Нұрлан Нығматулин, архивтегі фото

"Мынау масқара ғой": Нығматулин мәдениет министрлігіне шүйлікті

3226
(Жаңартылды 19:50 09.10.2019)
Төменгі палата спикері білдей бір министрліктен концепция әзірлейтін мамандардың шықпағанына қынжылды

НҰР-СҰЛТАН, 9 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларының бірыңғай кешенін жасау тұжырымдамасын әзірлеуге бюджеттен 100 миллион теңге сұраған мәдениет және спорт министрлігін қатаң сынға алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін мәжілісте "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға өзгерістер енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Депутат Бейбіт Мамыраевтың айтуынша, құжатта Қазақстанның тарихи-мәдени мұрасының бірыңғай кешендерін жасау тұжырымдамасын әзірлеуге арналған шығыстар 100 миллион теңгеге ұлғайтылған. Мәжілісмендер бұл бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау деп санайды.

"Біздің ойымызша, Қазақстаның тарихи-мәдени мұрасының бірыңғай кешендерін жасау қазіргі тарихи-мәдени мұра объектілерін бірыңғай базаға жинақтауды білдіреді. Бұл жайлы ақпарат интернетте жетіп артылады. Оларды тек сапалы жүйелеу керек. Осыған шын мәнінде 100 миллион теңге керек пе? Жыл соңы да тақап қалды, әлі конкурс өткізіп, бұл жұмысты орындау керек. Министрліктің бюджет шығыстарын оңтайландыруға осылай қарағаны бізге түсініксіз?", - деді Мамыраев.

Тағы оқыңыз: "Бәрі түсінікті": министрден көңілі қалған Нығматулин қолын бір-ақ сілтеді

Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы Елдос Рамазанов концепция төрт бағыттан тұратынын, тарихи ескерткіштер мен олардың инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары екенін атап өтті.

Алайда, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Рамазановтың жауабына қанағаттанбады. Спикер білдей бір министрліктен тұжырымдаманы әзірлейтін топтың шықпағанына қынжылды.

"Әрине, біз мәдени мұраны сақтауымыз керек. Қаражат бөліну керек. Оған дауымыз жоқ. Елдос Мұратұлы, сіздің министрлікте аппарат бар ғой, бар. Сол аппаратта мықты мамандар бар ма?", - деп сұрады ол шенеуніктен.

Рамазанов "біраз бар" деп қысқа қайырды.

"Сіз өзіңізді қай топқа жатқызасыз. Айтыңызшы. Жарайды, бірінші топта болсын", - деп күлді спикер.

"Жоқ, орташамыз ғой енді", - деді Рамазанов.

"Мекемеге жұмысқа тұрарда, түйіндеме жазған кезде масқара енді. Төрт-бес дипломдарыңыз бар, бірнеше жерден тағылымдамадан өткен. Ал жауап берген кезде "орташамын" дейсіздер. Менің білуімше, мәдениет министрлігінің аппаратында 300-дей адам қызмет етеді. Бұдан бөлек, мұражайлар, мәдени орталықтар бар. Олардың барлығында қаншама маман жұмыс істейді. Осылардың ішінен бағдарлама емес, концепция жасайтын бір топ шықпаса, онда осынша қызметкерлер не үшін керек? Не үшін оларды ұстаймыз?", - деп ашуланды Нығматулин.

Спикердің сөзіне сенсек, министрлік 100 миллион теңгені концепция әзірлейтін топты жалдау үшін сұраған екен.

"Олар бізге жазып береді дейді. Мынау масқара ғой. Сонда министрліктің аппараты немен айналысады? Біздегі барлық мемлекеттік органда осындай. 100 миллионға жекеменшік компанияны жалдайсыңдар. Содан кейін олардың жазғанын үкімет пен парламентте таныстырып, өз еңбектерің сияқты мақтанасыңдар. Мемлекет неге артық ақша жұмсауы керек?! Мен осыны түсінбеймін", - деді мәжіліс төрағасы.

Тағы оқыңыз: Нығматулин жұмысына жаңадан кіріскен Нұрлан Әлімжановқа ескерту жасады

Оның айтуынша, мемлекеттің ақшасына нарықтағы компанияны жалдап, жаздыра салу – ең оңай жол.

"Құдай біледі, олардың не жазатынын?!.. Біз мемлекеттің ақшасын оңды-солды шашпай, тиімді жұмсау керек деп санаймыз. Оны әр министр, мемлекеттік органның басшысы біліп жүруі керек. Жұмыс істегенде осыны естен шығармайық", - деп түйіндеді сөзін Нығматулин.

3226
Кілт сөздер:
бюджет қаражаты, Мәдениет және спорт министрлігі, Нұрлан Нығматулин
Екпе

"Шешім қабылдаған жоқпын": министрлер мен депутаттар қандай вакцина салдыратынын айтты

74
(Жаңартылды 14:49 27.01.2021)
Наурыз айында COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинамен жаппай егу басталады. Ал қазірге кезде QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы өтіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық депутаттар мен министрлер коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігіне сенеді. Кейбірі тіпті отандық вакцинаны бірінші болып салдыруға дайын. Бұл туралы олар Sputnik Қазақстанға берген сұқбатында айтты.

Мәжіліс депутаты Дархан Мыңбай COVID-19-ға қарсы вакцина алуға дайын екенін жеткізді. Бірақ, әзірге ресейлік "Спутник V" немесе қазақстандық QazCovid-IN вакциналарының қайсысын егетінін шешпеген.

"Әзірге шешім қабылдаған жоқпын. Бірақ, қалай болғанда да, егер халыққа салынса, мен де шет қалмаймын. Өйткені бұл жаппай вакцинация ғой. Әрине, қарсы шығып жатқандар да бар. Бірақ біз бәрін түсіндіруіміз керек. Адамдар түсінеді деп ойлаймын. Қауіп жоқ емес, алайда вакцина болмаса, оның орнына басқа нәрсе қажет. Сол себепті бұл бағытта тиісті жұмыс жүріп жатыр", – деді мәжілісмен Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Ол өзі де, жақындары да коронавируспен ауырмағанын айтты.

Ал ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев өз таңдауын жасап қойған. Тіпті, препаратты полицейлердің арасында бірінші болып аламын деп отыр.

"Мен қазақстандық вакцинаны салдырамын. Полиция қызметкерлері арасында бірінші болып қабылдаймын", – деп қысқа қайырды ведомство басшысы.

Әділет министрі Марат Бекетаев ақ халаттылардың кеңесімен вакцина алатынын жеткізді.

"Мен дәрігерлердің кеңесіне құлақ асамын. Дәрігерлерімізге сенемін, қандай ұсыныс айтса, соны істеймін", – деді министр.

Биліктен кімдер вакцина салдырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық вакцинаны салдыратынын мәлімдеді. Мемлекет басшысы қазақстандық препараттың сынақ нәтижелерін күтіп отыр.

"Егер жақсы нәтиже көрсетсе, мен дәл осы қазақстандық вакцинаны салдырамын", – деген болатын Тоқаев 26 қаңтарда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Қазақстандық QazCovid-in вакцинасын алғаш салғызған шенеуніктердің бірі – білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов. Ведомство басшысы екпені былтыр тамыз айында ектірді. Ол вакцинадан кейін дене қызуы көтерілмегенін, антидене пайда болғанын айтқан еді.

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қазақстан президентінің көмекшісі Ерлан Қарин де салдырды.

Жаппай вакцинация

Қазақстанда биыл 1 ақпанда жаппай вакцинациялау басталады. Инфекцияны жұқтыру және тарату қаупі жоғары халықтың осал топтарына кезең-кезеңмен ресейлік "Спутник V" вакцинасы егіледі. Вакцинациялау ерікті түрде және тегін салынады.

Вакцина бірінші кезеңде:

Инфекциялық ауруханалар, жедел жәрдем, реанимация бөлімшелері, науқастарды қабылдау бөлмесі, алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің медицина қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет жұмысшылары – 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап шамамен 100 мың адам;

екінші кезеңде:

жалпы білім беретін мектептер, жоғары оқу орындарының педагогтері, медициналық қызметтің жұмысшылары – 2021 жылдың наурызынан 150 мыңға жуық адам;

үшінші кезеңде:

мектеп-интернаттар, мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері, студенттер, созылмалы аурумен ауыратындар – сәуір айынан бастап 600 мың адам.

Айта кететін жәйт, "Спутник V" 18 жасқа дейінгі балаларға салынбайды. Яғни, екпе Қазақстанның кәмелет жасына толған азаматтарына ғана салынады.

Денсаулық сақтау министрлігі жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салуды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз: Төрт ай бұрын коронавирусқа қарсы екпе салдырған қазақстандық сұқбат берді

Ал 2021 жылдың наурыз айында COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинамен жаппай егу басталады.

Қазір QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы өтіп жатыр. Оның аясында вакцина 3 мың еріктіге егілді.

74
Кілт сөздер:
вакцина, екпе
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Балаларға екпе салу қашан басталады?
Балаларға профилактикалық екпе салынып жатыр – денсаулық сақтау министрлігі
"Үкімет күшіне сенбей ме?": Бекболат Тілеухан екпе туралы заңға қарсы шықты
Тұмауға қарсы вакцинация: министр Цой өзіне екпе салдыруды жоспарлап отыр
Қазақстандағы екпе салу туралы шындық - денсаулық министрі жазба жариялады
Тұтқындалған күдіктілер

ҰҚК Атырауда арнайы операция өткізді видео

3934
Арнайы іздестіру шарасын өткізу нәтижесінде, өсімдік тектес есірткі заттарының тасымалын ұйымдастырған бір топ адам ұсталды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі тасымалына қатысы бар деструктивті діни ағымның өкілдерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, 13 қаңтарда ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау және Ақтөбе облыстық депаратменті бірлескен арнайы іздестіру шарасын өткізді. Нәтижесінде, өсімдік тектес есірткі заттарының тасымалын ұйымдастырған бір топ адам ұсталды.

"Құқық қорғаушылар Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 3 тармағы (есірткі, психотроптық немесе сол тектес заттарды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Ал Атырау сотының шешімімен күдіктілер қамауға алынды", – делінген ресми хабарламада.

Комитет мамандары ұсталған адамдардың деструктивті діни ағым өкілдері екенін де атап өтті.

3934
Кілт сөздер:
ұлттық қауіпсіздік комитеті, арнайы операция
Тақырып бойынша
Алматыда жертөледен қару-жарақ арсеналы табылды: арнайы операция видеосы жарияланды
Шудағы арнайы операция: полицейлер арасындағы атыста біреуі ажал құшты
Еденнің астына жасырған: қостанайлық полицейлер арнайы операция жүргізді
Қордайдағы қақтығыс: арнайы операция кезінде 25 адам ұсталды 
Алматы облысында арнайы операция кезінде қылмыстық топ құрықталды
Адамдар

Қазақстанда 28 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

0
Sputnik Қазақстан 28-29 қаңтар аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

28 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 – Сенаттың жалпы отырысы. Тікелей эфир www.parlam.kz сайтында көрсетіледі.

12.00 – "Холокост: уничтожение, освобождение, спасение" халықаралық онлайн-конференциясы өтеді. Шараға "Холокост" орталығының мамандары (Мәскеу қ.), Қазақстан, Ресей, Беларуссия, басқа елдердің мектеп оқушылары мен мұғалімдері, сонымен қатар бірқатар қызметкерлер Қазақстанда тіркелген дипломатиялық өкілдіктер қатысады. Осы күні Израильдің Қазақстандағы елшілігі UNICEF-пен бірге және Қазақстандағы Россотрудничество кеңсесінің қолдауымен #AnneFrank пен #WeRemember челленджін өткізеді. Акцияға қатысушыларға kitap.kz сайтына "Дневника Анны Франк" үзінділері қазақ тілінде оқып, бейнеролик түсіруге шақырамыз. Орыс тілінде немесе кез-келген басқа тілде оқуға да болады. Челленджге қатысу үшін кез-келген әлеуметтік желіге #AnneFrank және #WeRemember хэштегімен, сондай-ақ акция ұйымдастырушыларының көрсетілімімен: @israel_in_kazakhstan @unicefkazakhstan @nlinkazakhstan @steppeworld желілерінде пост жариялау керек.

14.00 – Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) "ЕАЭО ұлттық валюталарының халықаралық есеп айырысудағы рөлін арттыру" тақырыбында аналитикалық есебінің тұсаукесерін өткізеді. Тұсаукесер analytics.eabr.org платформасында онлайн режимде өтеді. Спикерлер: Евгений Винокуров – Еуразиялық даму банкі мен Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының бас экономисі; Наталья Лаврова – Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорының жобалар блогының макроэкономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы. Сұрақтарды алдын ала pressa@eabr.org электронды мекен-жайына жолдауға немесе шара барысында қоюға болады.

Алматы

18.30 – "Адам зат" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).

18.30 – "Көрсар" спектаклі (Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Қабанбай батыр көшесі, 110).

29 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

13.00 – "Жыл 12 ай" спектаклі ("Жастар" театры, Есенберлин көшесі, 10).

14.00 – "Арыстан патша" спектаклі (Қуыршақ театры, Республика даңғылы, 3).

19.00 – "VIVAT, AMADEUS!" концерті ("Астана Опера", Камералық зал, Қонаев көшесі, 1).

19.30 – "Щелкунчик" спектаклі, Мариинский театрының солистері Оксана Скорик пен Евгений Коновалов өнер көрсетеді (Астана Балет театры, Ұлы Дала даңғылы, 9).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

0
Кілт сөздер:
Қазақстан, оқиғалар