Арыс қаласында зардап шеккендерге көмек жинайтын ондаған пункт ашылды. Архивтегі фото

"70 бала сыйып кетті": Арыс қаһармандары жарылыс кезінде не істегендерін айтты

349
Арыста ерлік көрсеткен азаматтар президенттің қолынан награда алды

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik, Арман Асқар. Осы аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласын қалпына келтіруге атсалысқан бір топ адамды марапаттады. Олардың ішінде қарапайым азаматтар да бар. Sputnik Қазақстан тілшісі "Арыс қаһармандары" атанған қыз-жігіттердің мемлекеттік награданы қалай алғанын біліп қайтты.

Среди награжденных военные, врачи и волонтеры, участвовавшие в ликвидации последствий взрывов в Арыси
© Sputnik / Абзал Калиев
Қазақстан президенті Арыстағы жарылыстың зардаптарын жоюға қатысушыларды марапаттады

Бір Газельге 70 бала қалай сыйып кетті?

24 маусым күні Арыстың тұрғындары әдеттегідей ұйқыдан тұрып, жаңа жұмыс аптасын бастап жатқан. Таңертең балаларын алдымен балабақшаға апарды. Одан кейін жұмысқа барды. Сол күні "Лидер" балабақшасы да бүлдіршінге лық толды. Таңғы астарын ішкеннен кейін балалар ойнауға кіріскен. Балабақшаның 18 жастағы жүргізушісі Асқар Әбдіхалық та "Газель" көлігімен шаруасын ыңғайлап, дем алып жатқан. Осы кезде алғашқы снаряд жарылды. Содан дүрбелең басталып кетеді. Ата-аналар жан-жақтан телефон шалады. Балалар жылап жүр. Тәрбиешілер не істерін білмеді.

"Менімен бірге ағам да істейді. Ол өз көлігімен базарға барамын деп шыққан. Сол кезде дүңку басталды. Ағам жарты жолдан қайтып келді. Екеуміз балаларды ата-анасына жеткізейік, бірге қашсын дедік. Бірақ балабақшаға жеткенше жарылыс күшейіп кетті. Сөйтіп, балалардың бәрін көлікке салып қаштық", - деді Әбдіқалық Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, ағасы 50 баламен Шымкентке бір-ақ тартқан. Ал Асқар көлігіне 70 баланы мінгізіп, жолға шыққанда барлық жолда кептеліс басталып кеткен. Ол Шардараның жолына бұрылды. Балалар қорқып, жылаған. Ең кішкентайы бір жаста ғана болған.

"Ағам екеумізде бірдей көлік, жолаушыларды тасымалдауға арналған "Газель". Негізі 15 орындық көлік. Бірақ маған 70 бала сыйып кетті. Ол кезде жан керек қой. Сөздің шыны керек, қазір менің көлігіме 70 бала сыймайды. Басында ары кетсе 30 бала мінді деп ойладық. Шардараға барып, түсіргеннен кейін санасақ, 70 бала. Өзіміз де сенбедік", - деп еске алады Әбдіқалық.

Жас құтқарушының сөзіне қарағанда, Шардараға бара жатқанда ата-аналар тоқтатып, өз балаларын алып кеткісі келген. Бірақ оған уақыт болмады. Сол себепті жүргізуші есікті құлыптап, біраз жерге ұзап барғаннан кейін ғана ашқан. Шардарада алдымен балық зауытына жайғасты. Сосын колледж ғимаратына апарды. Артынан сол жердегі балабақшаға ауыстырыпты.

Асқар Әдіқалық жасаған ерлігі үшін президенттің қолынан "Ерлігі үшін" медалін алды.

Нағыз еркектің шешімі

Қарағанды облысының тумасы Евгений Хисметов жеті жылдан бері Саран қаласының балалар мен жасөспірімдер мектебінде мұғалім болып істейді. Ол жерде олимпиадалық резервті даярлайды. Жұмыстан тыс уақытта тұрмысы төмен отбасыдан шыққан балаларға арнап шағын футбол секциясын өткізіп жүреді. Бокстан да бапкерлік жасайды. Арыста жарылыс болған күні Евгений әдеттегідей ерте тұрып, жоспарлап қойған жұмыстарын тындыруға кіріскен. Ал Арыс туралы алғашқы видеолар тарала бастағанда бірден көмекке аттануға шешім қабылдайды.

"Есіңізде болса, ер адамның баланы ұстап, жол жиегімен кетіп бара жатқан бір видео тараған болатын. Одан кейінгі видеода қыз-келіншектер "Көмектесіңіздер! Тікұшақтар қайда? Бізді неге қауіпсіз жерге көшірмейді?" деп айқайлады. Мен осыны көріп, бірден сөмкемді жинай бастадым. Әйелімнің зәресі ұшты, аң-таң болып, маған қарап тұр. Қайда барасың дейді. Мен сөмкемді жина, Арысқа барамын дедім. Ақшаны жолдас балалардан алдым да, жолға шығып кеттім", - деді Хисметов.

Оның айтуынша, Арысқа барғанда алдымен гуманитарлық көмекті үйлерге таратты. Одан кейін Шымкенттің жігіттерімен танысып, құрылыс жұмыстарына араласып кетті. Үйлерді бұзып, күл-қоқысты қаланың сыртына шығарды. Күндіз далада +55 градусқа дейін ыстық болды. Түнде құрылысшыларға арналған темір вагондарда ешкім жата алмады. Себебі іші қызып кететін. Содан далада ұйықтауға тура келді.

"Құрылыс жұмыстарынан кейін маған қойманың жұмысын сеніп тапсырды. Таңғы сағат 8:00-ден бастап кешкі 11:00-ге дейін қоймада болып, түнгі 2:00-4:00 аралығында құрылыс материалдарын қабылдап отырдым. Бас кезінде далада гипсокартон төсеп ұйықтадық. Көрпе болды, соны жамылып жататынмын. Жергілікті тұрғындар әлі күнге дейін хабарласып, өз алғысын жеткізіп тұрады", - деп атап көрсетті Хисметов.

"Ақордаға тағы келуге тырысамын"

Бір рет Хисметовтың дәл жанында снаряд құлаған. Сол кезде барлығы жан-жаққа қашқан. Бірақ Евгений тырп еткен жоқ.

"Адамдар құрал-жабдықтарын жинап, қаша бастады. Маған неге отырсың дейді. Мен "Қарағандыдан келдім" деп, қысқа ғана қайырдым. Бұл жердің тас-талқаны шықса да, қалпына келтірмей кетпеймін дедім. Үш балам бар. Олар да риза. Папа, жарайсың дейді. Бас кезінде олар да ештеңе түсінбеді. Қазір сізді мақтан тұтамыз дейді. Негізі, мен өзімді қаһарман деп санамаймын", - дейді Хисметов.   

Келесі жылы Арысқа қонаққа баруды жоспарлап отырғанын да жеткізді. Құрбан айтты тойлаған таныстарымның бәрін аралап шығамын дейді. Евгений бас кезінде салмақ тастап, жүдеп кеткен. Артынан арыстықтар кезек-кезек қонаққа шақырғаннан кейін қайтадан салмақ жинағанын айтады. Қазіргі киіміне сыймай жүргенін де жеткізді. Евгений президенттің қолынан "Құрмет" орденін аламын деп ойламапты.

"Мен президентпен алғаш рет кездесіп отырмын. Ақордаға да бірінші рет кірдім. Кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Енді, осы жерге тағы келуге тырысамын. Ол үшін ізгі істерді жасап, еліме пайда тигізуім керек", - деп атап көрсетті Хисметов.

Евгенийдің мамандығы – педагог-психолог. Бүгінде үшінші жоғары білімді аламын деп, журналист-менеджер мамандығын оқып жатыр. "Арыстан" қайырымдылық қорын басқарады.

Қазақстанда қаһармандар баршылық

Жалпы, Арыста болған жарылыстар кезінде ерлік танытқан қарапайым азаматтар көп. Мәселен, медбике Күмісай Тұманова ауруханада жатқан науқас балаларды қауіпсіз жерге жеткізді. Ал полиция бөлімінде қалған кезекші Жақсылық Таттымбетов халықтан түскен барлық өтінішті қабылдап, жеке құрамға жеткізіп отырды.

Сержант Нұржан Бақтыбай болса, снарядтарды жинау кезінде көзге түсті. Оқ-дәрілерді арнайы көлікке тиеп жүргенде бір снаряд тұтана бастайды. Осы кезде сержант Бақтыбай сасқан жоқ, бірден өз әріптестерін қауіпсіз жерге кетуге нұсқау береді. "Алтын тұмар" балабақшасының меңгерушісі Гауһар Уәлиханова да 80 баланың өмірін сақтап қалды.

Әлбетте, дәрігерлердің де еңбегі зор. Мәселен, Шымкент облыстық ауруханасында істейтін ота бөлімінің медбикесі Айгүл Қасымова "Шапағат" медалімен марапатталды. Оның айтуынша, жарылыс болған күні түстен кейін науқастар түсе бастаған.

"Сол күні науқас өте көп болды. Бір аптаның шамасында үздіксіз келіп тұрды. Бізге күйік шалған, ашық және жабық жарақатпен адамдар түсті. Оларға бірден көмек берілді. Ең ауыр ота сарбазға жасалды. Оның ішкі ағзаларынан қан кеткен. Ол қатты құлап, ішінен жарақат алған. Ота сәтті өтті. Көбінесе, сүйегі сынғандар болды", - дейді Қасымова.

Ақордада өткен салтанатты жиында Арыс қаһармандарына  II және III дәрежелі "Айбын" мен "Құрмет" ордендері, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін" және "Шапағат" медальдары табысталды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаһармандардың барлығы залға сыймағанын атап өтті.

"Осы залда отырғандардың барлығы – нағыз қаһармандар. Залдан тыс қалған азаматтарға да ордендер мен медальдар тапсырылады", - деді Тоқаев.

349
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, марапат, ерлік, жарылыс
Тақырып бойынша
Назарбаев Шымкенттегі жұртты шулатқан оқиға жайлы: Бір нәрседен қорқамыз ба?
Тоқаев елордада көз жұмған арыстық баланың ата-анасына көңіл айтты
Тоқаев экс-министр мен бірнеше лауазымды қызметкерді қатаң жазалады
Арысты қалпына келтіруге жіберілген астаналық жол апатынан қаза болды
Тоқаев Арыс қаһармандарын атады
Қарағанды фармацевтика кешені

Қазақстанда өндірілген "Спутник V" вакцинасы Ресейде тексерістен өтті

38
Қарағанды ​​фармацевтика кешені "Спутник V" вакцинасының сапасына қатысты жауап алды. 6000 дозадан тұратын тәжірибелік партия желтоқсанда тексеріске жіберілген болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Қарағанды ​​фармацевтика кешені ресейлік Гамалея институтынан "Спутник V" вакцинасының белгіленген талаптарға сәйкес келетіні туралы ауызша жауап алды. Sputnik Қазақстанға бұл туралы ҚФК бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Владимир Фольмер хабарлады.   

"Бәрі сәйкес келетіні жөнінде ауызша жауап алғанымызға біраз уақыт болды. Енді бұл топтамалар үшін олардың паспортын күтіп отырмыз. Біз паспортты алғаннан кейін Қазақстанда шығарылған осы препаратты тіркейміз. Яғни, тіркеу куәлігін аламыз", - деді Владимир Волмер Sputnik Қазақстанға.

Ол 2021 жылдың ақпан айының соңына дейін алғашқы коммерциялық топтама өндіріледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.     

"Біз осы аптада топтаманы әзірлеп, бір айға созылатын талдауға жіберуді жоспарлап отырмыз. Келесі айдың соңында алғашқы коммерциялық топтаманы шығарамыз", - деп атап өтті Фольмер.

Барлық топтаманың үлгісі тексеру үшін Ресейге жіберіледі, деді ол.   

"Біз мұнда өз талдауымызды жүргіземіз. Оған қоса ресейліктер (Гамалея институты) қосымша бақылайды. Қазір шамамен 80-90 мың доза шығарамыз. Бәрін жібермейміз. Барлық партияның бір бөлігі таңдалып алынады", - деп түйіндеді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда он миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр 

Бұған дейін Қарағанды ​​фармацевтика зауытында өндірілген 6000 доза мөлшеріндегі "Спутник V" вакцинасының тәжірибелік партиясы Ресей Федерациясына сапаны тексеруге жіберілген болатын.

Қазақстанда "Спутник V" вакцинасын алдын ала тіркеу 2021 жылдың 26 ​​қаңтары мен 11 ақпаны аралығында өтеді деп жоспарланған. Вакцинаның өндірістік топтамасын  жеткізу 2021 жылдың 12 ақпанында басталмақ.    

38
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Тоқаевтың көмекшісі коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет салдырды
Үшінші ұлттық карантин енгізіледі: Ұлыбританияда жаңа шаралар қабылданбақ
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасады
Вакцина әсері ме: желіде арқасы тұтас қызарған сәбидің суреті талқыланып жатыр
Министрлік отандық вакцинаға уақытша тіркеу куәлігін берді
COVID-19 он жылдан кейін қалай өзгеретіні белгілі болды
Қуат Хамитов

Спортшы Қуат Хамитов сотқа тартылды

761
(Жаңартылды 17:44 18.01.2021)
Спортшы қыркүйекте дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді

АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Алматыда "Найман" лақап атымен танылған аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Сот талқылауы 18 қаңтарда Алмалы аудандық сотында өтті.

"Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қуат Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - деп хабарлады аудандық соттың баспасөз қызметі.

Аталған бапта азаматтың "билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" көзделген. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады 

Айта кетейік, 2020 жылы қыркүйекте спортшы дезинфекция жасаушылар "халықты улап жатыр" деп мәлімдеп, оларды ұрып-соғуға үндеді.

Кейіннен спортшы ол видеоның әзіл ретінде түсірілгенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сетевое издание «ZTB.KZ» (@ztb_kz)

"Дезинфекция туралы тарап кеткен видеоға қатысты айтарым, ол – қалжың ретінде түсірілген видео. Мен ешкімді жаппай көтеріліске шақырмаймын. Ондай әрекет істеуге ешкімді шақырған емеспін және ондай әрекет істемеңіздер. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын", - деді Хамитов.

761
Тақырып бойынша
Қуат "Найман" Сабина Алтынбекованың тұрмысқа шығуына қатысты пікір білдірді
Ішкі істер министрлігі Хамитовтың атышулы видеосына қатысты түсініктеме берді 
Қуат Хамитов ресейлік спортшыны тұншықтыру әдісімен жеңді – видео
Сабина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді
Қуат Хамитов Алтынбекова жайлы: оған сол қажет болды
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Архивтегі фото

Павлодар облысы әкімдігінде қайта ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді

0
Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Павлодар облысында екі басқарма біріктіріліп, жаңа басқармалар құрылды, деп хабарлады өңір әкімінің баспасөз қызметі.

Кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен индустриялық-инновациялық даму басқармасы біріктірілді.

"Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы Павлодар облысының бизнес, өнеркәсіп және инновациялар мәселелеріне бақылау жасайды", - делінген хабарламада.

Өңірде цифрландыруды дамытумен айналысатын цифрлық технологиялар басқармасы жеке құрылымға шығарылды.

Ауыл шаруашылығы басқармасында да өзгеріс болды. Бұрын бұл ведомство ветеринарияға да жауапты болса, енді онымен ветеринария басқармасы айналысады. Сонымен қатар Павлодар облысында дін істері басқармасы қайта құрылды. 

Оқи отырыңыз: 2021 жылы Нұр-Сұлтанда не өзгереді 

Басқарма құрылымдары бекітілді. Ведомстволардың штат саны қолда бар қызметкерлер есебінен қалыптасады. Мемлекеттік мекемелер құрамына жаңа қызметкерлер тартылмайды.

0