Қоғам

Назарбаевтың теннисшілермен кездесуі кезінде күтпеген оқиға болды – видео

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуРабочая поездка В.Путина в Казахстан
Рабочая поездка В.Путина в Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы королімен теннисші Рафаэль Надальдің телефоны арқылы сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Испанияның бұрынғы монархымен телефон арқылы бейресми сөйлесті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Тағы оқыңыз: Қазақстандықтардың тегіне "Нұр" қосыла ма – министрлік жауап берді 

Хаттамада көрсетілмеген бейресми қоңырау Рафаэль Надаль мен Новак Джоковичтің Назарбаевпен кездесуі кезінде, аяқ астынан соғылды. Қос теннисші Нұр-Сұлтан қаласына қайырымдылық матчын өткізуге келген болатын.

"Теннис матчы алдында Рафаэль Надаль Нұрсұлтан Назарбаевқа Испанияның бұрынғы королі Хуан Карлос I-дің жылы лебізін жеткізді. Елбасы теннисшіге алғысын білдіріп, Рафаэльден досына сәлем айта баруын өтінді", - деп жазды Үкібай.

Кенеттен Рафаэль Надаль Испанияның бұрынғы монархының телефон нөмірін теріп, тұтқаны Елбасыға берді.

Үкібай жариялаған видеодан Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы жылы жүзбен сөйлесіп жатқанын көруге болады.

​Қазақстан астанасына бір күндік сапармен келген әлемдік теннис жұлдыздары Новак Джокович пен Рафаэль Надаль арасында қайырымдылық матчы өтті.  

Жаңалықтар
0