Қоғам

Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы бір атақ берілді

© Photo : АкордаПрезидент Казахстана Нурсултан Назарбаев
Президент Казахстана Нурсултан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның тұңғыш президентіне Жапонияның жетекші университеттерінің бірінің құрметті докторы атағы берілді

НҰР-СҰЛТАН, 23 қазан — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Цукуба университетінің құрметті докторы атағы берілді, деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Салтанатты шарада түсірілген суреттер әлеуметтік желіде жарияланды.

Цукуба университеті – Жапонияның жетекші ұлттық университеттерінің бірі. Жоғары оқу орнының тарихы 130 жылдан асып жығылады.

Еске салып өтсек, Елбасы Жапония астанасына император Нарухитоның таққа отыру рәсіміне қатысу үшін барды. Салтанатты шара 22 қазанда Император сарайында өтті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі🇰🇿 (@elbasy_nazarbayev)

Нұрсұлтан Назарбаев императордың таққа отыру рәсіміне фрак киіп барды. Елбасының баспасөз хатшысы жапон тарапының бұл шараға тиісті дресс-код белгілегенін айтты.

Сондай-ақ сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті.

Жаңалықтар
0