Қоғам

Дариға Назарбаева Елбасы өзіне қандай бата бергенін айтты

© Photo : Совет Федерации РоссииСпикер сената парламента Дарига Назарбаева
Спикер сената парламента Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сенат спикері Дариға Назарбаева Ресейге ресми сапары барысында Федералдық кеңес төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті

НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан — Sputnik. Қазақстан сенатының төрағасы Дариға Назарбаева әріптесімен кездесу барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзіне қандай бата бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ол жаңа қызметтегі сапарыммен Ресейге баратыным жақсы екенін айтты", - деді  Дариға Назарбаева.

Сенат төрағасы Елбасы Федералдық кеңес төрағасына сәлем жолдағанын айтты.  

"Ол: Сәлем айт, Валентина Ивановнаны 70-ші жылдардан бері танимын, ескі досым деді. Сондай-ақ, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебізін жеткізгім келеді ", - деді Назарбаева.

Кездесу кезінде Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаева екі елдің азаматтарының сапары кезінде теңдіктің сақталмағанын айтып өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресейге келетіндерге бірдей мүмкін беру керек.

Тағы оқыңыз: "Қате жоқ па?": Матвиенко Мәскеуде Назарбаеваны қалай қарсы алды – видео

"2014 жылдан бері қазақстандықтардың Ресейге, ал ресейліктердің Қазақстанға келуіне байланысты паритет жоқ. Яғни визалық режимге сәйкес, қазақстандықтар Ресейде 90 күн ғана бола алады. Кейін елден шығып, 90 күннен кейін ғана Ресейге келеді. Ал ресейліктер Қазақстанда 90 күн болады, кейін елден шығып, дәл сол күні қайта оралуына мүмкіндік бар",  деді Назарбаева.

Қазір Ресей тарапы бұл мәселені қарастырып жатыр.  

Жаңалықтар
0