Сиыр

Мал ұрлаған адам 12 жылға дейін сотталуы мүмкін

258
Бас прокурордың орынбасары айтқандай, мал ұрлығымен ұйымдасқан қылмыстық топтар айналысады

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Бас прокуратура бірқатар қылмыс үшін жазаны күшейтуге арналған заң жобасын әзірледі. Соның ішінде мал ұрлығы да бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, жаңа заңнама бойынша мал ұрлығын ауыр қылмыстардың санатына жатқызу қарастырылған.

"Мәселен, егер қылмыстық топпен немесе қораға кіріп, ұрлық жасалса, біз оны ауыр қылмыстар санатына жатқызбақпыз. Өйткені бүгінде мал ұрлау кәсіпке айналып кетті. Ол ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалады. Себебі малды шығарып беретін адам болады. Оны тасымалдайтындар, соятындар, базарда сататындар, оған жалған құжат жасап беретіндер бар. Сыбайлас жемқорлыққа жол ашылады. Осыған байланысты біз мал ұрлығын ауыр қылмыстар санатына жатқызғанды жөн көрдік", - деді Ахметжанов астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Тағы оқыңыз: Заңсыз аңшылық пен балық аулау қылмыс санатына жатқызылады - Бас прокуратура

Оның сөзіне қарағанда, мал ұрлығын бөлек санатқа шығарудың арқасында осы іспетті қылмыстар азаяды.
Айта кетейік, Қазақстанның Қылмыстық кодексіне сәйкес ауыр қылмыстар жасағаны үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

258
Кілт сөздер:
ауыр қылмыс, ұрлық, мал
Тақырып бойынша
"Өмір бақи бас бостандығынан айырылады": елімізде жаңа заң әзірленіп жатыр
Блок бекет

Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін

9
Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты

АЛМАТЫ, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда карантин шаралары қайтадан күшейтілуі мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Алматы бұған дейін де коронавирустың таралуы бойынша "сары" және "жасыл" аймақтың шекарасында тұрды. Қазір де солай, қазір "сары" мен "қызыл" аймақтың арасында бір қадам жерде тұр. "Қызыл" аймақта тұруымыз ұзаққа созылмайды деп ойлаймын", - деді Бекшин.

Сонымен қатар брифинг барысында Жандарбек Бекшин қаланың "қызыл" аймаққа енуіне байланысты шектеу шаралары енгізілетінін айтты.

"Бұл жұмыс аяқталып қалды. Брифингтен кейін нақтылап, ертең жаңадан қандай шектеу шаралары енгізілетінін хабарлаймыз", - деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың алаңдатушылық тудырып отырғанын айтты.

"Алматы "қызыл" аймаққа енді. COVID-19 статистикасы сөзсіз алаңдаушылық тудыруда. Ауырғандардың күнделікті саны 130 адамнан төмен түспей тұр", - деді Табынбаев.

Ал Жандарбек Бекшин Алматыда кейінгі төрт күнде инфекция жұқтырғандар саны күрт өскенін мәлімдеді.

9
Кілт сөздер:
карантин
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Отырыста отырған депутаттар

Мәжіліс елді шулатқан заң жобасын кері қайтарып алды

15
Заң жобасымен жұмыс істеп жатқан парламент депутаттары мен өзге де ұйымдар нормаларды тағы бір мәрте қарап шығады

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Парламент мәжілісінің әлеуметтік-мәдени даму комитеті қоғамда шу туғызған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын кері қайтарып алу жайлы шешім қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Заң жобасын 2019 жылы президенттің жолдауынан кейін парламенттің бір топ депутаты әзірледі. Мемлекет басшысы елде отбасылық-тұрмыстық жанжалдың артып бара жатқанын мәлімдеген болатын.

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Sputnik Қазақстан тілшісіне заң жобасы 10 айдан астам парламент қабырғасында талқыланып жатқанын  айтты.

"Жұмыс топтары заң жобасымен жұмысты тоқтатқан жоқ. Қазіргі заң – мүлде басқа құжат. Парламенттен бөлек, заң жобасымен тағы 55 ұйым жұмыс істейді. Қазір көбі депутаттарға жала жабуда, құжатта мүлде болмаған баптарды айтып жатыр", - дейді депутат.

Айтуынша, мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Жәмила Нұрманбетова заң жобасын кері қайтару және оның мазмұнын жетілдіру туралы шешім қабылдаған.

Тағы оқыңыз: Тоқаев қазақстандықтар қызу талқылап жатқан заң жобасына қатысты пікір білдірді

"Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы нормаларды тағы бір мәрте қарау және заң жобасына тағы бір рет тәуелсіз бағалау жүргізу үшін заңды қайтарып алды. Заң жобасымен жұмыс қанша уақыт қажет болса, сонша жалғасады", - деп нақтылады депутат.

Айта кетсек, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасын парламенттің сегіз депутаты әзірлеген. Құжат балалардың құқығын қорғайды және тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайтуға септігін тигізеді.

Жазаны қатаңдатудан бөлек, зорлық-зомбылық жасайтындарға емделуге мүмкіндік беріледі.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң жобасы әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті. Құжатқа қарсы шыққандар көп. Десе де,  құқыққорғаушылар мен заңгерлер қазақстандықтарды отбасындағы зомбылықтан қорғауға мүмкіндік беретін заң жобасының қабылданғанын құптап отыр.

15
Кілт сөздер:
Ирина Смирнова, заң жобасы, Мәжіліс