырласу" бағдарламасында айтылған болатын.

Тағы оқыңыз: 82 жастағы Нұрғали Нүсіпжановтың кімге үйленгені белгілі болды - видео 

Нұрғали Нүсіпжанов саналы ғұмырын дүние жинауға емес, халқына қызмет істеуге арнап келеді. 70-жылдары бір миллион доллардан бас тартуы соған дәлел болса керек.  

"Ол Швецияда болған оқиға. Оған еш өкінбеймін. Бір күні "Азаттық" радиосының адамдары келді. Ескендір (Хасанғалиев – Sputnik) екеумізді дәмханаға шақырды. Делегацияны опера театрының директоры бастап барған. Жігіттермен шай ішейік деп сол кісіден рұқсат сұрадық. Тәртіп қой. Оның үстіне қасымызда Мәскеуден қосып жіберген "администраторлар" бар. Қорыққанымыз емес, олардың жұмысын сыйладық. Ешкім ерігіп жүрген жоқ қой", - деп әңгімесін бастады халық әртісі.   

"Содан барып отырдық. Ішінде біреуі "біз еркін жүреміз, бостандықтың бәрі бізде" деп мақтана бастады. "Қараңдаршы, ана Мерседес пәленшенікі, анау түгеншенікі" деп жатыр. Сыр білдірмей,  ішімнен қайбір оңғаннан Мерседес мініп жүрсіңдер деп отырмын", - деп жалғады Нүсіпжанов.

Сол жерде "Азаттық" радиосының өкілдері әншілерге "құда түсіп", келісімшарт жасап, дүниежүзін аралатқылары келетінін жеткізеді.

"Күнделікті шығындарыңыз біздің мойнымызда, оның сыртында әрқайсыңызға бір миллион доллардан береміз, қалай қарайсыздар деп қолқалады. Мен рахмет, біз сол кедей қазағымыздың арасында жүре берейік, солардың үміті ақталмай қалмасын, көңіліне кірбің түспесін деп едім, үндей алмай қалды. Әңгіме сонымен бітті", - деп түсіндірді ол.

Миллионнан бас тартқаны өз алдына, Дінмұхамед Қонаевпен бірнеше рет кездессе де, баспана сұрамапты.   

"Әңгіменің реті келгенде "көкелерден" алу керек еді ғой деп жеңгең айтып қалады. Сәті келіп тұрса да, тіленшілік жасағандай болмайын дейтінмін. Жаспыз, балалар өсіңкіресін дедік. Менде біреуден асып түссем екен, бірдеңем жарқырап көрініп тұрса екен деген ой болмайды. Өзімнің шаруамды ұмытып кетіп жатамын. Димаш ағам: "Шиеттей балаларың бар, күндіз-түні шапқылап жұмыс істейсің, жағдайыңды айтпайсың ба... министр болсаң да, басқа болсаң да, бала-шағаңның жағдайы үшін ешқашан ұялмауың керек" деп кішкене ұялтқаны бар. Жастығым ба, ынжықтығым ба...", - дейді Нүсіпжанов.

Тағы оқыңыз: Нұрғали Нүсіпжанов болашақ жарымен бес жыл бұрын не туралы сөйлесті – видео 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты бір "кемшілігі" бар екенін жасырмады.

"Саяжай алып, кеңірек үй салып алуым керек еді. Сол кемшілігім болды. Ағаш өсіргенді ұнататын адаммын. Әлі күнге "коммунальныйда" тұрамыз", - деп түйіндеді әнші.

Сұхбаттың толық видеосы төменде. 

26414
Кілт сөздер:
әнші, Нұрғали Нүсіпжанов
Тақырып бойынша
Нұрғали Нүсіпжанов Дінмұхамед Қонаевтың өзіне не дегенін айтты
Нүсіпжанов, Болманов, Әшімов: жас айырмашылығы бар жұлдызды жұптар – фото
Сапасыз жол

Жол сапасыз салынса, қайда хабарласу керек?

54
Сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. "Жол активтері сапасының ұлттық орталығының" бас директоры Замир Сағынов халықты жолдардың сапасын бірлесіп бақылауға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"739-739 телефонына (Нұр-Сұлтанда - Sputnik) қоңырау шалуға болады. Бұдан бөлек, ресми сайтымыз, әлеуметтік желілерде парақшаларымыз ашылған. Сол жерде жазып, арыз-шағым түсіруге болады. Біз бірден барып, жолдың сапасын тексере аламыз", - деді Сағынов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Осы орайда орталық басшысы халықты жолдың сапасын бірлесіп бақылауға үндеді. Себебі мамандар барлық жолды тексере алмайды. Ал нақты арыз-шағымдар түссе, орталық қызметкерлері сол жерге барып, зертханалық тексеру жасай алады. 

"Негізі, сапасыз жолдар, көбінесе, облыста, ауданда немесе ауылда салынады. Бұл жерде бюджет қаржысын ұрлау мәселесі ғана емес, сол жолды тексеретін маман тапшылығы проблемасы да бар. Мысалы, аудандық әкімдіктерді алатын болса, бір бөлімде екі-үш адам ғана жұмыс істейді. Сосын жолдың сапасы бойынша арнайы маманы жоқ. Ал арнайы маман болмағасын, құжаттар да дұрыс жасалмайды", - деп атап көрсетті Сағынов.

Оның айтуынша, бүгінде осы салада кәсіби мамандарды даярлау мәселесіне баса назар аударылады. Арнайы акция басталды, жоғары оқу органдарымен бірлескен шаралар қолға алынды. Соның арқасында жас мамандардың саны біртіндеп көбейіп жатыр.

54
Кілт сөздер:
шағым, жол
Қаруланған адам

Мемлекет басшысы Жамбыл облысындағы атышулы оқиға туралы айтты

679
(Жаңартылды 22:01 29.10.2020)
Шудағы арнайы операция кезінде полицейлер арасында атыс болған еді. Біреуі ауруханада ажал құшты

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде Жамбыл облысында болған оқиға туралы пікірін айтты.

"Полиция желілік бөлімінің басшысы мен қоластындағылар есірткі бизнесімен айналысқан. Олардың қылмысын қауіпсіздік басқармасындағы әріптестері әшкере етті. Полицейлер өз қатарында қылмыс жасағандарды ұстағаны бір жағынан қуантады. Мұндай жұмыс бағалануы тиіс", - деді президент.

Екінші жағынан мұндай жағдай полиция беделіне нұқсан келтіреді, деп толықтырды ол. 

"Бұл тек Жамбыл облысында ғана болып жатқан жоқ, өзге өңірлерде де бар. Мұны жақсы білесіздер. Сондықтан есірткі бизнесіне қарсы күресті күшейту міндетін қоямын", - деді мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, халық нақты нәтижелерді көруі тиіс.

Жамбыл облысында полицейлердің ұсталуы

Еске сала кетсек, көліктегі полиция департаментінің Шоқпар станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері есірткі тасымалымен айналысады деген күдікке ілінген.

Жамбыл облысында арнайы операция кезінде атыс қаруымен қаруланған үш күдікті жол талғамайтын көлікпен жоғары жылдамдықпен келіп, арнайы жасақ қызметкерін қағып өткен. Ал қуғыншылар оларды тоқтату үшін қару қолдануға мәжбүр болған.

Үш адамның екеуіне оқ тиді. Біреуі медициналық мекемеде көз жұмды. Екіншісіне стационарда көмек көрсетілді. Үшіншісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты

679
Кілт сөздер:
полиция, Жамбыл облысы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты
Полицейлер төсекте видео түсіріп, оны 7 мың теңгеден сатқан әйелді ұстады
Щучинскіде полицейлер жантүршігерлік жол апатынан қаза болды – видео
"Таңдауым Ерланға түсті": ерлі-зайыпты полицейлер махаббат хикаясын айтып берді
Полицейлер Талдықорғанда жезөкшелікпен айналысқан жігіттерді видеоға түсірді