Кісен, архивтегі сурет

Руслан Жанпейісов не үшін ұсталды министрлік жауабы

1580
Зардап шеккен адам блогер өзін мотоциклмен қуып, көзіне аэрозольдік зат бүркіп жібергенін айтып шағымданған. Сондай-ақ, қоғам белсендісі тағы екі бап бойынша істі болды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қыркүйек — Sputnik. Ішкі істер министрлігі қоғам белсендісі және блогер Руслан Жанпейісовтің (Бейбарыс Райымбеков) не үшін ұсталғанын түсіндірді.

Ішкі істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, 11 маусым күні Шымкенттегі полиция бөліміне қала тұрғынынан арыз түскен. Ол өзін белгісіз біреу мотоциклмен қуып, тоқтаған кезде ешбір себепсіз көзіне аэрозольдік зат бүркіп жібергенін айтқан.

"Тексеру кезінде бейнебақылау камераларының жазбасы зерттелген. Қорытындысы бойынша ұсталған қоғам белсендісінің бұзақылық әрекеті расталған. Бұл факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп жазылған хабарламада.

Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, зардап шегушінің денсаулығына орташа деңгейдегі зақым келген. Осыған байланысты 26 қыркүйек күні "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бабы (қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігі 5-тармағы) бойынша іс қозғалды.

Сондай-ақ, Райымбековтің полиция қызметкеріне тіл тигізуіне қатысты да арыз түскен. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды (378-бап - "билік өкiлiн қорлау").

Тағы оқыңыз: "Басына пакет кигізіп, түнімен қорлады": ақтөбелік полицейлер ісі

Райымбеков 26 қыркүйек күні уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ол үш бап бойынша: үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру ("бұзақылық"), үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру ("денсаулыққа қасақана зиян келтiру") және билік өкілін қорлағаны үшін айыппұл немесе 40 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған.

Ішкі істер министрлігіндегілер қоғам белсендісі бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын атап өтті. Ол ұрлық, денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру және ақпаратты жасырын алудың арнайы құралдарын заңсыз қолданғаны үшін істі болған.

1580
Кілт сөздер:
блогер, министрлік
Тақырып бойынша
Шымкентте Руслан Жанпейісов ұсталды – видео
13 тонна алтынды үйінде жасырған шенеунік ұсталды – видео
Әкім орынбасары Бағдат Манзоровтың ұсталғаны расталды
Ақтөбе облысында полиция полковнигі ұсталған сәттің видеосы жарияланды
Талғарда қоғам белсендісіне оқ атты: әкім мен оның жүргізушісі ұсталды
Бердібек Сапарбаев

Жамбыл облысы әкімі Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па

217
(Жаңартылды 15:08 02.12.2020)
Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Қазан қаласына чартерлік рейспен барды деген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды. Әкім мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Қиын жағдай болып, дәрігер жетіспеген кезде Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", - деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында. 

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсіне 20,7 миллион теңге жұмсалғаны туралы ақпарат жарияланды.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", - деп жазды автор.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтқан болатын. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

217
Тақырып бойынша
"Ақша қайда кетіп жатыр?": Елбасы халықтың көкейінде жүрген сұраққа жауап берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
"Бұл қорлау ғой": Сапарбаев қазақстандық әншілерді сынға алды
"Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін": Сапарбаев әкімдерге неге шүйлікті
Сапарбаев Қасқабұлақтағы жағдай туралы: Мұның бәрі ісі жоқтықтан болады
Нұржан Әлтаев

"Шулы мәлімдеме жасап, көзге түспек": депутат Әлтаевтың әрекетін сынға алды

552
(Жаңартылды 13:40 02.12.2020)
Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ

АЛМАТЫ, 2 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс депутаты Павел Казанцев Нұржан Әлтаевтың не себепті Nur Otan партиясынан шығарылғанын айтты.

Партияның бақылау отырысында Әлтаевтың "Nur Otan партиясының беделін түсіретін және оның мүддесіне нұқсан келтіретін" әрекеттер жасағаны айтылды.

Бұл бірқатар қоғамдық мәлімдемеде, соның ішінде жаңа саяси партия құру ниеті кезінде байқалғанын атап өтті. Партияның Нұр-Сұлтан қаласы филиалы саяси кеңесінің бюросы Әлтаевты Nur Otan құрамынан шығарды.

"Саясаткердің шулы мәлімдемелер жасауының бірнеше себебі болуы мүмкін.  Мұны оның көзге түскісі келетіні, медиа мен қоғамдық-саяси салада кез келген жолмен таныуға деген ұмтылысы деп түсінуге болады. Мұндай жағдай саяси мансап басталып жатқан кезінде болады. Қоғам алдында жүрген әрбір адам жауапкершілік өлшемі мен мемлекеттің сыртқы саяси қызметіне әсер ететін мәлімдемелер мен әрекетінің салдарын нақты түсінуі қажет", - деп жазды Nur Otan партиясының бақылау төрағасы Павел Казанцев Facebook парақшасында.

Ұсыныстар мен талаптарды партияның диалог алаңдарына айтуға болады, деп есептейді ол.

"Nur Otan партиясының құрамында болып, оның саяси және медиа ресурстарын пайдалана отырып, тіпті мәжіліс депутатының позициясында тұрған кезде жаңа партия құру жөніндегі мәлімдеме мен іс-әрекеттер – бұл кереғар қылық немесе тәжірибенің аздығы да емес, бұл жерде басқа бірдеңе бар", - деп қорытындылады Казанцев.

Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың өкілеттілігін тоқтатты. Әлтаевтың өзі бұл жағдайға әлі түсініктеме берген жоқ, ол баспасөз конференциясына шығуға дайындалып жатыр.

Бұған дейін 27 қарашада Нұржан Әлтаев El Tiregi өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының негізінде өз партиясын құру туралы мәлімдеді. Ол Қазақстанда саяси плюрализм жоқ екенін, тек Nur Otan партиясы бар екенін айтты.

552
Кілт сөздер:
сын, Нұржан Әлтаев, мәлімдеме
Тақырып бойынша
Ыдырысова депутаттардың неге шаршап отыратынын айтып берді
"Айына 100 миллион табады": карантин пайдасын кімдер көріп отыр
Депутат Әлтаев Nur Otan қатарынан шығарылды
"Депутат ұйықтап отыр ма?": Владислав Косарев жауап беруге дайын – видео
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылып жатыр – депутат Әлтаев
(NaN:NaN / NaNMb / )

ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы - трансляция

0
(Жаңартылды 15:29 02.12.2020)
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының қауіпсіздік кеңесінің сессиясы видеоконференция форматында өтіп жатыр
0