Бақытгүл Хасенова

"Алла жазасын берсін": Елордалық ана әкесінің айуандық жасағанын айтты   

9922
(Жаңартылды 21:04 10.09.2019)
41 жастағы әйел ҚХА-да шу шығарып, полициядан ұлы мен қызын тауып беруді сұрады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы аналар кеңесінің кеңейтілген отырысында шу шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Отырыста Бақытгүл Хасенова есімді ана өзінің өгей әкесі зорлағанын, әрі ұлы мен қызынан айырылып қалғанын айтып, полициядан көмек сұрады. Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметкерлері анамен жеке сөйлесіп, оны сабырға шақырды. Кейін Бақытгүл Хасенова басынан өткен қиын жағдайды журналистерге айтып берді.

Бақытгүл Хасенова 2 баласын қайтарып алғысы келеді
© Sputnik / Дәурен Ерболатов
Бақытгүл Хасенова 2 баласын қайтарып алғысы келеді

Ата-анасынан зорлық-зомбылық көрген

"Өгей әкем мен туған анамды заңға тартып, түрмеге отырғызуды сұраймын. Алла олардың жазасын берсін. Өгей әкем мені 13 жасымда зорлады. Оның зорлағанын туған анам көрген. Мен көп қиналдым", - деді ана көзіне жас алып.

Ол 1999 жылы бұрынғы ҚР ішкі істер министрі Қайырбек Сүлейменовтің жеке қабылдауында болғанын, зорлау фактісі бойынша полицияға арыз жазғанын атап өтті. Бірақ одан еш нәтиже шықпаған.

2 баласын қайтарып алғысы келеді

Бақытгүл Хасенова 3 баласы барын айтады. Алайда 1995 жылғы ұлы мен 1996 жылғы қызын өгей әкесі балалар үйіне өткізіп жіберіпті. Оның айтуынша, балаларды 2004 жылы Лилия есімді әйел асырап алған.

"2 баламды өгей әкем беріп жіберді. Менің атымнан бір әйелге айтып, "балаларымнан бас тартамын" деп хат жазғызыпты. Хатқа өтірік қол қойған. Мен балаларымнан бас тартқан жоқпын. Көкек ана емеспін. Мемлекеттік органдар ұлым мен қызымды тауып берсе екен. Мемлекеттен басқа ештеңе сұрамаймын", - деді 41 жастағы тұрғын.

Бақытгүл Хасенова үшінші баласын, яғни кіші қызын екінші күйеуінен тапқанын айтады. Ендігі арманы – 3 баласының басын қосу.

"Құлдықта болдым"

Ол 2017 жылы қазіргі Түркістан облысындағы ауылдардың бірінде құлдықта болғанын айтады. Ол жаққа ақша табу үшін барыпты.

"2017 жылы 6-7 ай құлдықта болдым. Оңтүстік Қазақстан облысы Қожатоғай ауылының маңында Дарбаза деген ауыл бар. Шымкент қаласының маңайында. Сол жаққа мені бір адамдар алдап апарды. Онда кішкентай қызыммен бардым. Шыны керек, алданып қалдым. Маған қомақты қаражат ұсынған. Бірақ соңында 30 мың теңге ғана алдым. Таңертеңнен кешке дейін қорада жұмыс істедім. Тезек ойдым", - дейді Бақытгүл Хасенова.

41 жастағы әйел құлдықтан туыстарының көмегімен құтылған.

"Ондағы адамдар қашсақ ұстап алып отырды. Маған қол көтеріп, кішкентай қызымның басына мылтық кезеді. Соңында туыстарыма хабарласып, құлдықтан құтылдым. Бұл іс бойынша да полицияға арыз жаздым", - дейді ана.

Инсульт алып, ауруханаға түскен

Сөз соңында ол денсаулығы нашар екенін, инсульт алғанын атап өтті.

"Алғашында MEGA Silk Way орталығының еденін жудым. Бірақ инсульт алып, ауруханаға түстім. Қазір жүрегім ауырады. Елордада Үкімет берген 1 бөлмелі үйім бар. Үшінші баламмен сонда тегін тұрып жатырмын. Ендігі мақсатым –балаларымды табу. Олармен араласқым келеді", - деді Бақытгүл Хасенова.

9922
Көлік жүргізуші құжаты

Жүргізуші куәлігіне байланысты жаңашылдық қалай жүзеге асырылады 

405
Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Парламент мәжілісі жол жүру ережесі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен түзетулер енгізуге арналған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жаңа нормаға сәйкес, көлік жүргізушілері өзімен бірге тек жеке куәлігін ғана ұстап жүре алады. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, көлікке қатысты барлық құжаттар электронды форматта тексеріледі. 

"Қазір өзіңіз жақсы білесіздер, полиция органдарының техникалық жағдайы жақсы, жолдағы барлық әкімшілік құқықбұзушылықты планшет арқылы рәсімдеуге мүмкіндік бар. Хаттамалардың бәрі солай жасалады. Ал жол ережесін бұзған адамға қатысты барлық дерек ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасынан алынады. Полиция оның жеке сәйкестендіру нөмірін енгізеді де, барлық мәліметті көре алады. Көлікке қатысты деректер де солай. Мемлеттік тіркеу нөмірін енгізсе жеткілікті", - деді Қожаев мәжілістің жалпы отырысында. 

Оның сөзіне қарағанда, кейбір жерлерде интернет дұрыс ұстамайды. Ондайда қажетті мәліметті деректер базасынан автоматты түрде алу қиын. Дегенмен, полицейлер радиобайланысты пайдалана алады. 

"Біз рация арқылы шұғыл басқару орталығына немесе кезекшілік бөліміне көлік иесі туралы мәліметті береміз де, бір-екі минуттың ішінде сол жерден қажетті деректі аламыз. Осылайша, тексеріс жүргізіледі. Сондықтан проблема жоқ. Біз жаңа бастаманы іске асыруға дайынбыз ", - деп атап көрсетті Қожаев.

Айта кетейік, шетелдіктер мен шетел көліктері үшін тәртіп өзгермейді. Өзге елдің азаматтары бұрынғыдай көлік жүргізу куәлігі мен техникалық төлқұжатты алып жүруге міндетті.

Депутаттар заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Ал мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин осы құжатты тездетіп қабылдау қажеттігін жеткізді.

405
Кілт сөздер:
жүргізуші куәлігі, көлік
Тақырып бойынша
"Полицейлердің өзі білмейді": Мыңбай жүргізуші куәлігін алу емтиханын сынға алды
Көлік тізгінінде 61 жыл – жамбылдық полиция жүргізуші әжей туралы видео түсірді
Нұр-Сұлтан полицейлері құжатсыз көлік жүргізген мас қызды ұстады
Ақмола облысында көлік ұрламақ болған жігіт ажал құшты
Көлік салығын төлеу мерзімі ауысуы мүмкін
Нұржан Әлтаев

Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды

270
(Жаңартылды 10:58 02.12.2020)
Бұған дейін ол Nur Otan партиясы саяси реформаны бастағанын күтетінін айтты. Саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда бұл партиядан шығуға тура келеді, деді Әлтаев

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттігі оның Nur Otan партиясының қатарынан шығарылғаны туралы Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросының қаулысына байланысты тоқтатылсын", - делінген ресми хабарламада. 

Ресми мәліметке сәйкес, дүйсенбі, 30 қараша күні партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалының саяси кеңесі бюросы қаулы шығарып, орталық сайлау комиссиясына ресми хат жіберген. Соның негізінде және депутаттардың мәртебесі туралы конституциялық заң аясында тиісті шешім қабылданды. 

Айта кетейік, 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер одағы негізінде өз партиясын құратынын мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, Қазақстанда саяси плюрализм жоқ. Nur Otan партиясы ғана бар. 

Sputnik Қазақстан тілшісіне сұқбат берген Әлтаев бастамашыл топтан жаңадан құрылған саяси партияның басқарушы органына кіруге ұсыныс жасалғанын айтқан.  Бұл ұсынысты қарастырып жатырмын, әлі шешім қабылдаған жоқпын, деді Әлтаев. 

Сонымен бірге, экс-депутат Nur Otan саяси партиясы ішінен саяси реформа жүргізу туралы ұсынысты да еске түсірді. Егер ол орындалмаса, партиядан шығуға дайын екенін жеткізді.

"Себебі монополиялау жақсылыққа әкелмейді. Nur Otan партиясы осы саяси реформаны бастағанын күтемін. Егер бұл реформа жүргізілсе, онда партияда қаламын, оны әрі қарай жақтай беремін, партияға жұмыс істеймін. Егер Nur Otan партиясының осындай саяси өзгерістерге дайын екенін көрмесем, онда бұл партиядан шығуға тура келеді", - деді Әлтаев.

270
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Нұржан Әлтаев
Тақырып бойынша
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
"Үкіметтің ақылы неге соған жетпейді?!": депутат жаңа бағдарлама қабылдауды ұсынды
Косарев жаңа жылдан кейін депутат болмайтынын айтты