Ақша, архивтегі фото

Жемқорлардың аты-жөні жұртқа жария етілді видео

3647
(Жаңартылды 20:50 10.10.2019)
Білім саласындағы жемқорлар туралы видео жасалды. Роликтің басында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева тұр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын бастады. Бүгін астанада арнайы жиын өтіп, сол жерде білім саласындағы жемқорлардың толық тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы вице-министр Суханбердиеваның ісіне қатысты қосымша деректер шықты

Жиналыс кезінде астаналық мұғалімдерге арнайы бейнеролик көрсетілді. Онда білім саласындағы жемқорлардың істеріне шолу жасалады. Роликтің басында бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мен №3 мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваның ісі жайында айтылады. Одан кейін "Кәсіпқор"холдингінің басқарма төрағасы Елдана Сәдуақасованың қылмысы баяндалған. Ол өндірістік құрал-жабдықтарға бөлінген 2,4 миллион АҚШ долларын жымқырып кеткен. Бұдан бөлек, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында болған жемқорлық әрекеттердің толық тізімі жасалыпты. Соның барлығы видеода көрсетілген.

Агенттіктің ақпараты бойынша соңғы үш жылдың ішінде білім беру саласында 450 жемқорлық фактісі тіркелген. Сотқа 355 қылмыстық іс жолданды. Осы қылмыстар бойынша 178 адам сотталды.

3647
Кілт сөздер:
видео, жемқорлық
Тақырып бойынша
Шпекбаев жемқорлықпен күрес қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Президент пара сұрайтын шенеуніктерді атуға рұқсат берді
Ақмола облысында екі полиция полковнигі ұсталды  
Ақорда миллиардтаған қаражаттың жымқырылғанын хабарлады
Алматы облысында бірнеше полицей ұсталды

Қытай пандемияға қатысты жасырын ақпарат жариялады

2
(Жаңартылды 16:15 27.01.2021)
Сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Қытайдың Ухань қаласына барған халықаралық сарапшылар ғылыми зерттеу кезінде кінәлі адамдарды табуға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлады NBC News арнасы.

Сюжет жасаған тілшілер өткен жылы көктемде Ухань қаласындағы вирусология институтының ғылыми базасын жойып тастағанын анықтады. Ол жерде 20 мың жазба болған. Ал осы материалдардың негізінде қытайлық мамандардың пандемияға дейін немен айналысқанын білуге болатын еді. Зертхананың лауазымды тұлғаларының біреуі ондай шешім "қауіпсіздік мақсатында" қабылданғанын айтты.

Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан барған сарапшылардың біреуі қытайлықтар бұған дейін жарияланбаған ақпарат ұсынғанын мәлімдеді. Бірақ сарапшылар тобы оны алдымен жан-жақты зерделеп шығуы тиіс.

"Бұл, шынымен де, саяси астары бар ғылыми сапар және ол кінәлі адамдарды табуды көздейді. Әйтсе де, ғылымға басымдық беріледі. Себебі нақты мәліметтер алдамайды", - дейді сарапшы Питер Дасцак.

Дегенмен, танымал қытайлық вирусологтар инфекцияның өз жерінде шыққанымен келіспейді. Олардың ішінде Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының бас эпидемиологы У Цзунью да бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшылары ондай қорытынды жасау әлі ерте екенін айтып отыр. Себебі зерттеу жұмыстары аяқталған жоқ. Алайда кейбір ғалымдар жаңа вирустың Қытайдан шыққанына сенімді.

"Біз пандемияның Уханьдағы аурудың өршуінен басталғанын сеніммен айта аламыз", - дейді биолог-эволюционист Трэвор Бедфорд.

Осы орайда сюжет авторы Қытайда COVID-19 туралы ашық айтқан ондаған журналист пен өзге адамдардың қамауға алынғанын да еске алды. Соған қарамастан, ДДҰ-ның сарапшылар тобы вирустың шығу жерін әлі де зерттеу керек дейді.

2
Кілт сөздер:
коронавирус, Қытай
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдайға қатысты түсініктеме берілді
"Бұл біздің уәдеміз": Қытай елшісі COVID-19-ға қарсы вакцина туралы айтты
Қытай азаматтары COVID таратты деген ақпарат жарияланды – министрлік не дейді   
Қытай мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топ сотталды – видео
Twitter ұйғырлар туралы жазбадан кейін Қытай елшілігі парақшасын бұғаттады
Вакцина, коронавирус

COVID-19-ке қарсы вакцинаны 5 жағдайда салдыруға болмайды маман кеңесі

327
(Жаңартылды 15:53 27.01.2021)
АҚШ-тың Джордж Мэйсон университетінің жүйелі биология мектебі арнайы зерттеу жүргізген. Мамандар қорытындысын бөлісті

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Өткір респираторлық вирустық инфекция, коронавирус оң тесті, постковидтік жағдай, IgM антиденелері бар болғанда және ауыр сырқат кезінде вакцина салдыртуға болмайды. АҚШ-тың Джордж Мэйсон университеті жүйелі биология мектебінің мамандары осы бес жағдайда вакцина алуға болмайды деп отыр. 

"Мәселен, біз антиденеге қан тапсырып, М иммуноглобулиндері табылса, ағза вирусқа иммундық жауап беруді жалғастырып жатыр деген сөз. Демек, ПЦР-тест теріс нәтиже көрсетсе де, ағза вируспен байланыста. Вирус жасырын болуы мүмкін. Бұл жағдай персистенция деп аталады", - деді биологтар.

Ал постковидтік жағдай деген ағзада IgG, без IgM антиденелерінің болуы. Олар болса, вакцинациядан өтудің қажеттілігі жоқ, деп жазады Lenta.ru7

"Иммуносупрессия немесе склероз сырқаты барлар екпе салдырмас бұрын дәрігерге қаралуы тиіс. Бірақ дәрігерлер де мұндай жауапкершілік алғысы келмейді. Сондықтан ауыр сырқатқа шалдыққандарға вакцина салдырмаған жөн", - дейді мамандар.

Еске сала кетсек, 1 ақпанда қазақстандықтарға COVID-19-ға қарсы вакцина егу науқаны басталады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

327
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Алматылық дәрігер кімдерге вакцина салуға болмайтынын хабарлады
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина мәжбүрлі түрде салына ма – министрлік жауабы  
Қатерлі ісікке шалдыққан науқастарға коронавирусқа қарсы вакцина салуға бола ма?
Тоқаев қазақстандық вакцина салдырады
"Шешім қабылдаған жоқпын": министрлер мен депутаттар қандай вакцина салдыратынын айтты