Сотталушы Шоқан Әбілқасымов

Сотта жылап жіберді: сүйіктісін досымен жабылып зорлаған жігітке үкім шықты

12437
(Жаңартылды 18:41 17.09.2019)
Қызды жабылып зорлағандардың бірі 10 жылға сотталған болатын. Ол жазасын өтеп жатыр, екіншісіне қатысты бүгін сот үкім шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Бүгін елорданың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Саина Раисованың ісі бойынша тағы бір күдіктіге қатысты шешім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, қылмыстық іс 2017 жылдан бері қаралып жатыр. Күдікті Шоқан Әбілқасымов Саина Раисованың жігіті болған. Бір күні ол оны пәтерге алып барып, сол жерде жолдасымен бірге зорлаған. Қаскөйлерден қашқан Саина үшінші қабаттан секіріп кетіп, қатты жарақат алады. Бірақ аман қалды. Осыған байланысты қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша іс қозғалған болатын.

В специализированном межрайонном уголовном суде Нур-Султана
© Sputnik / Нурила Туржан
Нұр-Сұлтанда жабылып зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты

Өткен жылдың басында Әбілқасымовтың сыбайласы – Мұрат Ыдырысовқа қатысты сот өтті. Сол кезде Саина Раисоваға қысым жасалды, желіде сол күнгі видео да тарап кетті. Тіпті оған екі рет шабуыл жасалды. Дегенмен, Мұрат Ыдырысов 10 жылға сотталды. Ал Шоқан Әбілқасымов қашып, бір жарым жыл бойы Қырғызстанда бой тасалап жүрді. 2019 жылы 6 наурызда ол құқық қорғаушылардың құрығына түсті. Бүгін Әбілқасымовқа қатысты сот үкімі шықты.

Судья Айжан Шаяхметованың айтуынша, күдікті қылмыстық кодекстің 120 және 121-бабы бойынша жауапқа тартылып отыр. Екеуін бірге қосқанда 20 жылдан артық шығады. Бірақ күдіктінің асырауында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы бар. Оған қоса, адам зорлау бойынша ары кетсе, 15 жылға дейін ғана бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Сот шешіміне сәйкес, Әбілқасымов Шоқан Қаршығаұлы кінәлі деп танылып, 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылсын. Әбілқасымов өз жазасын қауіпсіздік деңгейі аса жоғары мекемеде өтейтін болады. Ол сот шығындарын өтеп беруі тиіс. Бұдан бөлек, жәбірленушіге 1 миллион 500 мың теңге көлемінде моральдық шығынды төлеуге міндетті", - деді Шаяхметова.

Отырыс кезінде сотталған Әбілқасымов сөз алып, Саина Раисованы зорламағанын мәлімдеді.

"Мен оны зорлаған жоқпын. Менен ақша мен пәтер бопсалады. Осыны бәрі білсін, менің балаларым да білуі керек. Ол терезеден секіріп кеткеннен кейін де менен көмек алды. Некені тіркеу үшін АХАЖ бөліміне де барғанбыз. Қарым-қатынасымызды заңды түрде тіркеуді талап еткен", - деген Әбілқасымов жылап жіберді. Оның адвокаты аппеляциялық шағым түсіретінін айтты.

Ал журналистерге сұхбат берген Саина Раисова АХАЖ бөліміне барғаны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты. Одан кейін бұның бәрі өтірік деп мәлімдеді.

"Иә, біз жүрдік. Бірге тұрамыз деген жоспар да болды. 8 айдай бірге тұрдық. Мені зорлап тастағаннан кейін екі жаққа кеттік. Ал осы оқиғадан кейін бірге тұрдық па, тұрмадық па, ол сұраққа жауап бермеймін. Оның айтқаны өтірік. Мен онымен АХАЖ-ға барған жоқпын. Сот үкімімен жартылай келісемін. Дегенмен, тағы шағым түсіремін. 15 жылды талап етемін", - дейді Раисова.

Оның айтуынша, бұған дейін сотталған Мұрат Ыдырысов моральдық шығынды әлі төлеген жоқ. Оның көлемі – 1,2 миллион теңге.

"Соңғы екі жыл мен жұмыс істеген жоқпын. Еріктілер көмектеседі, қарапайым халық көмек беріп тұрады. Менде бәрі жақсы", - деп атап көрсетті Раисова.

12437
Тақырып бойынша
Пойызда жолаушы әйелді зорлау ісіне қатысты тың дерек шықты
Жынысын ауыстырған жігітті түрмеде зорлады: адвокаты мән-жайды түсіндірді
Шымкентте такси жүргізушісі қызды ұрып-соғып, зорлап тастады
Алматыда 12 жасар қызды анасының көңілдесі зорлап тастады
Абай ауылында 7 жасар баланы зорлау ісі: сот үкімі қайта қаралды
Ресейлік полицейлер қазақстандық қызды зорлады деп айыпталды
Жайық өзені, архивтегі фото

Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендерде зерттеу жүргізіп жатыр

5
Бұл жұмыс гидрологиялық режимді және трансшекаралық өзендердің экологиялық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейде өзен су тасқыны параметрлерін және ағынның өзгеру тенденциясын анықтау үшін трансшекаралық өзендер бойынша гидрологиялық және гидрохимиялық мәліметтерді жинау басталды.

Экология министрлігінің трансшекаралық өзендер департаментінің директоры Арсен Жақанбаевтың айтуынша, 2020 жылдың қазанында бекітілген ірі өзендердің бассейндерінде зерттеу жүргізу бойынша ынтымақтастықты кеңейту жол картасы аясында су объектілері зерттеліп жатыр.

"Экология және жасыл даму саласындағы ынтымақтастық" деген тақырыпта өткен Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясындағы "Трансшекаралық су объектілері" панельдік сессиясында Жақанбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықтың 29 жылдық тәжірибесі   мемлекетаралық су бөлу мен су қоры ресурстарының күрделі мәселелерін табысты шешуге мүмкіндік бергенін айтты.  

Оның пікірінше, Жайық өзені суының азаю мәселесін бірлесіп шешу жемісті ынтымақтастықтың дәлелі болмақ. Соңғы жылдары Жайық трансшекаралық өзені ағынының азаюы мен су ресурстары және экожүйелер жай-күйінің нашарлау тенденциясы алаңдаушылық туғызып отыр, деп толықтырды спикер.

"Ірі өзендердің бассейндеріндегі бірлескен зерттеулер нәтижесінде трансшекаралық өзендердің гидрологиялық режимі мен экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізілетініне сенімдімін", - деп атап өтті спикер.

Қазақстан Ресей Федерациясымен алты негізгі трансшекаралық бассейн бойынша ынтымақтасады: Жайық, Ертіс, Есіл, Тобыл, Қараөзен мен Сарыөзен, Қиғаш, деп нақтылады Жақанбаев.

Тараптар 2000-2015 жылдар аралығында бұрынғы Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аумағындағы сынаппен ластану ошағындағы жер асты және жер үсті суларына бірлескен мониторинг жүргізді. Орындалған жұмыстардың нәтижесінде "топырақтағы қабырға" әдісімен жылыстауға қарсы перденің құрылысы аяқталды, ластану ошағынан Ертіс өзенінің шетіне дейін 30 бақылау ұңғымасы бұрғыланды.

Аймақаралық ынтымақтастық форумы 28-30 қыркүйекте онлайн режимінде өтеді.  

5
Мотоциклші, архивтегі сурет

Алматыда мотоциклдердің жүруіне тыйым салынуы мүмкін

20
(Жаңартылды 17:53 28.09.2021)
Қаулы жобасы Алматының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағын құруды көздейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласында кешкі сағат оннан  таңғы тоғызға дейінгі аралықта мотоциклдердің жүруіне тыйым салу жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі Алматыда жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағын белгілеу туралы қаулы жобасын әзірледі.

"Алматы қаласының шекарасы шегінде жол қозғалысын арнайы ұйымдастыру аймағы құрылсын. Жол жүрісін арнайы ұйымдастыру аймағында сағат 22.00-ден 09.00-ге дейін мотоциклдердің жүруіне тыйым салынсын", - делінген "Ашық НҚА" порталында жарияланған құжатта.

Алайда бұл тыйымның мына көліктерге қатысы жоқ:

  • электр қозғалтқышпен қозғалысқа келтірілетін мотоциклдер;
  • түсті графикалық схемалар, тану белгілері, жазулар, арнайы жарық және дыбыс сигналдары бар жедел және арнайы қызмет көліктері.

Заңға сәйкес, мотоцикл деп уәкілетті органда мемлекеттік тіркелуге жататын, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері бар, ең жоғары конструктивтік жылдамдығы сағатына елу шақырымнан асатын мотоциклдерді атайды.

"Қаулы жобасы түнгі уақытта қала тұрғындарына шу жүктемесін азайту мақсатында әзірленді. Мотоциклдер қозғалысын ұйымдастыру мәселесін шешудің қажеттілігі мен тиімділігі Көлік және коммуникация ғылыми-зерттеу институтының зерттеулерімен негізделген және халықтың шағымдарымен расталады", - делінген түсіндірме жазбада.

Құжатты қоғамдық талқылау мерзімі 12 қазанға дейін созылады.

Оқи отырыңыз: 

20
Кілт сөздер:
мотоцикл, Алматы, шектеу, жол
 Елбасы Астана Бас жоспары ғылыми-зерттеу жобалық институты ЖШС-да болды

Нұр-Сұлтанның даму барысын үнемі қадағалап отырамын Назарбаев

4
Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған

НҰР-СҰЛТАН, 28 қыркүйек – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Бас жоспары" ғылыми-зерттеу жобалық институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлады Elbasy.kz.

Қазақстанның Тұңғыш президенті елордада туристік, мәдени және әлеуметтік жаңа нысандар салу жоспарымен танысты.

Алтай Көлгінов аудандар құрылысының барысы, қаланы көгалдандыру процесі жайлы, сонымен қатар денсаулық сақтау, мектепке дейінгі және орта білім беру нысандарының, спорт ғимараттары мен коммерциялық орындардың халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Сондай-ақ Елбасы назарына елорданың жаңа мешіті мен ЭКСПО ауданына іргелес аумақта жүргізілетін құрылыс пен абаттандыру жобалары ұсынылды.

"Мен үшін бұл қаланың орны бөлек. Оның даму барысын үнемі қадағалап отырамын, болашағы туралы көп ойланамын. Алғашында жаңадан қала салу жобасына ғана емес, осы маңайда қалың орман өсетініне де күмәнмен қарағандар болған. Кейбір ғалымдар бұл жерге ағаш өспейді деген еді. Алайда елорда аз уақыт ішінде айналасын "жасыл белдеу" қоршаған ірі мегаполиске айналды", – деп түйіндеді Елбасы.

Оқи отырыңыз:

4