Қоғам

Министрлік Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингтерге қатысты мәлімдеме жасады

© Sputnik / Владислав ВодневНесанкционированный митинг в Нур-Султане
Несанкционированный митинг в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас прокуратураның ескертуіне қарамастан, жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан мен Алматыда өткен заңсыз митингтер кезінде 57 адам ұсталған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазір құқықтық тәртіпті бұзғаны үшін 57 адам ұсталды. Оларды әкімшілік жазаға тарту мәселесі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.

Министрліктің ақпаратынша, прокуратураның бірнеше мәрте ескерткеніне қарамастан, жекелеген азаматтар елде тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылығына ерген.

"Олардың кейбірі құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне заңға қайшы әрекеттер жасап, басқа азаматтардың тыныштығын бұзып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төндірді. Осыған байланысты ішкі істер органдары қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу бойынша заңда қарастырылған шараларды қабылдады", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Тағы оқыңыз: Кезекке тұрмайды, бірақ баспана талап етеді: елорда әкімдігі митингілер туралы

Бұған дейін бас прокуратура заңсыз митингіге шығатындарға үндеу жасаған еді.

Жаңалықтар
0