Нұрсұлтан Назарбаев  домбыра тартып отыр

"Байғұстар кешке дейін жұмыс істейді": Назарбаев отбасы туралы айтты

15870
(Жаңартылды 23:16 11.10.2019)
Тұңғыш президент бос уақытында балаларымен жиі кездескісі келетінін атап өтті. Бірақ олардың уақыты бола бермейді екен

НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан – Sputnik. "Хабар" арнасына сұхбат берген Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қазіргі қызметі жайлы және бос уақытын қалай өткізетінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Менде конституциялық міндеттер бар. Партияның төрағасы ретінде осы саяси ұйымның жұмысымен айналысамын. Қазақстан халқы ассамблеясы бар. Сосын Қауіпсіздік кеңесінің біраз міндеттерін атқару қажет. Қазір бұрынғыдай ешкімді шақырмаймын. Маған сұранатын адамдарды ғана қабылдаймын", - деді Назарбаев.

Елбасы сан алуан халықаралық форумдарға шақырып тұратынын атап өтті. Мәселен, Еуразиялық экономикалық одақтың құрметті төрағасы ретінде сайлаған.

"Бұдан бөлек, түркі тілдес елдер де тура сондай атақ берді. Ондай форумдарда Қазақстанның тағдыры шешіледі. Сондықтан мен ел үшін қызмет етемін", - деп толықтырды тұңғыш президент.

Тағы оқыңыз: Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер 

Ол қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да келіп, ақыл сұрайтынын жеткізді. Ал бос уақытында майлы бояумен сурет салатынын айтады.

"Шынымды айтсам, бос уақыт аз. Дегенмен, бұрын бір арманым болған. Соны ақырындап іске асырып жатырмын. Майлы бояумен пейзаж салып жүрмін. Музей бітеді. Сол кезде көрсететін шығармын. Көрмеге шығару үшін 30 сурет болуы керек дейді. Менде 30 сурет бар. Табиғатты саламын. Енді, шедевр деп айта алмаймын. Дегенмен, достарымның бәрі сұрайды", - деп атап өтті Назарбаев.

Тұңғыш президент домбырадан бөлек гитараны да үйренгісі келіп жүргенін жеткізді.

"Жұмыстан кеткенде жай отыруға болмайды дейді. Ми жұмыс істеп тұруы қажет. Сондықтан мен қазір кітапты көп оқимын. Бұрын оқи алмаған әдебиеттерді ақтарып жүрмін. Саяси әдебиет те бар. Әлемдік әдебиетті де оқып отырамын. Енді, балалар мен немерелер бар. Олармен жиі кездескім келеді. Бірақ ол балалар да, немерелер де өзгерген. Оларда уақыт жоқ. Байғұстар таң атқаннан кешке дейін жұмыс істейді. Ойнауға да уақыт жоқ. Күнделікті кестем осындай", - дейді Назарбаев.

15870
Кілт сөздер:
бала, немере, Назарбаев
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаев қандай нөмірлі көлікпен жүреді
Назарбаев өзін Қытайда кім деп атайтынын білді
Назарбаев дәуірі - президенттің 30 жылдық еңбегі бір видеода
Айсұлтан Назарбаев тегін өзгертті
"Олай болады деп ойламадым": Назарбаев ағынан ақтарылды – видео
Құлаққап, телефон

Құлаққап денсаулыққа зиян келтірмеуі үшін қалай қолдану қажет дәрігер кеңесі

5
(Жаңартылды 10:36 30.11.2020)
Дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған. Дәрігер құлаққап таққан кезде дыбыс деңгейінің қандай болуы қажет екенін айтты

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Дәрігер әрі тележүргізуші Александр Мясников құлаққаптың адам денсаулығына қандай зиян келтіретінін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

"Қауіпсіз құлаққап болмайды. Қауіпсіз – бұл 80 децибел, ал құлаққаптарда 100 және 120 децибел болуы мүмкін", - дейді Мясников "Россия 1" телеарнасының эфирінде.

Дәрігердің айтуынша, адам құлаққапты үш-төрт жыл қолданғаннан кейін есту қабілеті нашарлай бастайды.

Осыған байланысты дамыған елдер халқының 25%-інде 50 жасқа дейінгі азаматтардың есту қабілеті нашарлаған.

Ал құлаққап тағып жүрген кезде адам өз даусы мен жанындағы адамның сөзін еститіндей болса, бұл қалыпты болып саналады. Ал басқа жағдайда дыбысты бәсеңдету керек. Сондай жағдайда құлаққаптар аз зиян келтіреді.

5
Кілт сөздер:
пайдалы кеңес, дәрігер, есту қабілеті
Тақырып бойынша
Ай сайын смартфоннан нені өшіріп тұру қажет - маман кеңесі
Мамандар телефонда қандай смс сақтауға болмайтынын ескертті
Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Ғалымдар ұялы телефонның қауіпті функциясын анықтады
Шымкенттікті телефонның "зарядкасынан" тоқ соқты: жігіт тіл тартпай кетті   
Коронавирус сынама

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан жеті адам көз жұмды

11
(Жаңартылды 10:03 30.11.2020)
Өткен тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты. Пандемия басталғалы 131 659 адамда коронавирус расталды

АЛМАТЫ, 30 қараша – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан жеті адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Ал коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар тіркелген жоқ.

Қазір коронавирус инфекциясынан 13 164 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 905 бала бар. 
Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 222 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сонымен қатар бір тәулікте 794 адам инфекция жұқтырды, 43 адам пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 131 659 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 034 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 42 147 адам пневмонияға шалдықты, 443 адам қайтыс болды.

 

11
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирустың жаңа штаммы таралып жатыр – ғалымдар дабыл қақты
Ғалымдар коронавирусқа қарсы иммунитет қанша уақыт сақталатынын анықтады
ДДҰ коронавирустың үшінші толқыны туралы ескертті
Ғалымдар қай халықтың коронавирусқа көп жылдан бері бейім екенін айтты
Қанша облыс коронавирустың "қызыл" аймағында тұр