Қоғам

"Өз ауылында болған": Жанар Хамитованың қазасына қатысты тың дерек шықты

© Photo : YouTube / Аяулым КуралхановаЖанар Хамитова
Жанар Хамитова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұдан бұрын Жанар Хамитова қазақстандық телебағдарламаға сұқбат беріп, сахнаға оралғысы келетінін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 16 қыркүйек – Sputnik. "Арнау" тобының экс-әншісі Жанар Хамитова қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы ақпаратты тележүргізуші Анна Данченко растады.

"Әншінің қайтыс болғаны туралы ақпарат рас. Бұл ақпаратты маған Жанардың ағасы растады. Оның айтуынша, Жанар бүгін таңғы сағат 9-да Қарақаралы өңіріндегі өз ауылында қайтыс болған. Алайда неден қайтыс болғаны белгісіз. Ол туралы ағасы айтқан жоқ", - деді ол Sputnik Қазақстан тілшісіне. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anna Danchenko (@ann_2905)

Әртістің қайтыс болғанын әнші Сиви Махмудидің өкілі де растады.

Жанар Хамитова туралы не білеміз

Жанар Хамитова 1989 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында дүниеге келген. Жастайынан музыкаға қабілеті байқалған. 5 жыл домбыра үйірмесіне барып, 8-сыныптан ән айта бастапты.

Тағы оқыңыз: Сахнадан көрінбей кеткен Жанар Хамитова араға 11 жыл салып ашық сұқбат берді - видео

2006 жылы Super Star мега жобасына қатысты. Бұл жобадан соң Жанар түрлі музыкалық топтардың құрамында өнер көрсетті. Кейін Нұржан Керменбаевпен бірге "Арнау" дуэтінің әншісі болды. 2009 жылы ол "Арнау" дуэтінің құрамынан бөлініп кетті.

2019 жылдың сәуір айында Жанар Хамитова "Астарлы ақиқат" бағдарламасына берген сұқбатында жұпыны өмір сүретінін, Алматыда жалғыз пәтер жалдап тұратынын, арасында мейрамханада ыдыс жуып, күн көретінін айтқан. Бағдарлама барысында әнші сахнаға оралғысы келетінін де атап өткен.

Оның бұл арманын жүзеге асыруға әнші Сиви Махмуди көмектескен. Қазақстандық БАҚ-тағы мәліметке сәйкес, Сиви Жанарды өз қамқорлығына алып, "аяққа тұруына көмектескен". Кейін әншілердің арасында түсінбестік пайда болыпты. Мұны Сиви Жанардың ауыр мінезімен байланыстырған еді.

Жаңалықтар
0