Серікгүл Сәлі психолог

"Адам дертке шалдығады": психолог жұмыстағы күйзелістің несімен қауіпті екенін айтты

3013
Психология бойынша адамның сегіз типі бар. Маман олардың әрқайсысының демалысы да әр түрлі болуы керек екенін айтады

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik, Дәурен Ерболат. Психолог Серікгүл Сәлі жұмыстағы стрестің неден пайда болатынын, оны қалай жеңу қажет екенін, қазақстандықтардың жұмыстағы стреспен қалай күресіп жүргенін Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында айтты.

Қалыпты стресс

Психологтар жұмыста қызметкердің стресте болуы жиі кездесетін құбылыс деген пікірде. Себебі, басшының жаңа тапсырма беруі қызметкердің физикалық және интеллектуалды қабілетіне әсер етеді. Серікгүл Сәлі жаңа тапсырманың оң немесе теріс әсері болатын айтады. Мысалы, кейбір адамдар тапсырманы тезірек орындау үшін қабілетін шыңдап, еңбек өнімділігін арттырады. Ал кейбірі бұл өзгерісті қиын қабылдауы мүмкін.

"Қарапайым тілмен айтқанда, адамның психикасы, яғни миымыздың бір бөлігі өзгерісті қаламайды. Егер өзгеріс болса, оған ми қайтадан бейімделеді. Бұл адамға стресс әкелуі мүмкін. Алайда адамның өмірінде қосымша өзгерістер болып жатады. Мысалы, бастықтың ауысуы, жұмыс орнының басқа жерге көшуі де кейбір адам үшін стресс. Бірақ бұл өмірдегі қалыпты жағдай", - дейді Серікгүл Сәлі.

Созылмалы стресс

Маман кейбір адамдар мамандығын дұрыс таңдамағандықтан, созылмалы күйзеліске шалдығатынын жеткізді.

"Жұмыстағы стрестің бір бөлігі адам өзінің мамандығын дұрыс таңдамағандықтан туындайды. Бұл жағдай үнемі қайталанып отырады. Өйткені, адамның істеген жұмысына көңілі толмайды, әрі жұмысқа деген қызығушылық болмайды. Салдарынан созылмалы стресс пайда болады", - дейді ол.

Ұзақ уақыт күйзелісте жүру несімен қауіпті

Психолог адамның ұзақ уақыт күйзелісте жүруі денсаулығына кері әсерін тигізетінін атап өтті. Оның пікірінше, қызметкер стресті жеңе алмаса, маманның көмегіне жүгінуі керек.

"Созылмалы стресс адамның ағзасына қауіпті. Себебі, ұзақ уақыт күйзелісте жүру адамның денсаулығына кері әсерін тигізеді. Салдарынан адам ауруға шалдығады", - дейді Серікгүл Сәлі.

Серікгүл Сәлі
© Photo : Серікгүл Сәлінің жеке архивінен алынды
Психолог адамдар жаны қалаған жұмысты емес, табысы мол істі таңдауға әуес екенін айтады

Ол осындай жағдайлар болмас үшін адам болашақ мамандығын ойланып таңдауы қажеттігін айтады. Себебі, адам сүйікті кәсібімен шұғылданса, қиындықтарға шыдайды, әрі қоғамның дамуына өз үлесін қосады. Алайда маманды қоғамда жеңіл жолмен ақша табу түсінігі басым екені қынжылтады.

"Адамдар көп ақша тапқысы келеді. Бұл барлық адамға тән, әлеуметтік психология. Алайда кейбір адамдар білім алмай, мамандық иесі болмай, жеңіл жолмен ақша тапқысы келеді. Бір салада жетістікке жету үшін, жағдайыңды жасау үшін білім алып, мамандық иесі атанып, білімің мен қабілетіңді шыңдау керек. Алайда кейбір адамдар қай жерде ақша бар, сол саланы таңдайды", - дейді ол.

Жұмыстағы күйзеліс елімізде зерттелмеген

Психолог өз тәжірибесінде қандай іспен шұғылдағысы келетінін білмей жүрген адамға көмектескенін айтады. Ол қазақстандықтардың жұмыстағы күйзелісі елімізде ғылыми түрде зерттелмегенін жеткізді. Серікгүл Сәлі тұрғындардың жұмыстағы күйзелісті қалай жеңіп жүргеніне тоқталды.

Тағы оқыңыз: Психолог адамдардың күз мезгілін неге ұнатпайтынын айтты

"Жұмыстан кейін дәмханаға, мейрамханаға, клубқа барып, ішімдік ішу – стресс шығарудың жеңіл жолы. Бұл жағымсыз әдет адамның ішкі жан дүниесін байыта алмайды. Ертеңінде мұндай "демалыстың" құндылығы сезілмейді", - дейді ол.

Қалай демалу керек

Маман адамның сегіз психологиялық типі болатынын атап өтті. Ол әр адам қалай демалатынын өзі біледі деп отыр.

"Психология бойынша адамның 8 типі бар. Әр адам әрқалай демалғанды ұнатады. Өзіңізге демалыстың қандай түрі жағатынын білу керек. Бұл – заман талабы, әрі адам өзін-өзі тануға мүмкіндік алады", - деді психолог.

Серікгүл Сәлі жұмыста күйзелісті болдырмау үшін еңбек демалысына уақытында шығуға, адамдармен жиі сөйлесіп тұруға, жаңа дүниелерді үйренуге, саяхаттауға кеңес берді.

"Уақытында демалу керек. Адамдармен қарым-қатынас орнатқан жөн. Бір нәрсе қайталана берсе, адам жалығып кетеді ғой. Сондықтан демалған уақытта саяхаттап, басқа саладағы адамдармен араласуы қажет", - дейді маман.

3013
Кілт сөздер:
күйзеліс, жұмыс, психолог
Тақырып бойынша
Ғалымдар күйзелістен арылуға көмектесетін тағам түрлерін атады
Ғалымдар қандай әйелдердің ең бақытты екенін айтты
Көп әйел күйеулерінің төсекте дөрекілік көрсететінін айтады - қазақстандық психолог
Бастырылу деген не және одан қалай арылуға болады?
Сіз өтірікшінің қай түріне жатасыз?
Архивтегі фото

6 жарым мыңнан астам адамнан вирус табылды: эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр

359
Нұр-Сұлтанда 1 522, Алматыда 1080, Қарағанды ​​облысында 750 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 6521 адамнан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Бұл пандемия басталғаннан бергі рекордтық көрсеткіш. Бір күн бұрын 6119 науқас тіркелген болатын.

Өткен тәуліктің статистикасы:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 1522,
  • Алматы қаласы - 1080,
  • Шымкент қаласы - 507,
  • Ақмола облысы - 193,
  • Ақтөбе облысы - 250,
  • Алматы облысы - 220,
  • Атырау облысы - 446,
  • Шығыс Қазақстан облысы - 101,
  • Жамбыл облысы - 108,
  • Батыс Қазақстан облысы - 309,
  • Қарағанды облысы - 750,
  • Қостанай облысы - 167,
  • Қызылорда облысы - 170,
  • Маңғыстау облысы - 255,
  • Павлодар облысы - 211,
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 123,
  • Түркістан облысы - 109.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 522 638.
 

359
Кілт сөздер:
Қазақстан, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Қала тұрғындары

Төтенше жағдайлар министрлігі қазақстандықтарға ескерту жасады

10275
Министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет

НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Себебі ертеңнен бастап қатты ыстық болады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан

Сондай-ақ, министрлік аптап ыстықта балаларды ерекше бақылауда ұстау қажеттігін ескертті. Өрт қауіпсіздігі ережелерін де сақтау қажет. Себебі қатты ыстықта өрт шығу қаупі жоғарылайды. 

"Азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттің негізгі себептері: халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік сөндіргішінің ұшқыны, құрғақ шөпті жағу және найзағай", - делінген ресми хабарламада. 

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін азаматтарды аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес берді. Негізгі сақтық шараларын да ұмытпау қажет. Олар: 

  • күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу; 
  • аптап ыстықта кез-келген физикалық белсенділіктен бас тарту;
  • күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабу;
  • күн өтпес үшін баскиім, ашық, ауа өткізетін киім (мақтадан жасалған) кию;

Қазгидрометтің мәліметі бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде қатты ыстық болады.

24 шілде күні күндіз Нұр-Сұлтан қаласында 35 градус, ал Ақмола облысында 35-37 градус қатты ыстық болады деген болжам бар. Ал облыстың батысында термометр бағанасы 40 градусқа дейін көтеріледі. 

24-25 шілде күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде 40 градус. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

24-26 шілдеде Жамбыл облысының кей жерлерінде плюс 44 градус. 

Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 25 шілде күні 40-42 градус қатты ыстық болады. Ал Түркістан мен Қызылорда облыстарының кей жерлерінде 46 градус, ал Маңғыстау облысында 25-27 шілдеде күндіз +44 градус.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда +46 градусқа дейін ыстық болады

 

10275
Елдос Сметов түрік Мирхадж Аккушты жеңді

Токио Олимпиадасы: Елдос Сметов жартылай финалға шықты

0
Қазақстандық дзюдошы түрік палуаны Мирхадж Аккуш пен Корея спортшысы Ким Вон Джинді жеңді

НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде – Sputnik. Токио Олимпиадасында қазақстандық дзюдошылар Елдос Сметов пен Отгонцэцэг Галбадрах алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Татамиге бірінші болып шыққан Отгонцэцэг Галбадрах қытайлық Янань Лиден иппонмен ұтылды. Ал Елдос Сметов түрік палуаны Мирхадж Аккуштан басым түсті. Қазақстандық дзюдошы өз қарсыласын иппонмен жеңді.

Осыдан кейін Сметов Оңтүстік Кореяның спортшысы Ким Вон Джинді жеңіп, жартылай финалға шықты. Оның келесі қарсыласы – жапондық Наохиса Такато.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық боксшы Олимпиаданы жеңіспен бастады 

Айта кетейік, Токио Олимпиадасына алты қазақстандық дзюдошы аттанды. Олар: Елдос Сметов, Ерлан Серікжанов, Жансай Смағұлов, Дидар Хамза, Ислам Бозбаев және Отгонцэцэг Галбадрах.

Бас бапкер Ғалымжан Жылгелдиевтің айтуынша, кейбір салмақтарда жеребе ауыр түсті. Әсіресе команда көшбасшысы Елдос Сметовтың тобы мықты. Оған Жапония мен Грузияның мықты балуандарына қарсы шығуға тура келеді.

2016 жылы Рио Олимпиадасында Елдос Сметов күміс жүлдені иеленген болатын. Ал Отгонцэцэг Галбадрах "қола" ұтып алған.

0
Кілт сөздер:
дзюдо, Елдос Сметов
Тақырып:
Токио Олимпиадасы