Архивтегі фото

Қазақстанда ертең ауа райы қандай болады

298
Синоптиктер Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, жаңбыр, бұршақ жауады деп болжап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 9 қыркүйек – Sputnik. Сейсенбі, 10 қыркүйекте Қазақстанның көптеген аймағында ауа райы жаңбырлы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" мемлекеттік ауа райы қызметі.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер 10-12 қыркүйек аралығындағы ауа райына болжам жасады

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел күшейеді деп болжануда.

Тек батыста күн ашық.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда күні бойы жаңбыр жауады, күн күркіреуі мүмкін, күндіз +15, түнде +8.

Алматыда да жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз + 16, түнде +11.

Шымкентте күн ашық, бірақ салқын болады – түнде +11, күндіз +21.

Өңірлердегі ауа райы

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Қарағанды ​​облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, түнде Түркістан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады деп болжануда.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.

298
Кілт сөздер:
Қазгидромет, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
Қар жауып, күн суытады – синоптиктер қыркүйек айына болжам жасады
Маман қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Елжан Біртанов

Экс-министр Біртанов ұсталды деген ақпаратқа түсініктеме берілді

1953
(Жаңартылды 13:12 31.10.2020)
Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Әлеуметтік желіде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр.

Әлеуметтік желіде Біртановты 30 қазанда Қаржы министрлігі қаржы мониторингі жөніндегі комитеті тергеу департаментінің қызметкерлері ұстады деген мәлімет пайда болды. Оның уақытша ұстау изоляторына қамалғаны айтылған.

Қаржы мониторингі жөніндегі комитетте әлеуметтік желіде тарап жатқан ақпаратты жоққа шығарған жоқ. 

"Қаржы мониторингі жөніндегі комитет бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеуге қатысты ақпарат 201-бапқа сәйкес жарияланбайтынын хабарлайды. Кейін ақпарат беретін боламыз", - деді комитеттің баспасөз хатшысы Арман Жүнісов.

Желідегі ақпарат бойынша экс-министр 526 миллион теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Ақша денсаулық сақтау жүйесінің байланысын қамтамасыз ету және ақпарат платформаларын сатып алуға бөлінген. Қылмыстық кодекстің 189-бабына сәйкес ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу") тергеу жүргізіліп жатқаны айтылған. 

Елжан Біртанов денсаулық сақтау министрлігін үш жарым жыл, 2017 жылдың 25 қаңтарынан 2020 жылдың 25 маусымына дейін басқарды.

14 маусымда Елжан Біртановтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды. Диагнозы расталғаннан кейін, ол бірден астанадағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылды.

25 маусым күні президент жарлығымен Біртанов министр қызметінен босатылды. Оның орнына Алексей Цой тағайындалды.

1953
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау министрлігі, тергеу, Елжан Біртанов
Тақырып бойынша
Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты 
"Үлкен қауіп бар": Біртанов коронавирус ауылдарға жеткенін айтты
"Бұл төтенше жағдай": Министр Біртанов неге алаңдап отырғанын айтты
Ауруханада жатқан министр Біртанов желіде дәрігерлер туралы жазба жариялады
Денсаулық министрі Біртанов қызметінен босатылды
Коронавирус сынамасы

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны артты

98
(Жаңартылды 14:14 31.10.2020)
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың дені Шығыс Қазақстан облысында тіркелді. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола және Павлодар облысында дертке шалдыққандар көп

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 461 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қызылорда облысында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 31
  • Алматы қаласы - 21
  • Шымкент қаласы - 6
  • Ақмола облысы - 39
  • Ақтөбе облысы - 6
  • Алматы облысы - 14
  • Атырау облысы - 12
  • Шығыс Қазақстан облысы - 233
  • Жамбыл облысы - 2
  • Батыс Қазақстан облысы - 13
  • Қарағанды облысы - 16
  • Қостанай облысы - 12
  • Маңғыстау облысы - 6
  • Павлодар облысы - 25
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 21
  • Түркістан облысы - 4.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 111 953. 

 

98
Кілт сөздер:
коронавирус, Қазақстан
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқынына дайын болайық – Тоқаев
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Коронавирустың екінші толқыны: азық-түлік бағасы қандай болады
Қырау басқан жапырақтар

Тұман, жаңбыр және қатты жел ертеңге ауа райы болжамы жарияланды

57
Республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады, солтүстікте жаңбыр жауады деп болжануда

НҰР-СҰЛТАН, 31 қазан – Sputnik. Қазақстанда, синоптиктердің болжамынша, 1 қарашада күн ашық болады.

Қазақстанның басым аумағында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. Тек елдің солтүстігінде жаңбыр жауады деп болжануда. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жел күшейеді.

Өңірлердегі ауа райы

Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл ауданында секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.

Тағы оқыңыз: Төтенше жағдайлар министрлігі автокөлік иелеріне үндеу жасады

Жамбыл, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерді тұман басады, Жамбыл облысында түнде желдің екпіні 15-20 м/c дейін күшейеді.

Дабылды ескерту

Қызылорда облысында күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.

Ақмола облысында 1 қарашада тұман түседі деп болжанып отыр.

Мегаполистерде ауа райы қандай болады

Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. 3-5 м/c жел тұрады. Түнде ауа температурасы -3-4 градус, ал күндіз – 5-8 градус жылы.

Алматыда да ауа райы жауын-шашынсыз. Секундына 1-8 метр жылдамдықпен жел соғады. Сынап бағанасы түнде +4... +5 градусты, ал күндіз +9... +10 градусты көрсетеді.

Шымкентте күн жылы әрі ашық,  2-5 м/c жел соғады. Ауа температурасы түнде +3... +5, күндіз +17... +19 градус болады.

57
Кілт сөздер:
ауа райы болжамы