Диқаншылықты кәсіп еткен ауыл 145 гектар егістік жерді игеріп отыр

Шекара маңындағы жерлер шетелдіктерге берілмейді сенат заң қабылдады

239
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқтарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғаларға беруге тыйым салу көзделген

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Парламент сенаты мемлекеттік шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге беруге тыйым салатын заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін сенатта "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы екінші оқылымда қаралды. Заң жобасы 13 кодекс пен 29 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

"Заң жобасында мемлекеттік шекара маңында орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ шетелдіктердің қатысуы бар қазақстандық заңды тұлғаларға беруге тыйым салу көзделген", - делінген сенаттың аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің қорытындысында.

Бұдан бөлек, заң жобасының негізгі түзетулері жер ресурстары саласындағы мынадай нормаларды көздейді: ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру жағдайларын шектеу; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ұтымды пайдаланылуына бақылау жасау тетігін жетілдіру; ауыз су сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат беру талаптарын нақтылау.

Тағы оқыңыз: Мұхтар Тайжан Тоқаевқа халықтың көкейіндегі тілекті жеткізді

Сондай-ақ, жануарлар мен өсімдіктер әлемі саласындағы браконьерлік мәселелері бойынша әкімшілік және қылмыстық заңнамалардың нормалары қатаңдатылды.

Заң жобасында көзделіп отырған өзгерістер заңнамалық базаны жетілдіре отырып, еңбек өнімділігін еселеуге, сондай-ақ өңделген өнім экспортын ұлғайту арқылы агроөнеркәсіп кешені саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қолайлы мүмкіндіктер қалыптастырмақ.

Сенат депутаттары заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, қабылдады.

239
Кілт сөздер:
заң, Сенат, шетелдіктер, жер, шекара
Тақырып бойынша
"Момын халық". Мұхтар Тайжан қытайлардан неге қорықпау керек екенін айтты
Тайжан жер заңына қатысты: кейбіреулер халықты әдейі шатастырып жүр
"Бізді надан деп ойлайсыздар ма?": Абаев Жаңаөзендегі митинг туралы пікір білдірді
Жер шетелдіктерге сатылмайды – Тоқаев
Шығыс Қазақстанда жер сатылып жатыр деген рас па –  облыс әкімі жауап берді
FlyArystan

Нұр-Сұлтаннан ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды

10
Елорда әуежайының баспасөз қызметі әуе кемесінің ауыстырылатынын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Сәрсенбі күндіз Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ техникалық себептерге байланысты елорда әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"КС7056 рейсі Нұр-Сұлтан әуежайынан 14:34-те ұшып шықты. Біраз уақыттан соң әуе кемесі техникалық себептерге байланысты әуежайға қайта оралды", - деді Sputnik Қазақстанға елордалық әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.

Әуежайдың ақпаратынша, әуе кемесі ауыстырылады. Рейстің ұшуы сағат 23:40-қа дейін шегерілді.

КС7056 рейсін FlyArystan әуе компаниясы орындаған.

10
Кілт сөздер:
ұшақ, әуежай, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
Атақты актер мен оның әйелі ұшақ апатынан қаза тапты
Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады
Ресей әуежайында екі ұшақ соқтығысты – фото
Ақтауда тас жолға ұшақ қонды – видео
Архивтегі фото

Ғалымдар адам өмірін ұзартатын 3 сусынды атады

1033
(Жаңартылды 17:06 16.06.2021)
Көк шай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бұл өмір сүру ұзақтығының артуына себеп болады

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Ғалымдар ройбуш, түймедақ және көк шай ең пайдалы сусындар деген қорытындыға келді.

TVzvezda порталының хабарлауынша, мұндай сусындардың адам ағзасына тигізетін пайдасы мол, оның ішінде өмірді ұзартуға және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға себеп болады.

Ройбуш

Ройбуш антиоксиданттарға бай. Ол жүрек жұмысын жақсартып, қатерлі ісік, қант диабетінің пайда болуынан қорғайды, қабынумен күресіп, сүйектерді нығайтады және қартаю процесін бәсеңдету арқылы адам денсаулығына оң әсер етеді.  

Түймедақ шайы

Бактерияға қарсы тұратын түймедақ шайы адамды тыныштандырып, демалдырады, бұл адам өмірінің ұзаруына әсер етеді.

Техас университетінің зерттеуіне 60 жастан асқан 1677 ер мен әйел қатысты. Олардың арасында өлім-жітім сусынды ішпегендермен салыстырғанда үштен бірге азайған.

Көк шай

Көк шай жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, бұл өмір сүру ұзақтығының артуына әкеледі. Атап айтқанда, көк шай ішу холестерин деңгейін және қан қысымын төмендететіні анықталды. Сондай-ақ, бұл сусын ағзаның иммундық жүйесіне қолдау жасайды, оның ауруға қарсы тұру қабілетін арттырады.

1033
Тақырып бойынша
Қандай азық-түлік қартаюды баяулатады - дәрігер кеңес берді
Ғалымдар қызыл еттің адам өміріне қаупі туралы мәлімдеме жасады
Дәрігер қандай нан денсаулыққа зиян екенін айтты
Қазақстандық дәрігер рактың алғашқы белгілерін атады – неге мән берген жөн
Иллюстративті фото

Батыс Қазақстанда жол апатынан кейін бірден бес адам жан сақтау бөліміне түсті

0
Жол апатынан жалпы сегіз адам зардап шекті. Жан сақтау бөліміне жеткізілгендердің арасында бір жасар сәби бар

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Орал-Ақсай тас жолында болған жантүршігерлік апаттан сегіз адам жарақат алды. Олардың бесеуі, оның ішінде бір жасар бала жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлады "Мой город" порталы.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ВАЗ-21103 және Volkswagen Sharan бүгін күндіз соқтығысқан.

Алматыда полицей қызметтік көлігімен әйелді қағып кетті

"Бөрлі - Ақсай - Жымпиты автожолының 27-шақырымында ВАЗ-21103 және Sharan маркалы көліктер Ақсай қаласына қарай бір бағытта келе жатқан. 37 жастағы Sharan жүргізушісі Пугачево ауылы тұсындағы қиылыста бұрылған, ал 27 жастағы ВАЗ-21103 жүргізушісі көлікті басып озуға әрекеттенген. Осылайша көліктер соқтығысты. Олардың ішінде 8 адам болды, олардың бесеуі жан сақтау бөліміне жеткізілді, оның ішінде бір жасар бала бар", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі жедел жәрдемге қоңырау соғылғаннан кейін дәрігерлер бес минуттан соң апат орнында болғанын хабарлады.

0