Парламент ғимараты

"Мемлекеттігімізге сын": сенат депутаты заңдарды қазақ тілінде жазуды ұсынды

440
Мұрат Бақтиярұлы КСРО құрамында болған Қазақстан мен Беларусьтен басқа елдер заңды мемлекеттік тілде жазып, қажет болса аударатынын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек – Sputnik. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы заңдар мен нормавтивтік құжаттарды орыс тілінде емес, алдымен, мемлекеттік тілде жазуды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Шындап келсек, мемлекеттік заңдар, алдымен, сол мемлекеттің өз тілінде дайындалып, содан кейін ғана, қажет болса, орыс тіліне аударылуы тиіс. Бұрынғы Кеңес республикаларының ішінде Қазақстан мен Беларусьтен басқа елдердің барлығы да әлдеқашан осылай істейді", - дейді депутат сенатта заң шығару жұмысын одан әрі жетілдіруге арналған парламенттік тыңдауда.

Айтуынша, өткен сессияда бір топ сенат депутаты заң жобаларын мемлекеттік тілде дайындау сапасына қатысты Қазақстан үкіметіне сауал жолдаған. Оған парламентке түсетін заң жобалары мен халықаралық құжаттардың қазақ тілдегі нұсқаларының сапасыздығы мәселесі негіз болған. Алайда үкіметтің жауабы сенаторларды қанағаттандырмаған.

"Осы уақыт ішінде мемлекеттік органдар мамандарының терминдік қолданыстар мен стильді меңгеретін уақыты болды. Бірақ мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қазақ тіліндегі халықаралық құжаттарды парламентке қатесіз жіберуге шамасы да, ынтасы да жоқ сияқты. Өйткені уақытша лингвистикалық топтың қарауына, алдын ала лингвистикалық сараптамаға келіп түсетін халықаралық құжаттардың сапасы ешқандай сын көтермейді", - деп ашуланды Бақтиярұлы.

Оның айтуынша, министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері топтың жұмысына әбден сеніп алғаны соншалық, пысықталмаған, тексерілмеген материалдарды жібереді.

"Олар өз жұмысына немқұрайлы қарап, лауазымдық міндеттерін тиісінше сапалы атқармайды", - деп атап өтті Бақтиярұлы.

Тіпті, оның сөзінше, кейбір жағдайларда құжат жобаларының қазақ тіліндегі мәтіні мен орыс тіліндегі мәтіні мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес келмейді. Қазақ тілінің грамматикалық және стилистикалық нормалары сақталмайды. Сол себептен бір құжатты бірнеше рет қарауға тура келеді.

"Біздіңше, бұл халықаралық құжаттар мен заң жобаларын мемлекетік тілде дайындауға деген атқарушы органның құлықсыздығын, ниетінің жоқтығын байқатып отыр", - деді ол.

Бақтиярұлы бай да көркем қазақ тілі нағыз заң тілін қалыптастырып, норма жасауға және жазуға өте қолайлы тіл екенін атап өтті.

"Мемлекеттің басты нышаны тіл десек, заңдардың мемлекеттік тілде жазылмауы біздің мемлекеттігімізге де, ұлт ретінде ар-намысымызға да үлкен сын деп білемін", - деді сенатор.

Халық қалаулысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақ тілін халықаралық қатынас тілі ретінде қалыптастыруды қолға алғанын еске салды.

"Осы мәселені түпкілікті қолға алып, заңдар мен  нормативтік құжаттарды, алдымен, мемлекетік тілде әзірлеуге көшетін уақыт жетті. Мемлекеттік деңгейде маңызды және нақты шараларды қабылдай отырып, орталық атқарушы органдар халықаралық құжаттарды мемлекеттік тілде сапалы дайындаудың жауапкершілігін мойнына алып, заң жобаларын, алдымен, мемлекеттік тілде дайындауды қолға алуы керек", - деді депутат.

Бұл үшін ол сенат қабырғасында заңдарды мемлекетттік тілде дайындауға байланысты мүдделі ұйымдар, заңгерлер, ғалымдар және тіл мамандарымен бірлесіп, дөңгелек үстел ұйымдастыруды ұсынды.

440
Кілт сөздер:
депутат, заң, мемлекеттік тіл
Тақырып бойынша
Қазақстандықтар неге ресейлік өнімдерді таңдайды?
Димаш қазақ тілінде ән салған шетелдік аруға тәнті болды – видео
Назарбаев елдегі қазақтардың үлесі қанша процентке жеткенін мәлімдеді
Тоқаев үштілділікке қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Тоқаев Қытайда тек қазақ тілінде сөз сөйлеп жүр
Микроскоппен қараған кездегі коронавирус

Ғалымдар коронавирус қалай таралатынын видео арқылы көрсетті

380
Мамандар Fugaku суперкомпьютері арқылы адам маска тақпаған кезде вирус бөліктері қалай қозғалатынын модельдеді

АЛМАТЫ, 25 қазан — Sputnik. Бетперде – коронавирустан қорғанудың ең тиімді жолы. Мұны жапониялық ғалымдар тағы бір мәрте дәлелдеді. Олар адам маскасыз сөйлескен кезде, ән айтқанда, жөтелгенде вирус қалай таралатынын көрсетті.

Коронавирустың таралуын көзбен көру мүмкін емес. Сондықтан инфекциядан маска арқылы қорғану тәсіліне адамдар жеңіл-желпі қарайды, деп жазады euronews.com.

COVID-19-дың таралуын анық көрсету үшін жапониялық ғалымдар жаңа технологиялар көмегіне жүгінді. Бұл үшін зерттеушілер Fugaku суперкомпьютерінің мүмкіндігін қолданды. Ол арқылы адам маскасыз сөйлеген кезде таралатын вирус бөліктерінің қозғалысын модельдеді.

"Егер вирус қалай таралатынын нақты көрсетсек, адамдар қауіп жоғары екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондай-ақ, бұл процесті ғылым тұрғысынан көрсеткіміз келді", - деді Kobe University & RIKEN профессоры Макото Цубокуро.

Зерттеу қорытындысы ауаның жоғары ылғалдылығы салдарынан ұсақ аэрозольдік бөлшектер ұлғаяды. Сондықтан вирустан қорғану үшін маска ең тиімді тәсіл болып отыр.

Сондай-ақ, зерттеушілер әлеуметтік қашықтықты сақтау өте маңызды екенін атап өтті. Өйткені вирустың ірі бөлшектері жерге түседі де, ауа арқылы ұзақ қашықтыққа тарала алмайды.

380
Кілт сөздер:
видео, ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Әлем қорқынышты белеске жетті": БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
"Коронавирустың екінші толқыны жоқ": ДДҰ мәлімдеме жасады
Коронавирустың екінші толқыны кезінде 160 мыңнан аса адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ерікті қайтыс болды
ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді
Волейболшы Сәбина Алтынбекова

Сәбина Алтынбекова Қуат Хамитовтің ұсынысына жауап берді

2919
(Жаңартылды 15:11 25.10.2020)
Бұған дейін Хамитов волейболшы Сәбина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін айтқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова ММА файтері Қуат Хамитовтың өзін әйелі ретінде көргісі келетіндігі туралы мәлімдемесіне пікір білдірді.

Спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында Қуат Хамитов қатысқан бағдарлама сілтемесін репост жасап, "Бұл қандай қойылым?" деп жазған. Кейіннен жазылушылар сұрағына жауап берген Алтынбекова былай деп пікір білдірді.

"Мен әрқашан Қуатты адалдығы мен турашылдығы және бойындағы қазақ батырының рухы үшін құрметтедім және құрметтеймін. Ол өзінің спорттық мақсаттарына қолжеткізетініне күмәнім жоқ", – деп жазды әйгілі волейболшы.

Айта кетейік, бір күн бұрын Қуат Хамитов "Еуразия" телеарнасындағы "Қызық LIVE" ойын-сауық бағдарламасының қонағы болып, жеке өмірі жайлы жүргізушілер сұрақтарына жауап берген болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Marat Oralgazin (@oralgazin)

  "Мен әйелімнің ұзын бойлы, тәрбиелі, қарапайым және пәк болғанын қалаймын. Ол мені біледі және өзі де спортшы. Волейболмен айналысады. Оның аты-жөні – Сабина Алтынбекова. Біз ара-тұра хабарласып тұрамыз. Мен оның жүрегін жаулап алу үшін көп күш жұмсауым керек шығар. Достарым кейде: егер үйленсеңдер, Дэвид пен Виктория Бекхэм сияқты боласыңдар деп әзілдеп жатады", – дейді Хамитов.

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов дау тудырған видеосына қатысты мәлімдеме жасады

Еске сала кетейік, 26 қыркүйекте Хамитов соңғы төрт жылдағы ММА-да алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ресейлік Ахмад-Хан Боковпен өткізген жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

2919
Кілт сөздер:
спортшылар, Қуат Хамитов
Тақырып бойынша
Сабина Алтынбекова: бар уақытымды волейболға арнап жүрмін
Полиция Қуат "Найман" Хамитов ұсталғанын хабарлады
Сәбина Алтынбекова "Отанын сатып кетті" дегендерге жауап берді - видео
Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр
Желідегі танымалдығы да сеп болған: Сабина Алтынбекова басқа клубқа ауысты