Қоғам

Джеки Чан Абайдың өлеңін қытайша оқыды - видео

© AP Photo / Al Powers/InvisionКиноактер Джеки Чан
Киноактер Джеки Чан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына арналған челленджге қатысты. Ол "Желсіз түнде жарық айды" қытайша оқыды

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек — Sputnik. Бүкіл әлемге танымал актер Джеки Чан қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін қытай тілінде оқыды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 🇰🇿Twitter 2019 (@twitter_kz)

Осылайша Джеки Чан ақынның мерейтойына арналған #Abai175 флешмобын жалғастырды. Актер Абайдың туындысын қытайша оқып берді.

"Қазақстан президенті бастаған эстафетаны досым Ерлан Қариннен қабыл алдым", - дейді Джеки Чан.

Одан кейін Абайдың "Желсіз түнде жарық ай" өлеңін қытай тілінде мәнерлеп жатқа оқып береді.

Айта кетсек, бұл флешмобқа Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, эстафетаны танымал әнші Димаш Құдайбергенге жолдаған еді. Ал Димаш ресейлік продюсер Игорь Крутой мен миллиондаған тыңдарманын челленджге қатысуға шақырды. Бүгінге дейін флешмобқа отандық және шетелдік саясаткерлер, қоғам қайраткерлері, жұлдыздар мен басқа да азаматтар қатысып келеді.

Тағы оқыңыз: Тоқаевқа өлең оқытқан 9 жасар қыз өмірі қалай өзгергенін айтты

Айта кетсек, 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы тойланады.

Жаңалықтар
0